+1 дауыс
11.9k көрілді
Өмірім өмір емес,не істесем болады өмірге деген құлшынысым жоқ,иә дұрыс ата-анам бар кұдайға шүкір,достар,мұгалім,сабақ,жігіт дегендермен көбіне басымнан арылмайды,мені бір қуантатындай досым жоқ,мені бәрі жек көретіндей,маган ешкім көңіл бөлмейді,маған бұнын бәрі қиын,мен не істесем болады,мен осындайдан басып қатты ауырады,әлім жоқ,бір пенде сияктымын,өмірім өмір емес..?

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл уақытша депрессия болар, түн батса жүрек сыздап, ұйқың қашып, уақыт та сенің жауың сияқты өтпей қояды. Мұндай жағдайда жыласаң да,жыламасаң да бәрібір еште шешілмейтіні белгілі. Керісінше стресс, онсыз-ақ шаршап жүрген ағзаны одан сайын күйретіп жібереді. Сондықтан құрбым, үйде отыра берген сайын қинала бересің, одан да шопинг жаса, бір зат сатып алуға қаржың болмаса да,жәй супермаркеттерде қыдырып, жаңа киімдерді көріп осыны келесі рет аламын деп өзіңе тамсан. Сұлулық салондарына бар, болмаса уйде де "сұлулық салонын" ашып жіберіп, эксперименттер жаса,осыдан әдімі болып кетпесең бар ғой!)) Сосын жалғыз қалма, қалсаң бітті көзіңе жас келіп анау-мынауды ойлап кетесің. Қайта "он екі мүшем сау, туысқандарым аман, Аллаға шүкір" деп жақындарыңның арасында бол.Тағы да айтарым, сәтсіз, романтикалық ән тыңдамау, фильм көрмеу. Керісінше,өзіңді жігерлендіретін позитивті әндер тыңда,қосылып ән айт)) Болды, уақыт-емші,өте келе бәрі өзі-ақ  керемет болып кетеді. Орыстардың мына фразасын жаза кеткім келіп отыр - "Жизнь слишком коротка чтобы тратить ее на плохое настроение", сондықтан түңілме, сәттілік!
0 дауыс
Саған ең алдымен өзіңе деген көзқарасты өзгерту керек. Өмір адам баласына бір рет беріледі, сол қысқа ғұмырда өзіңнің толыққанды өмір кешуіңе жағдайды өзің жасайсың. Қазіргі таңда адал дос, сырлас табу өте қиын. Оларды сен алсыстан, таныстарыңның арасынан іздемес бұрын, ең алдымен өзіңмен өзің дос бол, өзіңді сыйла, өзгенің алдында өз мерейіңді түсірме. Міне сонда ғана өзгелер сені сыйлап, бағалай бастайды.
0 дауыс
Неге ол адамдар сізді жек көретіндей деп ойлайсыз, бәлкім сіз барлығын жек көретін шығарсыз. Өмірге оң көзіңізбен қараңыз,  Оларды да түсінуге тырысыңыз. Әркім өз жолымен жүріп жатыр,  сіз бір сәтте болса адамдарға жылы шыраймен амандасып жүздесіп жүрсеңіз, жағдайыңыз оңалып кететініне сенімдімін.  Ашылыңыз,  тұйық болмаңыз жан-жақпен қарым-қатынас ұстай біліңіз. Үйде қамалмай таза ауаға шығып ойлан жазғандарыма, қатені біреуден емес алдыменен өзіңнен ізде, және соларды жөндеуге тырыс.
0 дауыс
Адам болып туылғанына шүкіршілік ет, деніңнің саулығын ойла
0 дауыс
Салем! Асем!!!  "Өмірден шаршадым" деме... Өмір адам баласына бірақ рет беріледі өмір сұру керек ... Өмірге келгеніне куан . Сені тусінбейтін достарын аз босада алақ жаксыларын табасын мендеде Достарым аз..!!! Дос болгын келеме менимен? танысайык??....
+1 дауыс
 мына  роликті қараңыз!!  дені сап сау  адам қалай өмірден шаршайды түсінбейміН?! бір ғана  айтарым психологқа  барғының дұрыс !! білікті маман ғана  көмектесе  алады!!
0 дауыс
Мінезінді түзе, сыныптастарына жақын болуға,ашық мінезді болуға,сыныптастарына көмектесуге тырыс
0 дауыс
дос жоқ болса, проблема өзіңде деген сөз) өзіңнің ең жақын адамыңмен сөйлес, көмектеседі)
0 дауыс
Ислам дінін білмейтін адамның өмірі осылай болады. Сіз Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадистерін оқыңыз, өзіңіздің бойыңызға керемет энергия береді;)
0 дауыс
Я менде шаршадым. Бариненде  ешкимнин созин котере алмайм. Бирак шукир аллага отбасым бар. Бирак ата ене бар уйде отырганыма 11 жыл болды. Ари карай тусынетын шыгарсыздар.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
Қазақ баласы (кешіріңіз, атымды жариялағ 11.11.2023 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
...