+2 дауыс
32.2k көрілді
Бәріне сәлем! Биыл бұйырса ҰБТ тапсырамын. 5-таңдау пәнім география. Осы пән бойынша маркетинг деген мамандық бар екен.. Жалпы маркетинг деген не? Соны таңдасам қандай мамандықты игеріп шығамын?? Қандай жерлерде жұмыс жасауға болады?? Тағы бір сұрайтыным  география пәні бойынша сұранысқа ие мамандықтар бар ма?

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ғылым ретінде маркетингтің отаны АҚШ саналады, осыдан маркетинг анықтамасы бұл – өндірістік өткізу және ғылыми – зерттеу басқару жүйесі.
Маркетинг – нарық талдауын қажет ететін, серіктестікті басқарудың жүйесінің бір түрі. Маркетингтің басты мақсаты – бул табыстың жоғарылауы болып табылады.
Маркетинг қызметінің мақаты –тұтынушының тауарға немесе қызметке қажеттілігін тудырып, содан соң сұранысынқұрастыру.Маркетинг қызметінің кандидаттарына қатал талаптар қойылады:
- Жақсы дамыған талдау, қатынас жасау біліктілігі;
- Ойлау қабілетінің жоғарғы дәрежесі;
- Әлдеқандай жағдайларда дұрыс шешімін таба алу.
Жеке тұлғаның қасиеттері:
-креативтік, мақсатқа жету қабілеттілігі:
- талаптылық, жауапкершілік;
- ұйымдастыру жұмысын жоспарлау қабілеттілігі;
-Біліктілік, өзіне сенімділік, жетістікке ұмтылу қабілеті.Сонымен, маркетинг – бұл мекемені басқарудың бір жүйесі, нақты талдау арқылы нарықтағы жағдайларға сәйкес дұрыс шешімдерді қабылдау. Маркетинг мақсаттарынның бірі – максималды табыс табу. Ол әртүрлі деңгейде қолданылады – жекеден бастап мемлектеттікке дейін, өте динамикалық, нақты жағдайларды көруге мүмкіндікбереді, ол өндіріс пен нарық арасындағы, нарық пен тұтынушылар арасындағы жағдайлар.
+2 дауыс
Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
[толық ][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%B3
0 дауыс
Ондай керім мамандық емес, шамалы!
–1 дауыс
tauarlardyn tez otui uwin reklama jasaisyn
0 дауыс
қысқаша айтқанда тұтынушы сұранымын зертеу сол арқылы жарнама жасайды.
0 дауыс
Маркетинг таңдасаң еш жерден жұмыс таба алмайсың. Сұраныс аздау.
...