–1 дауыс
28.6k көрілді
Бата дегенды қалай түсiнесіздер?

12 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ассаламу алайкум!Бата деген ол дұға жасау өз қажетімізді Аллаһтан дұға жасап сұрау қазақ халқы бата дейді бата ғибадаттың маңызы Батаны тек Аллаһтан сұрайды өмірден өткен ата баба әруағынан емес немесе Қызыр А.С(Қыдыр А.С)атын қосып бата беру Аллаға серік қосып бата қайыру дұрыс емес. Батаны тек қариялар берсін деген қатып қалған қағида жоқ аузында насыбайы аузына Алланы алмайтын қариядан бата сұрау күлкілі, дұғаның қабыл болуы үш жағдайда болады бірінші сұраған кезде тілектің орындалуы екінші кешігіп орындалуы  үшінші қияметте орындалуы,үш адамның дұғасы Аллаһтың қалауымен мүлтіксіз орындалады 1)әкенің перзентіне жасаған дұғасы 2)Мүсәпір жолға шыққан жолаушының дұғасы 3)Мазлұм яғни себепсіз біреуден зиян көрушінің жасаған дұғасы,батаны стаканмен беруде дұрыс емес стаканға орыстың суынан құйып алып бата беретіндер де бар екі жасқа тілек білдіретін, бата қабыл болады пенденің тамағынан арам нәрсе өтпесе тамағымыз арам асқа толып бата берсек ол ешқашан қабыл болмайды.
Толық келісемін!
Олай болса сен, бесіктен белі шықпаған кішкентай баланың батасын алып жүре беретін шығарсың?  Сонда үлкенге ізет дегенді қайда қалдырдың?  Қазақ халқы батаны үлкен қариялардан сұрайды,  аузынан емшек сүті кетпеген кішкентай баладан емес..
+1 дауыс

Бата-адамға берілетін жақсы лебіз. Жақсы бата алған адамның көңілі көтеріліп жүреді. Бата беру өте жақсы дәстүр.

+2 дауыс

бата деген менің ойымша көңілге демеу, болашақта арманың орындалуан тигізер пайдасы мол үлкеннің рухани тілегі!

 менің ойымша бір ауыз сөзбен айтканда осылай! ал бұған Зейнеп Ахметова жауап берген екен: http://adyrna.kz/?p=1546  осы жерден оқи аласыз!

 

+2 дауыс
Қарасай батырдың батасы

- Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы ұл – көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алың-дар. Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы, көпке салса – дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен елің-нің, жеріңнің қамын ойлаңдар, сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын табатын, көпті ұйытатын әділ биді қастарыңа алыңдар!

Биік төбеге шықсаң – көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң – көңілің ашылады.
Ақылды бимен болсаң – дауың басылады,
Хас батырмен бірге жүрсең – жауыңды қашырады.
Құтты адаммен қоңсы қонсаң – аруағыңды асырады.
Арың жақсы болса – сөзің елде тұрады.
Балаң жақсы болса – елінің асыл шырағы.
Қызың жақсы болса - өрісті болар тұрағы.
Жақсы жан ешкімді жатыр-қамайды.
Жан жолдасың ешуақытта алдамайды.
Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды.
Арғымақ аттың баласы аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Жала сөз тірідей қаралайды,
Жақсы сөз дем берер,
Күш-қуат, ән берер.
Болат қайнауда шынығады,ер ат үстінде көп жүріп,
Ел үшін аз тынығады.
Бұл айтқанымның көбісі –
бұрынғы өткен атам қазақтан қалған асыл сөз. Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын! Батам қабыл болсын! Жортқанда жолдарың болсын!
Әумин!

Қазақта дәмге, тойға ар-налған баталардан басқа, берілген сыйды алғаннан кейін де айтылатын бата, сақтық бата-сы дейтін де баталар кездеседі. Осы баталардың ішінде ел есінде көптен бері сақталып келе жатқан сақтық батасының, той батасының түрлері аз емес.

Сақтық батасы
Уа, құдайым, тілегімді қабыл ет,
Иманымды кәміл ет!
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақ-та.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек бақылдан сақта.
Көк айыл қатыннан сақта.
Кеудесін керген келіннен сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Ұятсыз қызыңнан сақта.
Түнеріп атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз болған жазың-нан сақта.
Қарсыз мұздақ қысыңнан сақта.
Жастарында әдеп жоқ,
Құр айғай, шуыңнан сақта.
Алдыңнан бақытың ашылсын,
Қызыр Ілияс барлық пәлені қашырсын.
Аллаһу акбар!

Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол: «А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», - деген сөздермен басталып, сөз түріндегі баталар: «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды, сары тісті (түсті деп те айтады) қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», - деген ақ тілекпен де аяқталады. Дастарқанға бата бергенде оны «Дастарқаның мол болсын, абыройың зор болсын!», «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін!», «Дас-тарқаның берекелі болсын, өмірлерің мерекелі болсын!», - деп те қайыратындар бар.

Бата берілген кезде жи-налған жұрт та қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!», - деп айтып, тыныштық сақ-тауға, бір-бірімен сөйлеспеу-ге, ыржалақтап күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.

Кейінгі кезде Мұзафар Әлім-баев, Фариза Оңғарсынова, Тұтқабай Иманбеков, Сейфол-ла Оспанов, Оразақын Асқар, Сейсен Мұқтарұлы тәрізді ақын-жазушыларымыз ас-қа, тойға, әртүрлі қуанышқа, жас келін, ұл-қызға арнал-ған баталар жазып, оны ха-лық жаттап алып, қуаныш-қызықтарында айтып жүр.

Фариза Оңғарсынова:
Жас жұбайларға бата
Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шаттық үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!
Көлденең кеселден,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан сақта-сын,
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың аруағы
Өздеріңе жар болсын!
Әумин!

Батаменен ер көгерер,жауынменен жер көгерер.

0 дауыс
Бата - Жақсылыққа жол ашады, ырыс-ынтымаққа шақырады!!
0 дауыс
бирде базарга кирип келе жатып , бир улкен ажейдин енкейип кайыр сурап турганын кордим. Алаканына карасам, килен 5-10 тенге . Содан сомкемди ашып колына 500 тенгемди устата салдым. 500 тенге акшаны корип , ажейдин жылап,  жерге кулаганы журегимди ауыртып жиберди. Сонда жылап жатып аженин маган берген батасы "Алла тилегинди берсин ,Алла тилегинди берсин,Алла тилегинди берсин каргам !!!"- деп неше рет айтканын билмейм, осы батасын кайталап , жылай берди . Не болсада , оте мухтаж аже екени коринип турды . Осы окиганын сондай журегимди ауыртканы , енди ешкимге акша устаткым келмейди. Неге айтып отыр демениздер , "бата " дегеннен шыгып кетип жатыр гой..........
0 дауыс
Бата араб тілінің ''фатиха''деген сөзінен шыққан.Фатиха-Құранның ең бірінші сүресінің аты.Батаны дұға деп те айтсақ болады.Ол ''тілеу'','' жалбарыну'','' сүрау'' деген мағыналарды білдіреді
0 дауыс
Қазақтың Батамен бірге ғұмыр кешіп келе жатқан ұлттық рәмізі
Бата[1][2], бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.[3]
 
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.

 
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халкының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
 
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
+1 дауыс
Үлкендерден бата алсаң ол міндетті түрде қабыл болады.Сол себебтіде сен қайда барсаңда сен үлкендерден бата алу керек.
МІНЕ,  МЫНАУ СЕНІҢ ЖАУАБЫҢ ДҰРЫС,  БАСҚАЛАРЫ ҚУЫП КЕТІПТІ, ДІНДІ АРЛАСТЫРЫП.
 Негізі көненің көзі, көпті көрген  үлкен қариялар бата береді, өзінен кейінгі жастарға !
Бата деген ол үлкеннің жастарға айтқан өсиеті, тілегі.
0 дауыс
Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді.  Осы сөздің мағынасын дұрыс түсінсең болды, ол әркімнің миындағы түйсігіне байланысты.

Мысалы: Сен жолда машинамен келе жатып, бір қарияны машинаңа отырғызып баратын жеріне жеткізіп, оның 500 теңгесін алмай ақ, батасын алсаң саған сол пайда береді. 500 тенгемен ешкімнен асып кетпейсің, ақшаң көбейіп кетпейді, Ал батамен сенің жолың болып, көптеген қиындықтарда жолың ашық болады.  Шындап келгенде ол үлкен тәлім-тәрбие.   Батаны кішіден алмайды, үлкеннен алады есіңде болсын. Бұның мән-мағынасы, маңызы өте тереңде жатыр ,түсінген адамға.
0 дауыс
Ия сен дурыс айтасын!!!!братаны улкен кариялар айтады!!!мысалы:аска бата,кызга улга бата,тусаукесер болганда бата береди!!!негызынде баталардын турлеры оте коп!!!!бырак мен осыларды гана жаздым!!!!сызге коп коп ракмет коп!!!!

Балдай бала бол,

Нардай дара бол!

Таудай таланты,

Фарабидей дана бол!
0 дауыс
Батамен ел көгереді ,жаңбырмен жер көгереді деп босқа айтпаған. Қазақта батаны қариялардан, данышпан, дана ,ақылгөй адамдардан алған. Себебі көпті көрген кісілер кейінгі жас ұрпаққа өздерінің ақылын , берер кеңесін айтады. Бұл өлең үзінділерінде "біз Абай атамыздан бата алмасақ оңамызба. Атамыз бізге бар ақыл кеңесін аямайды. Бізді қолдап қорғап жүреді" делінген.
...