+1 дауыс
61.1k көрілді
Ана туралы ұзақ тақпақтар керек еді?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ана деген – ұлы есім!

О, Ана!

Неткен ұлы есім ең!

Тұрса да қажып тағдыры,

Бар шаттығым – бала деп,

Тәнін торлап таң нұры,

Мін бақпай ұрпақ өсірген.

Бар қатені кешірген,

Жасайды мәңгі аруана

Жалғасып тарих көшімен.

Асаудай асыл бейнесі,

Кетпейді адам есінен.

Баласын басса бауырына,

Нәр тамған ақ төсінен.

Бармақтай жатқан бақытты

Артық көрген өзінен.

Ол – сәби, сонда жылайды,

Ынтызар көмек сұрайды,

«Іңгә» деген сөзімен.

 

О, Ана!

Неткен ғажап есім ең!

Сен дегенде елжіреп,

Сен дегенде көсілем.

Сен дегенде шалқимын,

Болаттай жанып, балқимын.

Ақшақардай айналып,

Қыл гүліндей жайқалып,

Самалың боп аңқимын.

Сен үшін тартып тауқымет,

Найзағайдың ұшқынын

Жүрегіме шаншимын.

 

О, Ана!

Неткен жеңіл есім ең!

Үш әріптен құралып,

Үш жүзді жалғастырып ең.

Мәңгіге мұрағаттаулы

Баға жетпес шежірең.

 

Тыңдаушы, бір сәт елең ет!

Айтуға жеңіл емес пе?

«Ана» деп тіл қат, керемет!

 

О, Ана!

Неткен асыл тұлғасың!

Қиын кезде мұңдасым,

Қуанышты сәттерде

Өзіңсің тағы жырласым.

 

О, Ана!

Мейірімді жан едің!

Бір қолыңмен бесікті,

Бір қолыңмен әлемді,

Тыныштық бағып тербедің.

 

О, Ана!

Шабытымды шарпыдың,

Жағаладым жалыныңды.

Қасиетің ба, қадірің ба?

Идірдің алпыс екі тамырымды.

 

О, Ана!

Тірегім де өзіңсің,

Жүрегімде өзіңсің,

Айтатын әркез сөзімсің.

Өзіңсің ана, өзіңсің,

Аз қызыққа мәз болған,

Көкірегіңе наз толған,

Жатқа кетсем төрімсің.

Іс бастаған оң қолдан,

Бата беріп оң жолдан,

Құлыным дейсің аймалап.

Айналайын, ана жан,

Мадақтауға тұлғаңды,

Жалықпаймын қайталап.

Дұрысымды асырған,

Бұрысымды жасырған,

Мен гүл болсам қырмызы,

Сенсің ана – жайған бақ!

 

О, Ана!

Неткен байтақ едің сен!

Жер анадайсың керілсең.

Иен құшағың бірде тар,

Бірде шексіз, бірде жар,

Қасиетіңнен айналдым!

 

Бұрымды шашың толқындай,

Майланған өзен сияқты.

Жанарыңа жас толмай,

Бастаудан бойлап ол ақты,

Кей кезде таңғы шықтардай,

Тұрады мұңмен мөлдіреп,

Кірпігіңе жармасып,

Үзілейін деп үлбіреп.

 

О, Ана!

Неткен қамқор жан едің!

Білегіңді сыбанып,

Әлденеге қуанып,

Тынып таппай жүресің.

Қабақты да шытасың,

Жібек көйлек кепкенше,

Сондай жайлы мінезің!

 *

Анама

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

 

Ана, жаным, жүре берші қасымда,

Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?

Әркез маған бата беріп жол нұсқап,

Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».

 

Сұм тағдырды кешіп өттің басымнан,

Сондықтан да ширақ болдың жасыңнан.

Кешір ана, қателессем кеше көр,

Бірақ алыс кете көрме қасымнан.

Авторын бере аласыздарма
+1 дауыс
АНАМ, САҒАН!
Қозы бағып жүргенде,
Жаңбыр жауды.
Бір тамшысын әкелдім,
Анам, саған!
Гүлдер жауып кетіпті
Қырды, тауды.
Бір шоқ теріп әкелдім,
Анам, саған!


АНАМЫЗ БАР МЕЙІРЛІ
Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.

Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.

Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек


"АНАНЫҢ СҮЮІ" Ы.АЛТЫНСАРИН
Кім сендерді  балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.     

Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
0 дауыс
АНА ҚАСҚЫР Солтүстіктен самиян самал есіп, Сызықтар мен түзіктер барады өшіп.. Неліктен мына бұта жалаңаш тұр? Қасіретке душар ма,қара басқыр. ..Қашып кеп ажалынан бой тасалай, Жар ағашқа тірелді Ана қасқыр. Қалды кенет, қорқаулар құрсауында, Шарасыздық салмағы мұнша ауыр ма? Құзғын жыртқыш ғұмырдың, соңғы үміті - Бөлтірігі болатын құрсағында. Қанды тілін қайыра шайнап төніп, Қара тасқа азуын қайрап келіп. Іштегі өмір үшін, сыртқа сыймай, Сәбиі үшін,тұрды Ана, айбат шегіп! Осып өтіп, тырнағы хас тарланға, Қан аралас жанардан жас тамғанда. Ар үкімі қалықтап асқарларға, Тіршіліктің күресі басталғанда, Дүние жатқан шақта көшіп алда, Осы тәулік, осы сәт, осы маңда. Аңырап бесік мола, кілең, төбе, Адамзат деп аталар ұлы өлкеде. Қарайып күн шатқалы, Қарайып қырға біткен гүл шоқтары. Жатқандай жын соққалы, Сәбиін алдырмақ боп құрсақтағы. Қаралы әйел! кем түсер қай ғаріптен, Туа сала өлімді ойланып пе ең? Ойланып пе ең бітер деп сәтте арасы. Жазықсыз перзентінің бойға біткен, Тағдырына тас атып жатты Анасы.. Неліктен бесік іші жалаңаш тұр? Қасіретке душар ма,қара басқыр. Тасқа біткен жүрексіз мына, әйелге, Жүрегіңді берші сен, Ана қасқыр?! Табиғаттық тылсымға таңдай қағып, А, Құдай, кетсем бе екен Аңға айналып. Қазулы кеуделерге қөрге айналған, Ақсиып азу тісім, шамдай жанып!

Ұқсас сұрақтар

...