0 дауыс
14.3k көрілді
Қымыз дайындағанда қосады дейді. Киікоты деген не?

5 жауап

+1 дауыс
Киікоты - жағымды иісі бар далада өсетін өсімдік. Атынан-ақ киік оттайтын шөп екенін анық баңғаруға болады. Ал қымызға қосатыны туралы бейхабармын.
+1 дауыс
Қымызға қоспайды (қымыз салат емес қо!). Киікотымен торсықты, сабаны ыстайды. Сонда оған құйылған қымыздан киікотының дәмі шығып тұрады, әрі ыдыс өңезденбейді. Жалпы ыдысты киікотынан бөлек қарағайдың қабығымен, тобылғымен т.б. ыстауға болады. Қазақ атам біліп істеген ғой.
0 дауыс
Қымыз дайындағанда қоспайды , қымыз дайындаған кезде қымызды сол киікотымен сабап , араластырады . Және киікотының ерекше дәмі мен иісі сол қымызға сіңеді . Қымыз пайдалы әрі дәмді болады.
0 дауыс
Киік оты иісі жұпар аңқыған емдік   қасиеті мол шөп. Киік отынмен қымыз пісетін күбіні ыстап, қымыз піскенде ішіне бір екі талын қосса қымызға керемет дәм береді. Бұл киікотын Түлкібас тауларының етегінде, Ақсу жабағылы тауларының етегінде өседі. Ол жақта тұратын үлкен қариялар қан қысымы көтерілгенде қалыпқа түсіреді деп осы киік отынды шайға қосып демдеп ішеді. Кешкі астан соң шайға қосып демдеп ішсе астың қорытылуын жақсартады . Тыныс жолдары ауырғанда, жөтелге де емдік қасиеті зор.
0 дауыс
Салеметсиз бе киготы деген денсауыкка пайдасы бар. Чайга косып ишеде болады. Денсаулыкка пайдасы бар.

Ұқсас сұрақтар

...