+1 дауыс
Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Қымыз түрлері. Бие сүтінен ашытатын қымыздың қандай түрлері бар?
21.04.2015 3.6k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.

Солардың негізгі түрлері мыналар:

Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;

Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;

Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;

Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;

Бал қымыз – бал, қант секілді тәтті қосып жуасытқан қымыз;

Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;

Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;

Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;

Жуас қымыз–баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;

Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз.
21.04.2015
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы