Киік оты иісі жұпар аңқыған емдік қасиеті мол шөп. Киік отынмен қымыз пісетін күбіні ыстап, қымыз піскенде ішіне бір екі талын қосса қымызға керемет дәм береді. Бұл киікотын Түлкібас тауларының етегінде, Ақсу жабағылы тауларының етегінде өседі. Ол жақта тұратын үлкен қариялар қан қысымы көтерілгенде қалыпқа түсіреді деп осы киік отынды шайға қосып демдеп ішеді. Кешкі астан соң шайға қосып демдеп ішсе астың қорытылуын жақсартады . Тыныс жолдары ауырғанда, жөтелге де емдік қасиеті зор.