+1 дауыс
57.4k көрілді
Койдын куйрык майы адамга каншалыкты пайдалы жане оны кыздырып адамнын ауырган жерiн укалап жакса пайдасы тие ме?

5 жауап

+1 дауыс
Қойдың құйрық майын шыжғырып, жылы күйінде 100 грамм ішсеңіз жөтелді басып, қақырықты түсіреді
және одан жасалатын тағам
Қой құйрығынан дайындалған тағам. Аты қалай екенін білмедім. (тақырыпты жәй жаза салдым) Өзіме ұнады. Бұны май жей алмаймын дейтіндер қалай жегендерін байқамай қалады. Сонымен дайындалуы:

Пісірілген құйрық майды салқындатып аламыз да жұқалап жалпағынан кесеміз.
Майдалап сарымсақ турап аламыз да оған қызыл, қара бұрыш және майонез қосып
жақсылап араластырамыз.
Енді дайын қойыртпаны тілімделген майға жағып қайта қатпарлаймыз. Арасына
қалауыңызша шұжық қоссаңыз да болады.
Соңында тоңазытқышқа саламыз да біраз уақыт салқындатамыз. Бітті. Пышақпен
қыршып ал да жей бер. Қосқан бұрыш, сарымсақтар майдың жүрек айнытатын қасиетін
азайтып тастайды. Тымау, сымаудың алдын алуға жақсы пайдасы бар.
<img src="
0 дауыс
семиресин куштигоооооо  ауылда болганда  кунде жеитин едик
0 дауыс
Негізі қазіргі заманда малдың майын мейлінше аз қолданған дұрыс болады. Деп кеңес береді дәрігерлердің өздері де.
Өзім малдың майын тек тойларда болмаса ет асқанда сорпамен болмаса, былайынша күндері мүлдем қолданбаймын.
Пайдасы жоқ емес, бар! Мазь/гель/крем ретінде пайдалануға болады.
Обшым колит (тоқ ішектің қабынуы) малдың майын жегеннен кейін артынан салқын су ішсе әлгі май ішекте қатып қалады, вот тебе и колит. Сіңірілуі қиын, ауыр тағамғаа жатады. Жегеннен кейін бірден ұйықтаа асқазанға зияны тиеді.
/////
Пайдасын жоғарыда жазылды ғой, қайталаудың қажеті жоқ :)
0 дауыс
сенің құйрық майыңнын қаншалықты пайдасы бар!
0 дауыс
қойдың құйрық майын алып, жалпағынан тіліп алу керек, тіліп алынған құйрық майдың қалыңдығы 1,5-2,0 см болуы тиіс. ал көлемі шамамен адам алақанындай болады. салмағы шамамен 200гр. болады. Осы бір жапырақ құйрық майға:  тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш және ұсақтап туралған 7-8 дана сарымсақты қажетіне қарай жағу керек. Демдеуіштер жағылған құйрық майды бір шетінен бастап орап- РУЛЕТ жасап, жіппен орап тастап тау керек. Рулет тәріздес оралған құйрық майды целлофан пакетке  салып ішінде ауа қалдырмай орау керек. Осы әрекеттен кейін  екінші целлофан пакетті алып , жаңағы пакетке салынған  рулетті екінші пакетке саламыз(бұл тәсіл; пакет ішіне су кірмеу үшін жасалады, сондықтан үшінші пакетке салсада артық етпейді). Енді кастрюльге екі литр су құйып,осы кастрюльге жаңа ғана пакетке оралған РУЛЕТТІ салып бір жарым сағат бойы отқа (газге) қойып қайнатамыз. Белгіленген уақыт өткен соң, кастрюльді оттан алып, суығанша күтеміз. 4-5 сағат уақыт өткен соң рулетті кастрюльден алып, пакеттетерден аршып аламыз. Рулетті тарелкаға салып 4-5 сағатқа тоңазтқышқа саламыз. Дайын болған тағамды шетінен кесіп алып, нанға қосып, таңертең екі-үш түйірін жесеңіз күні бойы қарныңыздың ашқанын білмей жүресіз. Дәмін айтсаңызшы дәмін. Дәмі дегенің түл үйіреді ғой шіркін.
...