қойдың құйрық майын алып, жалпағынан тіліп алу керек, тіліп алынған құйрық майдың қалыңдығы 1,5-2,0 см болуы тиіс. ал көлемі шамамен адам алақанындай болады. салмағы шамамен 200гр. болады. Осы бір жапырақ құйрық майға: тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш және ұсақтап туралған 7-8 дана сарымсақты қажетіне қарай жағу керек. Демдеуіштер жағылған құйрық майды бір шетінен бастап орап- РУЛЕТ жасап, жіппен орап тастап тау керек. Рулет тәріздес оралған құйрық майды целлофан пакетке салып ішінде ауа қалдырмай орау керек. Осы әрекеттен кейін екінші целлофан пакетті алып , жаңағы пакетке салынған рулетті екінші пакетке саламыз(бұл тәсіл; пакет ішіне су кірмеу үшін жасалады, сондықтан үшінші пакетке салсада артық етпейді). Енді кастрюльге екі литр су құйып,осы кастрюльге жаңа ғана пакетке оралған РУЛЕТТІ салып бір жарым сағат бойы отқа (газге) қойып қайнатамыз. Белгіленген уақыт өткен соң, кастрюльді оттан алып, суығанша күтеміз. 4-5 сағат уақыт өткен соң рулетті кастрюльден алып, пакеттетерден аршып аламыз. Рулетті тарелкаға салып 4-5 сағатқа тоңазтқышқа саламыз. Дайын болған тағамды шетінен кесіп алып, нанға қосып, таңертең екі-үш түйірін жесеңіз күні бойы қарныңыздың ашқанын білмей жүресіз. Дәмін айтсаңызшы дәмін. Дәмі дегенің түл үйіреді ғой шіркін.