Жалпы ән туралы | 540 қаралды
540 қаралды
Балқадиша әнінің минусы мен сөзін тауып беріңдерші! ӨТІНІШ

3 жауап

Сөзі:
Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,
 Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!
 Сексен қыз, серуенге шықсадағы-ау,
 Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!

 Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,
 Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!
 Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,
 Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!

 Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
 Күйеуің сексен бесте, о-шіркін, шал Қадиша!
 «Кетті» деп Балқадиша естігенде-ей,
 Талында Жыландының құшақтап қара жерді,
 Еңіреп, жылағаным-ау, жан Қадиша!
Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!
Сексен қыз, серуенге шықсадағы-ау,
Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!

Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,
Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!
Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуің сексен бесте, о-шіркін, шал Қадиша!
«Кетті» деп Балқадиша естігенде-ей,
Талында Жыландының құшақтап қара жерді,
Еңіреп, жылағаным-ау, жан Қадиша текст

Ақан Cерінің бұл өлеңі совет үкіметі кезінде өзгертіліп тасталған. Өзгертілген әнді естігенде Балқадиша апамыздың өзі шошыған. 

Балқадиша 1883 жылы туылған. 1904 жылы 21 жасында Сүлейменге тұрмысқа шыққан. Сүлеймен 1877 жылы туылған, үйленген кезінде 27 жаста болған. Яғни, ешқандай сексен бестегі шалға шықпаған! Екеуінің балалары бар.  Балқадиша күйеуі Сүлеймен екеуі Кеңөткелдің зиратына жерленген.

Бұл өлеңнің өзгертілу себебі сол кездегі советтік идеология болуы мүмкін. Сол кездерде совет үкіметі қазақ әйелдеріне өтірік идеология үгіттеп, қазақ билігіне, дініне қарсы шығуға шақырған.

118,505 сұрақ
305,570 жауап
153,302 пікір
67,985 қолданушы