Болашақты кім болжап білер дейсіз?! Бәріміздың ортақ тілегіміз іргеміздің берік, ел ішінің тыныш болғаны ғой. Жаһандану заманында, барлық елдің экономикасы "еркін сауда" деген бір тайқазанда қайнап жатқан заманда, шетелдік компаниялардың түгелімен ығыстырып шығару тым жақсы шешім емес. Тек олардың біздің елдің заңына бағынып, азаматтарымызды жұмыспен қамтуға мәжбүрлеу керек. Олардың бәрі кетіп қалса, Қазақстанның өнеркәсібі өркендеп кетеді деген сөз емес. Отандық кәсіпорындар ашу өз алдына бөлек мәселе. Батыстың саясатын түгел теріске шығаратын Аспан асты елінің өзі, Батыс елдері жасаған сауда-экономикалық жүйе аясында дамып отырған жоқ па?! Қазіргі таңда оқшаулану бізге еш пайда әпермейді деп ойлаймын. Елбасымыздың көп векторлы саясаты жалғаса берсін! Елбасымызға ұзақ ғұмыр берсін!