0 дауыс
1.1k көрілді
Мандаринсіз бірде-бір жаңа жылымыз өтпейтін шғар! Ал,сол мандариннің адам ағзасына пайдасы бар ма?:)

3 жауап

0 дауыс
Біріншіден, ол шөлді жақсы қандырады. Жөтелге де қарсы пайдалануға болады. Астма мен бронхиттің бірден-бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрсаңыз, өкпеңізді тазартады. Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады. Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие. Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді.
0 дауыс
Мандарин - жемістің бір түрі. Мандарин (Cіtrus retіculata) — руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Шыққан жері Үндіқытай, Қытай, Жапония. 1805 жылдан Еуропа елдеріне жерсіндіріле бастады. Қытай, Испания, Мексика, Жапония, т.б. елдердің субтропиктік және тропиктік аудандарында өсіріледі. Биіктігі 2 — 3 м, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі. Сабақтары жасыл. Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша — желтоқсанда жеміс береді. Жемісінің салмағы 60 — 80 г, түрі қою сарғыш, дөңгелектеу. Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9% қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы, т.б. бар. Көшеті отырғызылғаннан кейін 3 — 4-жылда жеміс бере бастайды. 1 жылда 10 — 12 жылдық ағаштың 1 га-сынан 500 ц-дей өнім алынады. Суыққа төзімді, жапырақтары –6,5°С-қа дейін үсімейді. Әк және қарашірігі мол құнарлы топырақта жақсы өседі.[1]
[өңдеу]Таралуы

Отаны Қытай, атауы да қытайлардан келген. Португалдар қытай феодал, чиновниктерді Мандарин деп атаған екен. Ал осы жеміске тек Мандариндер ғана ие болған. Кейбір елдерде Танжерин деп аталады екен, сондықтан бұл жемістің кейбір гибридтері танжело (мандарин х грейпфрут), тангор (мандарин х апельсин), ичандарин (ичанг х Сатсума мандарині) деп аталады. Сатсума - шемешкісіз мандарин сорты.


Canned and peeled mandarin orange segments
[өңдеу]Емдік қасиеттері

Астма мен бронхиттің бірден бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрсаңыз өкпеңізді тазартады
Шөлді жақсы қандырады
Жөтелге қарсы пайдалы
Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады
Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие
Антимикроптық қасиеттері де бар
Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді
0 дауыс
Емдік қасиеттері

Астма мен бронхиттің бірден бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрсаңыз өкпеңізді тазартады
Шөлді жақсы қандырады
Жөтелге қарсы пайдалы
Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады
Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие
Антимикроптық қасиеттері де бар
Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді
Сурет:Mandarin oranges canned.jpg
...