0 дауыс
363 көрілді
25 жылтоксанда 27 адамга не болган? Егер намыстарын болса жауап жазындар

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

27 желтоқсан Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 25 желтоқсанда сағат 18.55-те Шымкент қаласы маңында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, ұшақ бортында болған 27 адам қаза тапты.
Шекара қызметінің басшылығы Шымкент қаласына «Оңтүстік» өңірлік басқармасында өткен 2012 жылдың қорытындысын шығару бойынша Әскери кеңес өткізу үшін ұшып шыққан.
Қазіргі уақытта әуе апаты орнында авиациялық оқиғаларды тергейтін ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде. АН-72 әскери-көлік ұшағы 1990 жылы желтоқсан айында шығарылған. Ал 2012 жылы Украинадағы «КБ Антонов» әуе жөндеу зауытында ресурсын қалпына келтіруден өткен болатын.
Ұшақ экипажы тәжірибелі әскери ұшқыштар мен мамандардан құралған болатын.
Қаза тапқандардың ішінде Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Т.М. және Қызмет орталық аппаратының бір топ офицері, сондай-ақ, 25 желтоқсанда Астана қаласында Шекара қызметі Әскери кеңесінің жиналысына қатысқан«Оңтүстік» өңірлік басқармасының әскери қызметшілері бар.
Осы қайғылы оқиғаға байланысты, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күнін жариялады.
Қаза болғандар тізімі:
Экипаж командирі - майор Нұрахметов Марат Тұрсынұлы;
Штурман - майор Голубев Олег Александрович;
Аға бортмеханигі - капитан Үсенов Марат Еркенұлы;
Командирдің көмекшісі - аға лейтенант Лұқпанов Аслан;
Аға бортмеханигі - прапорщик Вологжанин Александр Петрович;
Аға бортмеханигі - сержант Мысаев Ренат Қанапияұлы;
Бортсерігі - сержант Доланбаева Гүлнұр Жүнісқызы;
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы;
ШҚ Бас басқармасы бастығының міндетін атқарушыполковник Нұрлашев Ерғали Нұрғазыұлы;
«Оңтүстік» өңірлік басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Доценко Павел Михайлович;
«Оңтүстік» ӨБ бастығының орынбасары полковник Базарбаев Қайрат Күлкешұлы;
ШҚ бөлімінің бастығы полковник Қабдылғазезов Қанатбек Тоқтарбекұлы;
ШҚ басқармасының бастығы полковник Махаев Ерлан Мейрамбекұлы;
ШҚ аға консультанты подполковник Дмитриев Александр Игорьевич;
«Леңгір» шекаралық бақылау бөлімі штабының бастығы подполковник Кущь Валерий Николаевич;
Жеке инженерлік-саперлік батальоны командирі Қожахметов Бауыржан Зарқымұлы;
«Меркі» шекаралық бақылау бөлімінің бастығы майор Ибраев Алмаз Шаймұхамбетұлы;
ШҚ күзет және қамтамасыз ету комендатурасының коменданты Досыбеков Сәулебай Сатыбалдыұлы.
«Оңтүстік» ӨБ шекара жасақтарының бастықтары:
подполковник Рахман ВячеславАлександрович;
подполковник Мұхамадиев Қайрат Ахметқалиұлы;
подполковник Шұқанов Аманбек Пердешбекұлы;
подполковник Айтманбетов Асуан Бақбергенұлы.
ӨБ шекара жасақтарының бастығы:
подполковник Рахман Александр Александрович.
«Оңтүстік» ӨБ әскери қызметшілері:
аға лейтенант Филипко Анатолий Олегович;
аға сержант Қонақбай Мақсат Жұмабайұлы;
кіші сержант Вязиков Павел Константинович;
Стамбекова Сәуле Айтмұханбекқызы.
0 дауыс
Ұшақ апатынан қаза тапты........
блем калай болган
Апат Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым қашықтықта орын алған. АН-72 жерге қонбақ болған сәтте 800 метр биіктіктен құлап түсіпті. Ұшақ ішінде экипаждың жеті мүшесі мен 20 әскери болған. Олардың қатарында Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбековте бар болып шықты.
оның бәрін зерттеп жаткан жоқ па
+1 дауыс
Неге сұрақтарыңды нақты,түсінікті етіп қоймайсың? Барлық сұрақтарың,жауаптарың сондай.
25 желтоқсанда Астанадан Шымкентке кетіп бара жатқан "Ан 72" Әскери ұшағы опат болды. Қара жәшікті тексерді, алайда әлі ештеңе айтпады қара халыққа.
әрине айтпайды айтса егер өз арттарын өздері ашады
0 дауыс
АН- ұшағы апатқа ұшырап 27 жоғары шенді екара қорғаушылар қаза тапты. Толығырақ осы жерлерден оқып көре аласыз http://www.ktk.kz/kz/news/video/2012/12/26/15167,              http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B2%D0%B8%D0%B0%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D1%84%D0%B0_%D0%90%D0%BD-72_%D0%BF%D0%BE%D0%B4_%D0%A8%D1%8B%D0%BC%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%BE%D0%BC_25_%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%B1%D1%80%D1%8F_2012_%D0%B3%D0%BE%D0%B4%D0%B0,     http://www.baq.kz/news/21203
0 дауыс
Дайана ,шырағым, айдан түссеңде,бүкіл қазақ халқының қайғысын тырнама.Енді бір қисық сұрағыңды көрсем,банға қоямын.Білгішсіне берме,сайтты былғама.
Жаңа тіркелген қолданушы ғой, үйренісе алмай жатыр, алда өте белсенді болатын түрі бар
...