0 дауыс
1.7k көрілді
Әйгілі футболшы Роналдоның өмір-баянын қайдан табамын?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ЕРІК ҚАНТАЕВ Роналдоның толық аты-жөні Луис Назарио де Лима. Әлем футболының жауһары Роналдо 1976 жылдың 18қыркүйегінде, Рио-де-Жанейро қаласының маңындағы Бенто-Рибейро деген ықшам ауданында дүниеге келген. Алайда әке-шешесі Роналдоны құжатқа 22 қыркүйек деп тіркеткен. Роналдоның есімін анасы қойған. Жұрт ойлағандай Роналдо спортышлардың отбасынан емес. Спортқа мүлдем қатысы жоқ шаруалардың баласы. Әкесі Нелио телефон компаниясында ал анасы Сонни шағын ғана кафенің еденін жуған. Роналдо 3 жасқа дейін ауыз ашып сөйлемеген.Ешкіммен көп араласа бермеген. Өзімен-өзі ауланың алдында доп теуіп жүрді. Кей сәттерде ағасы Нелиньомен еріп балалармен доп қуып жүрді. Бір доптың жұлмасын шығарып, жарылғанша тебетін. 4 жасында Роналдоға әкесі туған күніне арнайы доп сыйлайды. «Бәрі содан басталды»-деп те ағынан жарылады Роналдо. Роналдоның сұхбаттарын оқып отырсаңда әкесінің сыйлаған добын ерекше айтып, еске алады. Ал Роналдо болса 6 жасынан бастап допқа қызғушылығы ерекше оянған.Әкесі сыйға берген доптың әсері ерекше болса керек, футболға деген ықыласы одан әрмен арта түседі. Талантты кішкене бала 12 жасында «Валкейре» футзал клубына қабылданып, шағын футбол алаңында доп тебеді. Роналдоның өзі айтуынша сабақ оқып еш қарық қылмаған. Оның екі себебін көрсетеді: Біріншісі сабаққа ынтасы болмады, екіншісі түрлі жарыстарға алып кететін. Сабақтан бұрын футбол бірінші кезек те болса керекті. ОРЫНДАЛМАҒАН АРМАН Ал енді мына қызыққа қараңыз! Роналдоның армандарының бірі ол Бразилиядағы «Фламенго» футбол клубында доп тебу екен. Алайда мансабының соңына дейін ол клубқа аяғы баспады. Мәнісін сұрағанда Ролдоның өзі: 1Менің бала кезде еліктеп өскен ойыншым болса, ол Зико. Ондай жан-жақты, алаңның кез-келген нүктесінен табылатын шабуылшыны әліге дейін кезіктірмедім. Ал Зико болса менің сүйікті «Фламенго» клубымда ойнады. Мен ең алғашқы аяқ алысымды, кәсібімді осы «Фламенгодан» бастап көрейін дегенмін, алайда қабылдамай қойды. Содан «Сан-Кристоваоның» жасөспірімдер клубына бардым, одан Еуропа қайтіп келгенде де ойнаймын деген үміт болды. Бірақ мен «Коринтианстан» өз футболдық ғұмырымды аяқтадым» – деп айтады. Оқыған оқырман үшін қызықты. Арманы жоқ деген Роналдоның да бір арманы орындалмай кеткені. РОНАЛДОНЫҢ ФУТБОЛҒА ҚАБЫЛДАНҒАН АЛҒАШҚЫ ҚҰЖАТЫ Араға жыл санап Роналдо футзалды, үлкен футболға алмастырады. Үлкен футболдағы алғашқы жасөспірімдер клубы «Сан-Кристован» болады. Алғашқы екі маусымда-ақ ең үздік сұрмерген атанады. Көпшіліктің көзіне түскен Роналдоны баспасөз беттері жарыса жазып жатты. «Жаңа Пеле» , «Бразилияның болашағы» сынды үлкен, ауқымды мақалалар жарық көріп жатты. 1993 жылы Роналдо өзінің алғашқы кәсіпқой футбол клубына өтеді. Бұл «Крузейро» футбол командасы еді. Жалпы трансфер құны 50 000 долларды құрайды. Роналдо бұл клубта бір маусымда 57 гол соғады (оның 44 ресми тіркелген ойындар). Осылайша Роналдо клубтың ең үздік мергені болады. Сөйтіп еуропалық мамандардың назарына ілігеді. 1994жылдың шілдесінде Роналдо 5 млн.стерлинг фунт ақшаға голандиялық «ПСВ» командасына сатылады. «Қасқа тіс» болса көп ұзамай Nike компаниясымен келсімшартқа отырады. Тілдің білмеуі, өзгеше климат, үйренбеген жер алғашында Роналдоға қиындық тудырады. «Көрмеген жердің ой шұңқыры көп» демекші Роналдо бірінші күнен өзге елде қиналысқа түседі. Дегенмен 17 жастағы бозбала Голландия чемпионатының аяғына дейін үздік футболшы атанып, ал әріптестері тізімді үшінші болып аяқтайды. Роналдоның өзге елде уақыт ұзатпай гол соққаны да талайдың таңдайын қақтырды. ҚОС ЖҰЛДЫЗ 1995 жылдың бас кезінде италияндық «Интер» клубының президенті Массимо Моратти «ПСВ» командасына Роналдоны сатып алу туралы пікірін айтып, ұсыныс тастайды. Сол жылдың көктемінде Роналдо Милан қаласындағы демалыс кезінде Мораттимен ауызба-ауыз сөйлесіп, бетпе-бет жолығады. Бірақ Роналдо әзірге бұл ұсыныстан бас тартатынын айтқан. Уақыты келгенде көреміз-деп келіскен. «ПСВ» сапындағы екінші маусымы Роналдо үшін сәтсіздіктер мен қиындықтарға толы болады. «ПСВ» турнирлік тізімді тағы да үшінші болып аяқтаған. Ал Роналдоға бұл маусымда тізе жарақаттары пайда болады.Жаттығулардан да босатылды, бірақ бұлда көмектеспеді. Көп уақыт өтпей Роналдоның тізесіне операция жасау керекті мәлім болады. 1996 жылдың ақпан айында Роналдоның тізесіне ота жасалды. Роналдоға 4 айсыз ойынға шығуға тыйым салды. Роналдо үшін бұл маусымның аяқталуы еді. Бразилия ұлттық құрамасындағы серіктесі, шабуыылшы Ромарио, Роналдоға ақылын айтып, көмек көрсетер тұсты да көрсетеді. Ол өзін бұрындары емдеген Нилтон Петроне физиотерапевіне баруды ұсынады. Роналдо Эйндховенді тастап 90 күндік интенсиві физиотерапиямен айналысады. Осы уақытта ол жаттығу залдарымен қатар жүзу бассейіндерінде өзін баптап жүрді. Роналдо жарақат үйір ойыншылардың бірі. Өзінің ұзақ уақыт емделіп жатқан тұстарда «сенімнің» көмектескендігін айтады. Болашаққа биік қарап, өзінің қайта алаңға шығатынына сенген Роналдо кейінгі табыстарына да сенімнің арқасында жетті. Роналдо "Реалдың" негізгі ойыншылардың бірі болды Жеке дәрігерден ем алған Роналдо Голландия Кубогінің финалына ойнауға әзір болады. Алайда бас бапкер Дик Адвокат, Роналдоға алаңға шығуға санаулы ғана уақыт береді. Ойыншымен алмастырып ойнатады. Бұдан кейін Роналдо «ПСВ» командасынан кету туралы шешім қабылдайды. «ПСВ» КОМАНДАСЫНАН «БАРСЕЛОНАҒА» Атланта Олимпиадасында Бразилия ұлттық құрамасы қола жүлдемен елге оралады. Роналдо құрмадағы үздіктердің бірі болады. Олимпиададан оралысымен Роналдо «ПСВ» командасынан Испанияның «Барслона» футбол клубына ауысады. Ауысқаны сол еді Роналдоны өз қатарында көргісі келетін «Интер» осы жолы «Барселонаға» ұсыныс тастайды. Бірақ каталондықтар Роналдоны 20млн.долларға бағалайды. Бұл көрсетілген сомманы көргенде «Интер» президенті Массимо Моратти «тым көп» деп, бас тартады. «Ең қызық келсімшарт» деген мәртебе болса ол Роналдоға тиесілі.Неге десеңіз? Роналдо АҚШта жүргенде «Барселона» клубымен келсімге келген. Бұлда қызық жәйт. Nike компаниясымен де жаңа келісімшарт жасасқан осы уақытта. Роналдо "Барселонаның" қатарында Роналдо Испания чемпионатында алғашқы кездесуін «Компостелға» қарсы өткізіп және гол соғады. Допты орталық алаңнан алған қалпы жүгіріп жүріп, қорғаушылардың бәрін қапыда қалдырған. Жыл соңына дейін өзінің үздік ойынын көрсетумен болады. Онысын елеп, ескерген ФИФА басшылығы жылдың ең үздік ойыншысы деген атақ береді. Бұл 1996 жыл болатын. Бірақ «алтын допқа» келгенде Роналдоның десі басым болғанымен ала алмайды. Бұл жолы германиялық Маттиас Заммерге жол беріп қояды. Ал Роналдо болса өз әдетінше болашаққа сеніммен қарап, келер жылы алатынына сеніп, уәде береді. 1996/1997 жылғы маусымның жарты жылдығында Роналдо өзін үздік екенін көрсетіп, дәлелдеумен болды. Жаңа жылға дейін керемет нәтиже көрсетті. Үздік ойыншының көрсеткіші 49 ойында 47 гол. Роналдоның голдарының арқасында Кубоктің иегерлерінің иесі болса, Испания кубогында да топ жарады. Ал Роналдоның өзі Испания чемпионатында 37 кездесуге қатысып 34 гол ұрады. Осындай керемет ойынына «Алтын бутсы» жүлдесін табыстайды. Тек осы сеңді испания чемпионатында Криштиану Роналду мен Лео Месси ғана бұзды. «ИНТЕР» САПЫНДАҒЫ ЖҰЛДЫЗДЫ ШАҚ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТТЫҢ КЕСІРІ 1997 жылы италияндық «Интер» өз дегеніне жетті. Роналдоны «Барселонадан» 25млн. фунт стерлингке сатып алып, өз қатарларына қосады. Бұл кездері Роналдо жалпы футбол тарихында ең қымбат ойыншы есебінде тарих бетеріне есімі жазылған болатын. Роналдо үшін арнайы қаражат бөлініп тұрды. Клубқа келгенде өзінің сүйікті нөмірі «тоғыздық» бос болмаған соң, 10 нөмірге иелік етеді. Клубқа жаңа келген Роналдоның есімі жазылған жейделерді жанкүйерлер бірін қалдырмай алып кеткен. «Мықты оңды, солын танымас» дегендей Роналдо Италия премьер-лигасында да дүрбелең орнатады. «Пьяченцемен» болған ойында хет-трик орындайды. Жанкүйерлер болса Роналдоға Феномен деген лақап атты қояды. «Уәде Құдай сөзі» дегендей, Роналдо былтыр берген уәдесін биыл толығымен орындайды. ФИФА екінші жыл қатарынан үздік футболшысы деп бағалап, өзі мақсат тұтқан «алтын допты» да алады. Ел біріншілігінде «Ювентуске» жол беріп қойған «Инт
+1 дауыс
Рона́лдо де Асси́с Море́йра (бізге ол Роналди́ньо деген есімібойынша танымал). Роналди́ньо 1980 жылы 21-ші наурызда Порту-Алегри қаласында дүниеге келді. Отбасындағы үшінші бала. Әкесі Жуан да Силва Морейра«Гремио» клубының күзетшісі болған, ал анасы Дона Мигуэлина сатушы қызметін атқарған. Роналдиньо 7 жасқа тола салысымен «Ланжендонк» футбол мектебіне оқуға түседі.
Дәл сол уақытта ол ең кішкентай және ең жас ойыншы болғандықтан оған Роналдиньо( яғни кішкентай Роналдо) деген есімді достары қояды. 1988 жылы ол «Гремио» клубынның ойыншысы болып қабылданады. Сол жылы Ронлдиньоның әкесі көз жұмады, бүкіл отбасы Роналдиньоның ағасына (Роберто де Ассиске) аманат болып қалған еді. 1991 жылы футболшы «Белу-Оризонти» клубында ойнай бастады.Роналдиньо үлкен футболмен ғана емес оған қоса мини-футболмен және пляжды футболмен айналысқан. 1993 жылы Роналдиньо жергілікті командаға 23 гол соғып, сол туралы Бразиялық БАҚ бірінші рет жазған еді. 1995 жыл Роналдиньо қайтадан «Гремио» клубына көшеді. 1997 жылы сол клубпен келісім шартқа қол қойып, сол жылы ол U-17 әлем чемпионатында 2 голды пенальтидан салған еді. 2жылдан кейін ол өзінің еңбірінші жауапты турнирында (Риу-Гранди-ду-Сул штатында откен чимпионат) жеңіске жетеді. 14 ойында ол 15 голдың авторы атанды. 2001 жылы оған көптеген клубтын скауттары көз салады («Арсенал», шотландық «Сент-Миррен», «Лидс Юнайтед», «Пари Сен-Жермен» және т.б.). 2001 жылдың 17-ші қаңтарында ол «Пари Сен-Жермен» клубымен 5жылдық келісім шартқа келіседі («Пари Сен-Жермен» Роналдиньоның өнерін тамашалау үшін 5,1 млн евро жұмсаған). Бастапқыжылы «Пари Сен-Жермен» жоғарғы дәрежеде ойнамаса да өз лигасында 4-ші орынды иемденген. 2002 жылғы әлем чемпионатында жеңіспен қайтқан соң Роналдиньо «Пари Сен-Жермен» клубынан кететіндігін мәлімдейді.
Осы хабарды естіген Франк Райкаард (сол уақыттағы «Барселона» клубының бас бапкері) және сэр Алекс Фергюсон («Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері) футболшыға қызығушылық танытты. «Барселона» 2003 жылдын 19-шы маусымында Роналдиньоны 32,250 млн евроға сатып алған. Бірінші сезонда 45 ойында 22 гол соғады, мезгілдің аяғында ол үздік шетелдік ойыншы болып атанды. 2004-ші жылғы ФИФАның үздік әлем ойыншысы атағын алды. Сол жылы «Алтын доп» сыйлығы жарысында 3-ші орында боп қалды (2-ші орынды Деку, ал «Алтын доп» иегері Андрей Шевченко атанды). 2004\2005 мезгілінде оның командасы өз лигасының чемпионы болады, бірақ чемпиондар лигасында 1\8-ден ары қарай өтпей қалады. Оған қарамастан ол ФИФПРО-ның үздік ойыншысы, «Алтын доп» иегері, 2-ші рет қатарынан ФИФАның үздік әлем ойыншысы атақтарын алады. 2005\2006 мезгілінде Барселона Чемпиондар лигасында жеңіске жетеді. Өз лигасының чемпионы болады. Осы үшін Роналдиньо Чемпиондар лигасының «үздік ойыншысы» атанды. 2006\2007 мезгілінде тактикалық тізбек өзгергеніне байланысты Роналдиньоның ойын денгейі төмендей бастады. 2007\2008 мезгіл Роналдиньоның сәтсіздіктерінің басы еді. Көптеген жарақаттармен, бапкердің және «Барселона» фанаттарының сенімін ақтай алмағандықтан оны сатылуға дайын тұрған ойыншылардың тізіміне енгізеді. 2008 жылдың 15-ші маусымында «Милан» клубы «Барселонаға» 21 млн евро берген еді. «Миланда» өзін көрсете білмеді, көбінесе ол уақытын түнгі клубтарда өткізеді. 36 кездесуде бар-жоғы 10 доп соғады. Келесі маусымда (2009\2010) оған сәтсіздіктер алып келді.
Күннен күнге бас бапкер оны сыйлаудан қала берді. Бразилияның бас бапкері (Дунга) бұл ойыншыны әлем чемпионатына алудан бастартты. Қазіргі кезде Милан клубы оны «Фламенго» клубына сатутуралы шартты реттеп жатыр. Бұл келісімнің құны сол күйі құпияда .
Басыңыз жасай ма?
Белгісіз
0 дауыс
[Міне][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%BE
...