+1 дауыс
5.9k көрілді
Жаңа жылдық және туылған күнге арналған әдемi құттықтау сөздер керек еді, Жаңа жылдық және туылған күнге арналған әдемi әдемi құттықтау сөздердi жазып бере аласыздарма?

5 жауап

+3 дауыс
Сізді Жаңа 2013 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.
Ізгі тілекпен, (есімің)

///////////////////////////////

Сізді әлемдегі ең ғажайып мейрам – Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Тек осы кеште ғана біз өзімізді сәбидей сезініп, ғажайыптың бар екеніне сенеміз. Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, болашақта жүзінізден тек күлкі көрінсін! Сізге өмірде бақыт, жұмысыңызда жеміс, зор денсаулық тілейміз!

Баяғыда бір жақсы адам өмір сүріпті. Өзі жомарт, қайырымды, әрі асқан ақылды адам екен. Жасы жүзге жеткенде әлгі адам қатты сырқаттанып (ауырып) қалыпты. Ажалды күтіп бүк түсіп үйде жатқанда, бір күні оның есігін біреу тақылдатып қағыпты. «Бұл кім?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен – Махаббатпын, саған көмектесейін деп келдім, есігіңді аш» - депті қонақ. Жақсы адам оған: «Махаббат, сенің маған керегің жоқ, көмектесе алмайсың, рахмет, қайта бер» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, есікті тағы біреу тақылдатыпты. «Кімсің?» деген сұраққа ол: «Мен – Байлықпын! Сендей жақсы адамға көмектесуге келдім. Ауруыңды емдей алам ба?» деп жауап беріпті. Жақсы адам:«Рахмет, Байлық, сен маған керек жоқсың енді» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, тағы біреу ақырын ғана қағыпты. «Кім бұл?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен- Денсаулықпын, парасатты адам!» - депті есіктің сыртындағы қонақ. Жақсы адам сүйретіліп барып, есікті ашып жіберсе, ар жағында үш жігіт тұр дейді. «Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп, Байлық пен Махаббат жымиып күліп, Денсаулықтың екі қолынан ұстап, босағадан кіріп келе жатыпты.

Құрметті достар, Жаңа жылда бәріңіздің шаңырағызға дәл осылай Денсаулық, махаббат және байлық үшеуі бірдей қол ұстасып кіріп келсін және ешқашан қайтып шықпасын!

Жаңа жыл құтты болсын!
+1 дауыс
Көңілдерге көрік берседуман күн,
Жүректерден ағытыларжырлар мың.
Әр адамның бақыты ғой, бақытты,
Жылына бір келетұғын туған күн.
Өмірдің әр қырынан іздер арай,
Бақыт құсы самғасын сізге қарай.
Отыз бестің асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Қамал алған құтты болсын жасыңыз
Өрлей берсін, өрге қарай тасыңыз.
Мереке күні, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
0 дауыс
Туған күндерге бәріміз барамыз, бірақ бәріміз сол жерде жақсы тілек айта алмай жатамыз. Неістеу керек? Әрине тілектерді жаттау қажет!
1
Айнұр, туған күнің қуатты болсын!
Қуанышты, бақытты күндер коп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!
0 дауыс
Туған күн құтты болсын!
Бірінші- ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші- адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші- тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші- қатарыңда кемелді бол.
Бесінші- берекелі, беделді бол.
Алтыншы- арыстандай айбатты бол,
Жетінші- жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрыңғы жақсылармен теңесті бол.
0 дауыс
Денсаулығың мықты, Әр күндерің сәтті, Бастаған ісің табысты, Туған күнің құтты болсын!
...