Білім қымбат па? Байлық қымбат па?

+8 дауыс
5.6k қаралым
Білім қымбат па? Байлық қымбат па?
• Санаты: Өмір, Тіршілік
хе хе білімді байлық үшін аласынго

49 жауап

+1 дауыс
Білім керек әрине!!! Білімсіз ақша санай алмайтын бай болғаннан не пайда!!!
+3 дауыс
әрине білім қымбат.Білім бар жерде байлық та,бақыт та барі болады.Оқусыз-білім жоқ,білімсіз күнің жоқ!!!!!
+2 дауыс
Білім-даналардан қалған мирас,білім сені бағады,ал байлыкты сен бағасың.Білім досыңды көбейтеді,ал байлық дұшпаныңды арттырады.Білім іздегдн сайын көбейе,молая береді,жұмсағанмен азаймайды,ал байлық жұмсасаң азаяды,кемиді,жойылады.Білімің көп болса,ел сені құрмет тұтады,ал байлығың мол болса қызғанады.Білімге есеп-қисап жүргізбейсің,ал байлығыңды күнде есептеп отыруың қажет.Білім қаншама көп болғанымен іріп-шірімейді,бүлінбейді,ал байлық бір жұттық,өледі,жоғалады.Білім жан дүниеңді байытады,ал байлық қиялыңды,көзқарасыңды шектейді,тура жолдан тайдырады.Білімді адам мәдениетті,әдепті,адамгершілікті болады,ал байлығы мол адам мақтанады,әркімге астамшылық көрсетеді.
+1 дауыс
Білім болса,байлықта болады!
0 дауыс
Сеннен ешқашан тартып ала алмайтын нәрсе ол білім.
0 дауыс
арине білім қымбат. байлықпен атағың  шықса да байлықты өмірдің соңына дейін алып жүре   алмайсыз, ал біліммен атағың шықсада шықпасада білім ол адамның бөлінбес бөлігі ешқашан жоғалмайтын нәрсе. білім бар жерде бәріде болады.
Белгісіз
+1 дауыс
Білім - қымбат  өмір суы
Көктемнің құлпырған    гүлі!(hi)мен бұны  өзім  шығара салдым
0 дауыс
Адам баласы білу үшін өмір сүру керек,білгенін үйрету керек.Ал байлық,дүние өмір сүру үшін құрал ретінде қалса жеткілікті!
+1 дауыс
*Әрине мен үшін-Білім қымбат!!!!!!!!!!*
0 дауыс

Екеуіде қымбат маған.

Бисмилляh.Білімсіздің күні қараңғы деп қазақ аталарымыз бекер айтпаса керек.Сізге Хазреті Мұхаммед (Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбарымыздың тарбиесін көрген бір Сахабаның айткан сөзін айтып берейін...

Он шақты яхуди(еврей) хазреті Әлиге (Аллах рақым етсін) келіп:

<<Ғылым артық па,әлде,мал артық па?>> -деп сұрақ қояды.Төртінші халифа бұл сұраққа былайша он түрлі жауап береді.

- Бірінші,ғылым артық.Өйткені ғылым-пайғамбарлардан қалған мирас,ал мал-Перғауын мен Қарынбайдың мирасы.

- Екінші,ғылым сені сақтайды,ал малды сен сақтайсың.

- Үшінші,ғылымның досы көп,ал малдың дүшпаны көп.

- Төртінші,ғылымды жұмсасаң арта береді,малды жұмсасаң азая береді.

- Бесінші,ғылым саған құрметті атақ береді,ал мал сараң деген атақ қалдырады.

- Алтыншы,ғылым өзін-өзі сақтайды,ал малды үнемі бағып,күту керек.

- Жетінші,ғылым қиямет күні иесіне шапағат етеді,ал мал иесіне есепсіз жауап бергізеді.

- Сегізінші,ғылым тозбайды,жоғалмайды.Мал болса қолдың кірі,өледі,жоғалады.

- Тоғызыншы,ғылым көңілді нұрландырады,адамға ақыл-ой қосады,ал мал масаттандырады,болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді.

- Оныншы,ғылым адамға ғибадат еткізеді,ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады, -деп тапқырлық танытыпты. 

Содан болса керек Абай атамыз айтқандай ''Әрбір білімді адамға иман парыз,әрбір иманды адамға ғибадат парыз'' -деп.

Оқуға ерініп тұрмын шынымды айтам. Рахмет, жақсы нәрсе сияқты.
–1 дауыс

Білмеймін. Бағалары қаншадан болып жатыр екен

0 дауыс

Кісіге қайсысы жетпесе сол қымбат.

0 дауыс

Әрине,білім қымбат.Білімді болсаң өкінбейсің!

0 дауыс

Бисмилляh.Кешіріңіздер қайта жазуыма тура келді бірінші жазғаным басқа біреуге жауап ретінде басылып кетіпті.

Білімсіздің күні қараңғы деп қазақ аталарымыз бекер айтпаса керек.Сізге Хазреті Мұхаммед (Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбарымыздың тарбиесін көрген бір Сахабаның айткан сөзін айтып берейін...

Он шақты яхуди(еврей) хазреті Әлиге (Аллах рақым етсін) келіп:

<<Ғылым артық па,әлде,мал артық па?>> -деп сұрақ қояды.Төртінші халифа бұл сұраққа былайша он түрлі жауап береді.

- Бірінші,ғылым артық.Өйткені ғылым-пайғамбарлардан қалған мирас,ал мал-Перғауын мен Қарынбайдың мирасы.

- Екінші,ғылым сені сақтайды,ал малды сен сақтайсың.

- Үшінші,ғылымның досы көп,ал малдың дүшпаны көп.

- Төртінші,ғылымды жұмсасаң арта береді,малды жұмсасаң азая береді.

- Бесінші,ғылым саған құрметті атақ береді,ал мал сараң деген атақ қалдырады.

- Алтыншы,ғылым өзін-өзі сақтайды,ал малды үнемі бағып,күту керек.

- Жетінші,ғылым қиямет күні иесіне шапағат етеді,ал мал иесіне есепсіз жауап бергізеді.

- Сегізінші,ғылым тозбайды,жоғалмайды.Мал болса қолдың кірі,өледі,жоғалады.

- Тоғызыншы,ғылым көңілді нұрландырады,адамға ақыл-ой қосады,ал мал масаттандырады,болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді.

- Оныншы,ғылым адамға ғибадат еткізеді,ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады, -деп тапқырлық танытыпты. 

Содан болса керек Абай атамыз айтқандай ''Әрбір білімді адамға иман парыз,әрбір иманды адамға ғибадат парыз'' -деп.

0 дауыс

Басыңда білім болмаса, байлықты қайдан табасың?! -"Сабақ оқы!")

Ұқсас сұрақтар

127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы