0 дауыс
41.7k көрілді
Видеокарта, ОЗУ, Материнская плата т.б. жалпы жүйелік блоктағы заттар қандай қызмет атқарады?

3 жауап

+2 дауыс
Процессор қандай қызмет атқарады?! Онда айта түсіндіре алмаспын, қарапайым жалпақ тілмен айтқанда процессорды комп.тан алып таста. Не істейтінін түсінесің.
+1 дауыс
Процессор деген компьютердегі барлық қызметті атқарып тұрған адамның миы сияқты құрылғы, арифметикалық-логикалық қызметтер атқарады. процессорды CPU американдық компаниялар Intel, AMD жасап шығарады.
ОЗУ деген қысқа мерзімге мәлімет сақтауға арналған. компьютерде жасалып жатұан операциялардың бәрң осы озуда сақталады. компьютерді өшіргенде бәрі кетіп қалады.
Материнская плата деген компаның орталық астанасы. Процессор, озу, слоттар, жесткий диск бәрң соған қосып жалғанады.
Видеокарта деген графикалық ақпараттардың қалыпты жұмыс істеуіне арналған. Видео және ойындардың графикасына жауап беретін құрылғы осы.
+1 дауыс
Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді.Жүйелік блок (Системный блок; system block) - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жедел жад, дискілер жөне контроллерлер) мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Бұның құрамында сыртқы мәлімет жинақтауыш, кейде дисплей мен пернетақта да орналастырылады; компьютердің орталық құрауыштары (процессор, жедел жад, көмекші схемалар, қоректендіру көздері және қуыс-орындар) қондырылған аналық тақша орналасқан қорап. Артқы жағында әр түрлі шалғай құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар (порттар), ал алдыңғы бетінде жарық диодтық индикаторлар бар.



Бейнекарта (Видеокарта; video card) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

Аналық тақша (Плата материнская; motherboard) — орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Ӏшкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен үзілімдер арқылы әрекеттеседі. Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады.
...