+1 дауыс
1.5k көрілді
Мемлекеттік бағдарлама "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бойынша құжаттарымызды ХҚКО-на тапсырған болатынбыз.ХҚКО нан жауап алып, ол жауапта жолдасымның жұмыс орнынан соңғы 6 ай табысын сұратты және осы құжатты ЖКХ тапсыру керек екенін айтты.Ол құжатты ЖКХ келесі күні барып тапсырдық. Естуімше бізге жолдама берулері керек екен, сол жолдамамен Тұрғын үй жинақ банкіне бару керек.Менің сұрағым менің барлық құжаттарымды қабылдап алып, қолыма бір бет қабылдап алынды деген парақта берген жоқ. Жолдама қашан беріледі дегенімде әлі белгісіз деп жауап берді. Менің уайымдайтыным, мен сенім артып баспанаға қолым жетті ау дегенімде, ертеңіне сізге бұл бағдарлама бойынша бас тартылды немесе тағы бір жағдайлар болса. Мұндай жолдамалар қанша уақыт дайындалады?құжаттар қабылданса кепілдік барма? Рахмет!

1 жауап

0 дауыс
Ақпараттар:
Алматы
Абылай хан даңғ., 91
тел.: +7 727 279 25 55, факс: 272 34 99
Сейфуллин даңғылы, №498
тел.: 8 (727) 330-76-09, 330-76-10, 33075-90
қабылдау бөлмесі: 330-75-90
Астана.
010000, Московская к-сі 29, 34 пәтер
тел.: + 7 (7172) 31-41-20, 31-41-74, 31-42

Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
  
 Бағдарламаның мақсаты
  
 Халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу.
  
Бағдарламаның міндеттері
  
 1.Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй нарығын жасау.
 2.«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген азаматтардың санаттарын, сондай-ақ жас отбасыларын және халықтың қалың жігін тұрғын үй құрылыс жинақтары желісі және «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» АҚ бойынша жайлылығы 3 және 4 сыныпты, оның ішінде аз қабатты бағасы қолжетімді, энергия тиімділін және экологиялық талаптарына жауап беретін тұрғын үй салу жолымен тұрғын үймен қамтамасыз ету.
 3.Жаппай тұрғын үй салу мақсатында, ең алдымен экономикалық сынып үшін аумақты кешенді игеру және құрылыс салынған аумақты дамыту.
 4.Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру.
 5.Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.
 6.Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
 7.Тозған және авариялық тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу.
 8.Азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінің, оның ішінде тұрғын үй құрылысы кооперативтерінің, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын қолдау.
 9.Энергия үнемдеу және экология талаптарына сәйкес келетін қазіргі заманғы жаңа технологиялар енгізу, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісін ұлғайту, тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыру жолымен Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын дамыту.

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
  
 Бағдарламаның шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделіп отыр:
 1. ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу.
 2. ҚТҚЖБ желісі бойынша:
 1) халықтың барлық санаттары үшін;
 2) жас отбасылар үшін тұрғын үй салу.
 3. «ҚИК» АҚ-тың тұрғын үй салуы.
 4. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорын жөндеу (қайталама тұрғын үй).
 5. Авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберінде тұрғын үй салу.
 6. ЖТҚ.
 7. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
 8. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу.
 9. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үй салуы.
 Бағдарламаға қатысушы Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бір елді мекенде жеке меншігіне бір тұрғын үй сатып алуға құқылы. Осы талаптың орындалуын бақылау ЖАО-ға және Бағдарламаның операторына жүктеледі.
...