0 дауыс
10.5k көрілді
Сабит Мукановтын шыгармашылыгы туралы шығарма барма?? (handshake)

2 жауап

0 дауыс
Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.
 Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастады.

1918-19 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады.

Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 921–22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді.
0 дауыс
Өмірі мен шығармашылығы
 
[өңдеу] Сіңірген еңбектері
 
1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты. Сәбит Мұқанұлы әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір‚ заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. мәні жоғары да бағалы. Оның артында қисапсыз мол мұра - 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т.б. сан-салалы кітаптар қалды.

Сәбит Мұқанұлы қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы жөнінде шығарма жазу мақсатын жүзеге асыру үшін Қытайда, Шыңжаң өлкесінде болып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп білді. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында болып‚ Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі туды.
 
Сәбит Мұқанұлы әдебиеттану саласына да көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игерумен бірге‚ поэзия теориясының қағидалары мен ережелеріне‚ өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Орыс символизмінің әдеби‚ эстетикалық және философиялық мәндерін ұғына отырып‚ оны өз өлеңдерінде қолдана білді.C.Сейфуллиннің «Советстаны» мен І.Жансүгіровтің «Дала» поэмаларындағы фольклорлық ізденістерге‚ ұйқас‚ ырғақ‚ шумақ құрылысындағы соны өзгеріс-құбылыстарға зер салды. «Поэзия мәселесі» дейтін зерттеуінде (1933) «Маған қазақ өлеңінің 4 аяқты‚ 6 аяқты‚ 8 аяқты түрлері күрделі пікір айтуға қолды байлайтын секілденді. Сондықтан мен «Тұрмыс тұлпары» өлеңімнен бастап халық әдебиетінің шұбыртпалы түріне бет алғандай болдым. Маған шұбыртпалы түрдің («Қобыланды»‚ «Алпамыс») екпіні‚ ырғағы 6 аяқтардан күшті сияқтанды. Шұбыртпалы түрдің құшағы пікір құшақтауға кең тәрізденді» деп жазады.
 
Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялық‚ сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып‚ олардың халық шығармашылығындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау‚ зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты.
 
18-19 және 20 ғасырларлардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Әдебиет туралы ашық хат» жариялап‚ онда "Қазақстанда әдебиетті зерттеу жөнінде істелген іс атымен жоқ‚ сондықтан біздің міндетіміз аздап болса да‚ әліміз жеткенше осы істелмей жатқан іске атсалысу" деген пікірін білдірді.
 
Сәбит Мұқанұлының қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын‚ негізінен‚ 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы‚ 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. Оның «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) атты кітабы сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жайында жарияланған бірден-бір еңбек болды. Еңбекте А.Байтұрсынов‚ М.Дулатов‚ Ж.Аймауытов, Ғұмар Қараш‚ С.Торайғыров‚ С.Дөнентаев‚ Б.Күлеев‚ Жұмабаев‚ М.Әуезов‚ т.б. ақын-жазушылар шығармаларына кезеңнің саяси талабына сай сыншылдық көзқарас тұрғысынан келгенімен‚ көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шынайы бағалады. Жұмабаев туралы «Ақындық жағынан келгенде Мағжан‚ әрине‚ қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде‚ әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп‚ Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын жоқ» атты пікірін ашық жазды. «Қазақтың 18-19 ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942‚ кейін тыйым салынған) атты монографиясында ақын-жыраулар (Бұқар‚ Байтоқ‚ Жанұзақ‚ Махамбет‚ Шортанбай‚ Шернияз, Мұрат, т.б.) поэзиясы мен жыр-дастандарға‚ сондай-ақ атақты тарихи тұлғаларға (Абылай‚ Кенесары) қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тұрғысынан қарады. Сәбит Мұқанов қазақ елінің мүддесі‚ халық тағдыры тұрғысынан патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Сонымен қатар ол осыған дейін бір жүйеге түсіп жіктелмеген‚ жеке ғылыми талдау жасалмаған қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу нысанына айналдырды. Оның 1944-45 жылдары жазылып‚ 1961 жылы жарық көрген «Абай Құнанбаев» монографиясы автордың Абай туралы пікірлерінің және қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы көзқарастарының өсіп-жетілу кезеңдерін көрсетеді. Бұрынырақтағы «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар‚ шешендер» («Еңбекші қазақ», 01.03.1923) атты мақаласында ол Абайды ескішіл‚ байшыл ақындар қатарына жатқызып‚ үстем тап ақыны деп санаған болса‚ аталған монографияға дейін Абай болмысын танытатын көптеген құнды мақалалар («Абайды тану жолындағы пікірлер» («Қазақ әдебиеті»‚ 29.11.1934)‚ «Абай – халық ақыны» («Әдебиет майданы»‚ 1937‚ № 4‚ 5)‚ «Абайдың шәкірттері туралы» («Әдебиет және искусство»‚ 1951‚ №7‚ т.б.) жазып‚ Абайтануға үлкен үлес қосты. Сондай-ақ оның «Саяхаттар» (1954), «Туған жердің тыңында» (1955), «Тыңда тұнған байлық» (1957), «Алыптың адымдары» (1959), «Замандас туралы аңыз» (1961) атты кітаптарында 200-ден астам әдеби-сын мақалалары жинақталған. Оның «Өсу жолдарымыз» (1960), «Жарқын жұлдыздар» (1964), «Халық мұрасы» (1974‚ «Қазақ қауымы»‚ 1995) атты монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы‚ т.б. туралы жазылған сүбелі еңбек болып саналды. Сәбит Мұқанов жаңа өмірге‚ бақытты өмірге қол жеткіземіз деп сендірген қоғамдық күштермен бірге социалистік идеяларға үн қосып‚ туған елінің мүддесіне‚ халық кәдесіне жарайтын жақсылық табуға ұм
...