0 дауыс
44.6k көрілді

Балуан шолақ романы. Сабит Мұқановтың Балуан шолақ романын қай жерден оқуға болады?

6 жауап

+2 дауыс
Қазақ қаласы ежелден батырларға бай болған. Оған батырлардың ерліктерін баян еткен халықтың аңыз-әңгімелері дәлел. Халықты өзінің қара күшімен ғана емес, композиторлығымен де тәнті еткен Балуан Шолақ еліміздің мақтанышы, халқымыздың жарқын өкілі.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер-ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан болған.

Балуан Шолақтың шын аты – Нұрмағамбет Баймырзаұлы. Жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты халық «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. 1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында дүниеге келіп, 1919 жылы қайтыс болған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген.

Нұрмағамбеттің әкесі Баймырза балалары жас кезінде Көкшетау жаққа көшіп барған.Ол ағаштан бұйымдар жасап, соларды базарды сатумен табыс тапқан шебер болған. Баймырзаның еңбекқорлығы оның баласына өтеді. Бірақ Нұрмағамбет еңбекқорлықпен қоса, үлкен қара күшімен ерекшеленген.

1879 жылы Баймырза Үйсін ауылының тұрғындарымен бірге жыл сайын жазда Шортан өзенінің жағасында өтетін жәрмеңкеге дайындалады. Тері, жүн тиелген арба аулада дайын тұрады. Бірақ жолға шығатын күні Баймырза сырқаттанып қалады. Ол базарға ересек ұлы Төлеубайды жібермек болады, бірақ ол ауылына оралып үлгермейді де, сөйтіп қалаға жас Нұрмағамбет баратын болады.

Бойы орташа, бірақ кең иықты он бес жасар бозбала сырт киімі болмағандықтан әкесінің тонын киеді. Ол базарға туысы Мұқашпен бірге жіберіледі және оның қолына үйге қажетті тұрмыстық заттар алу үшін біррубль ұстатылады.

Таудың етегінде өтіп жатқан қанды базар Нұрмағамбетті таң қалдырады. Барлық жерде қызған сауда, айқайлаған делдалдар. Кенеттен Нұрмағамбеттің назарын айнала тұрған бір топ адам аударады. Қызық көргісі келген ол сол топқа жақындайды. Сөйтсе, онда бір пысық адам адамдарды шақырып, өзі ертіп келген балуанмен күресуге шақырып жатыр екен. Бәске бір рубль тігілуі керек, ол ақшаны жеңген адам алатын болады. Әрине, оңай табысқа батқысы келгендер жеткілікті, бірақ балуанды жеңген ешкім болмайды.

Нұрмағамбет өз күшін сынап көрмек болады. Әлгі орыс балуан алғашында оны баласынып назар да салмайды. Бірақ тым белсенді бозбаланы бір қорқытып алғысы келген әлгі балуанның «келсең, кел» деген сөзінен кейін ол алға ұмтылады. Бірақ үстіне киген тонның етегіне аяғы шалынып, балуанның тура алдына барып құлайды. Туысы Мұқаш әлгі үйдегілер берген рублдіорыс балуанның қолына ұстатқаннан басқа амалы қалмайды, және Нұрмағамбетті бір сыбап алады.

Түнде Нұрмағамбет дөңбекшіп ұйықтай алмайды. Ол орыс балуанын жеңе алатынын дәлелдегісі келеді. Таңертең тұра салып, Нұрмағамбет алаңға, әлгі балуанға тартады. Бозбаланы мұқатқысы келген балуан бәске бір теңге емес, сегіз теңге тігуді ұсынады. Ол кезде мұндай ақшаға сегіз қой алуға болатын. Мұқаштың айқайына құлақ аспаған Нұрмағамбет шапанын шешеді, күресуге бел буады. Бұл жолы балуандың алдына жүгіріп барады да, белінен ұстап, жерге алып ұрады. Мұндай қызықты көрген көрермендер шапанның үстіне ақша тастай бастайды. Теңгелерді жинап алған соң ол, кешегі ұтылған бір теңгені Мұқашқа қайтарады, сегіз теңгені санап алып, туыстарына сыйлықтар сатып алады. Ал қалған ақшаны ол кедей-кепшіктерге үлестіріп береді. Сол жылы базарға келген халықтың арқасында Балуан Шолақтың ерлігі алысқа тарайды.

Он төрт жасында күреске түскен Балуан Шолақ бірақ күреспен кәсіби айналыспайды. Ол салдық құрып, төңірегіне өнерлі жастарды жинаған. Көкшетау қаласында өткен бір үлкен жиында 51 пұт (830 кг тарта) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 жылы 35 жасында орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырған.

1913 жылы ата-бабасының туып өскен, кіндік қаны тамған Шу өңіріне келген. Осы сапарында Қордай даласында қой бағып жүрген Кенен Әзірбаев оның көптеген әндерін үйренсе, өлкеміздің кейін танымал ақындары болған Жақсыбай Жантөбетов, Бармақ Мықанбайұлы, Сәрсен Жылысбаев, Сауытбек Ұсаұлы және басқа да өнерлі азаматтар онымен бірге ел аралаған. Шу ауданының Шоқпар стансасында тұрған Сәрсен Жылысбаев «Балуан Шолақ» дастанын жазып, онда өзі сыйласып өткен тұлғаның өмір тарихын жырға қосты.

Балуан Шолақ Шу өңірінде болған сапарында көтерген салмағы 1050 кг. тартатын тас бүгінде аудандық тарихи өлкетану мұражайының алдына қойылған. Сондай-ақ, Далақайнар өңіріндегі өзі аршыған тұнба әлі күнге дейін «Балуан Шолақ бұлағы» аталып келеді.
Керемет М аган  унады
0 дауыс

Баймырзаұлы Балуан Шолақ 1864 жылы қазіргі Көкшетау облысына қарасты Еңбекші ауданында дүниеге келген. Балуан Шолақ жауырыны жерге тимеген балуан, бүкіл қазақ даласына есімі кең тараған сазгер. Бала кезінде саусағын үсітіп алғандықтан, ел оны еркелетіп «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. Ал азан шақырылып қойған аты – Нұрмағанбет. Нұрмағанбеттің шыққан тегі  Ұлы жүздің Дулат тайпасындағы Сәмбет руы. Нұрмағанбеттің аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударып, өмірлерінің соңғы күндеріне дейін сол жерде тіршілік еткен. Балуан Шолақ та атығай, қарауыл рулары қоныстанған Көкшетау өңірінде өмір сүреді. Балуан Шолақтың әкесі Баймырза ағаш шебері, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған деседі.  «Алып - анадан» деп бекер айтылмаса керек. Балуан Шолақ та шешесіне тартып, алып денелі батыр болған. Балуан 14 жасынан бастап күресті ермек етіп, ат қуып, шауып келе жатқан тұлпардың үстінде адам сенгісіз жаттығуларды шебер орындаған. Ат үстінде тігінен не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, аяғын үзеңгіге қыстырып, жатып шабуы батырдың тұла бойындағы қара күшті айқындайды. Түрлі жиындарға қатысып, 51 пұт қара тасты көтеріп, жиналған қалың жұрттың таңдайын қақтырған балуан  35 жасында орыс балуаны Иван Коренмен бақ сынасып, оның қабырғасын сындырады. 

Бұған қоса, Балуан Шолақ бала кезінен ән-күйге құмар болған. Уақыт өте келе жас балуан бұл екі өнерді  өз бойында қатар дамытқан.  Батырға өмір берген Баймырза мен Қалампыр қайтыс болғаннан кейін, Нұрмағанбет өз өмірін Ғаникей деген қызбен байланыстырып, қасына әнші-күйші, палуандарды, өнерлі жастарды жинап алып, ел аралап, салдық құрады.  Балуан Шолақ Біржан салды ұстаз көріп, Ақан серінің әндерін тамаша орындаған. Бұл кісілілердің шеберліктерін берік ұстанып, уақыт өте келе өзі де ән шығара бастаған. Батырымыз қазақтың әншілік өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосып, жарыққа теңдесі жоқ туындыларды әкелген. Әнші-сазгер Көкшетау, Қараөткел, Қарқаралы, Сарысу маңындағы барлық елді-мекендерді аралап, қазақ өлеңдерін бүкіл өлкеге таратқан.

Балуан Шолақтың ән-өлеңдері

"Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, Оң колым отқа күйіп болдым олақ", — деп жырлап, "Шолақ" атанған ақын қысқа ғұмырында ауыздан-ауызға тарап, марапат пен мадақтан кенде қалмады.

                                                  Бұл күнде отыз бесте менің жасым, 
                                                  Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын. 
                                                  Кешегі сентябрьдің базарында,
                                                  Көтердім елу бір пұт кірдің тасын... - дейді ол "Сентябрь" өлеңінде.

Балуан Шолақтың көптеген асыл туындылары  Ғалия сұлудың арқасында өмірге келді. Сұлуды құлай сүйге ақын:  

                                                   Үш жүзге атым шыққан алуан Шолақ,

                                                    Денеме тегіс біткен күш пенен бақ.

                                                    Көргенде сұлу әйел есім қалмас,

                                                    Жігіттің бойындағы күнәм сол-ақ. - деп ағынан жарылады. Ғалия да Балуанды ұнатады. Дегенмен, екі ғашық өмір айдынында бірге жүзе алмады...

Жалған жаламен абақтыға жабылғанда ақынды  сүйген жанға деген сағыныш дерті дендеп, қарс айрылған көкірегінен әдемі жырлар төгілген.

                                                  Айым да — сен,
                                                  Ғалия, күнім де — сен,
                                                  Оң қабағым тартады күлімдесең.
                                                  Менің көңілім Ғалия дуалансын,
                                                  Ауған түйе секілді бейімдесең.
                                                  Қара өткелде Ғалия сен емес пе ең, 
                                                  Бүл Арқаның шортаны мен емес пе ем.
                                                  Сүмбіл шаш, құралай көз,Ғалияжан,
                                                  Ынтығымды құрытқан сен емес пе ең?

Музыка саласында аянбай еңбек еткен А.В Затаевич батырымыздың бірнеше өлеңдерін жинап,  «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты жинақтарына қосады.

 Сарыарқаны сазды әуенімен тербетіп, алып күшімен көз сүйсіндірген сері, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақын Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы Өзектісайда қайтыс болды.

0 дауыс

Балуан Шолақ бейнесі, ең алдымен, оның әдеби мұрасында айқын көрініс тапты. Ақынның дүниетанымы, ішкі бітім-болмысы, авторлық мені, өршіл мінезі, арман-аңсары, ол өмір сүрген орта мен кезең шындығы, тіпті батырлық іс-әрекеттерінің түпкі себеп-салдары да сонда ашылады. Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмірін өзек еткен ғұмырнамалық туынды авторларының ақын шығармасына ерекше ден қоюының сыры осында.


Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығын, адамгершілік қасиеттерін, жарқын бейнесін, күрделі тұлғасын тану үшін ақын жайында айтылған естеліктерге көңіл бөлген жөн. Кезінде Балуанмен қатар жүрген, араласқан дос-жарандары мен әнші, ақын шәкірттерінің Шолақ турасындағы ауызша тараған әңгімелері көп болған. Оларда Балуанның туып-өскен ортасы, ұстанымы, ән өлеңдерінің жазылу тарихы, мінез-құлқы жайындағы қызықты пікірлер мол ұшырасады. Соларды іздестіріп, Балуан Шолақпен кездескен халық ақындарының әңгімелерін қағазға түсіруді ұйымдастырған, негізінен, С.Мұқанов болды. Жасынан өнер адамдарына еліктеп өскен, солардың сөздерін жаттап жетілген болашақ жазушы қолына қалам ұстаған сәттен бастап әнші-ақындар мен сал-серілер жайлы мәліметтер жинаған, зерттеп, қарастырған. Иса Байзақовтың, Үкілі Ыбырайдың, әнші Әміренің шығармашылық портретін жасаған. Бұл деректер С.Мұқановтың ересен еңбеккерлігін ғана емес, тақырыптың күллі келбетін роман жазылардан бұрын егжей-тегжейлі сұрыптап шыққандығын сипаттайды.


«Балуан Шолақ» романы қат- қабат ізденістен соң дүниеге келген. Академик-жазушы аты аңызға айналған Балуан Шолақты саналы өмірінде ерекше қадір тұтқан. Өзінің «Өмір мектебі» романында қаламгер хан ордасына соққанын, одан қайтып келе жатқанда әрі батыр, әрі әнші Балуан Шолақты көргенін айтады. Балуан Шолақтың өнерін тамашалап, әншілік құдіретіне тәнті болған бала Сәбит сан қырлы талант иесіне еліктеп, ол сияқты үлкен нәтижелерге жетуді армандайды. «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» атты естелік-кітабында Жамбыл атасы «Балуан Шолақ» атандырған Сәбеңнің жиын-тойларда Нұрмағамбет Баймырзаұлының «Ғалиясын» жиі орындайтыны, Балуан туралы аңыздарды көп білетіндігі жайында біраз мәлімет береді. Бұл жайттар, сөз жоқ, жазушының Балуан Шолақ тақырыбына көлемді шығарма жазуға жылдар бойы дайындалғанын көрсетеді. Алғаш «Әдебиет және искусство» журналында жарияланған «Балуан Шолақ» романы 1942 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Жазушы мұнда зорлық пен өктемдікке қарсы күрескен Нұрмағамбет Баймырзаұлының батырлық қырына ерекше мән береді. Өйткені Ұлы Отан соғысы қарсаңында ата- баба аруағын қадірлеу, батырлар мен қазақтың тарихи тұлғаларын ардақтау, мадақтау ісі қолға алынып, елдің, майданға аттанған қазақ жігіттерінің рухын көтеру жайы бірінші кезекте тұрған болатын.


Жазушының «Балуан Шолақтың» жанрын бірінші басылымында «батырлық поэма» атауының бір себебі осында болса керек. Дулат Исабековтің М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында сахналанған «Жаужүрек» пьесасының бас кейіпкері де – осы Балуан Шолақ. Белгілі драматургтің С.Мұқанов романындағы оқиғаларға интерпретация жасағаны байқалады. Екеуінде де қаһармандар жай ұрлық, мал алу, баю ниетін көздемейді, еттен өтіп, сүйекке жеткен кек, саналы әрекет көрініс береді. Әрине, дәуір тынысы, халық тұрмысы, кең суреттелетін кейіпкердің өмір белестері хронологиялық ретін сақтап, сатылап дамитын романды бірнеше көрініске негізделген драмалық туындымен салыстыруға болмайды. Дегенмен бас кейіпкерлердің тұлғасынан бастап, сөз саптасында, өжет мінезінде бірталай үндестік кездеседі. Біз мұны драматургтің өмір шындығына адалдығына, ұлттық, әлеуметтік мәселелерді, махаббат жайын бірінші кезекке шығарып көрсетуді басты нысана етіп алғандығына байланысты айтып отырмыз. Еңбекке ерте араласып, өмірлік тәжірибе жинақтаған, табиғатынан батыл, өткір Балуан Шолақтың тек тұлғасы ғана емес, істеген істері де ірі. Ол туған жерін орыс мұжықтарына берген патшаға кектеніп, орыс деревнясын өртейді, Түйе палуан мен Каронды жығады, Балқаш қызды алып қашып, соңынан түскен қуғыншыларды жайратып салады, ояздың қызын алып қашады, небір асауға бас үйретеді, т.б. осындай оқиғалар романдағы кесек қимылды Балуан бейнесінің романтикалық сарында жасалғанына толық дәлел бола алады. Балуан Шолақтың батырлық бейнесі мен оқыс істері, романның шым-шытырық қызықты мазмұны С.Мұқановтың ғұмырнамалық туындысын қазақ халқы сүйіп оқитын шығармаға айналдырды. Халық басты кейіпкерді әділет жолын ұстанғаны үшін жақсы көрді, сыйлады, күрескерлер санатына қосты. Мұндай қайтпас мінезді, ашынған адамдар тұлғасын жасау С.Мұқанов шығармашылығындағы жаңа биік белес болатын.


Дегенмен Ғабит Мүсіреповтің «Балуан Шолақ» романы туралы айтқан: «Балуанның ішкі дүниесінің жалаңаштаулығы, қоғамдық көзқарасының тұтасып, өрістеп отырмауы, Шолақты көбінесе қара күшке айналдырып жіберетін жақтары бар», — деген сыни пікірін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, С.Мұқанов туындысы өмір шындығына негізделген. Бұл – ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген, үш жүзге аты кең жайылған танымал тұлға Балуан Шолақ Баймырзаұлы жайындағы тарихи шығарма. Мұнда көркемделген тарих немесе тарихи-публицистикалық очерк сипаты басым. Соның бірі негізгі идеяға – халық мұраты үшін күрескен батыр тұлғасын ашуға жұмсалған. Аңыздар роман желісінде жеке өзіндік қызмет атқармайды. Автор сол тарихи аңыздардың бағытын ашуға ұмтылады. Романда ұлт тарихындағы елеулі деректерді саралай отырып, жазушы айтулы тұлғаның ғибратын оқырман алдына жайып салады. Атап өтерлік бір мәселе сол – романда қиял мен дерек бірлікте, көркем шындық деңгейіне көтерілген. Психологиялық талдаудан гөрі шолып айту жағы басым. Ең бастысы, қазақ әдебиетінде Балуан Шолақ бейнесі жасалды. Балуан өмірін өзек еткен роман да, драмалық туынды да халық көңілінен шықты. Д.Исабековтің «Жаужүрегі» әлі сахнадан түскен жоқ. С.Мұқановтың «Балуан Шолағы» бірнеше буынның сүйікті кітабына айналды. Бұл шығармалар замандастарымыздың рухани қажетін өтеп келеді. Дегенмен қазіргі қазақ әдебиетінің түрлі жанрларында Балуан Шолақтың әншілік, композиторлық, ақындық қырлары ашыла түсуге тиіс. Ол үшін ақын өмір сүрген уақыттың шындығын баяндайтын тарихи деректерге сын көзбен қарап, Балуан Шолақ туралы қолжазба мұраларды, архив материалдарын жариялап, зерттеу объектісіне айналдыру керек.

0 дауыс

БАЛУАН ШОЛАҚ
повесть
Босанған Нұрмағамбет, екі себеппенҚайрақтыға оралмай ауылынақайтты, бір себебі —қапымды тауыпөлтірмейқоймайды деп Пропадко тұқымынанқорқу; екіншісі — жазықсыз жаза тартыпүй - орманыменқұрып кеткен Кургановтардың, «Пропадколер бұзыпәкетіпті» дегенжұртын көргісі келмеу.
Осы себептермен жайлауда отырған елінеқайтқан ол, салысы суға кеткен адамдай, салбыраңқықабақпенүйінде тұрып жатты. «Алда не істеу керек?» дегенді, ол алғашқы күндері ойлаған да жоқ, ойлауға шамасы келген де жоқ. Оның басын билеген жалғыз ой — Пропадко сияқты күштілердің, Кургановтар сияқтыәлсіздерге көрсететінқорлығы.
Ол сондай ауыр ойда жүрген күндердің біреуінде, оның көзі де, жайлаудағы жұрттың көзі де бір атты мініп, бір атты жетектеп, ауыл - ауылдың арасында шоқыта шапқан біреуге түсе кетті.
— Е,қайда барасың? — деген сұрауға:
— Тоқсанбай байға ас11берілетін еді, соған сауын22айтып жүрмін, — деп жауап берді ол.
—Қашанболады, ол ас?
— Енді бір айдан кейін.
—Қанша елді шақырды?
— Көкшетау, Атбасар, Ақмола,Қарқаралы, Кереку,Қызылжар, Омбы — осы жеті ояздың елін түгел шақырды.
— Ойпырмай, оған не деген ас шақ келеді?!
— Тоқсанбайдыңөз малынан мыңқой, жүз ту бие, ілік - шатыс,құдандасынан жүз елу ту бие, мың жарымқой, барлығы — екі мың жарымқоймен, екі жүз елу жылқы сойылады, солардың еті жетпей ме?Қымызына жиналған жұртөзіәкеледі.
Бір ай асқаәзірленген жұрт сабаларын екі доңғалақтықазақ арбаға артып, біреу салт, біреу арба жегіп... дегендей, Тоқсанбай аулына, жан - жақтан ағыла бастады. Ормансыз жазық кең дала,құмырсқаның илеуіндейқыбырлаған адамнан көрінбей кетті.
Бұл топтың ішінде Нұрмағамбет те жүрді. Ойы жүдеген шақта бойы да жүдеген оған, асқа аттанарда шешесіұрысты. Нұрмағамбеттің еркіне салса, бұл асқа бармас та еді.Өзге жұрт жиналып жатқандаүйінде бейғам отырған оған:
— Сен неге отырсың?—дедіҚалампыр.
— Жәй...
— Асқа бармаушы ма ең?
— Не алам, содан?
— Жоқ, барасың!—деді шеше, бұйырған дауыспен,— немене, жүнжіп кеткенің? Осындай жігіт бола ма екен, басына түскен бір іске мұқапқалған?.. Көрсетпе, олқылығыңды көзіме! Бар, асқа!.. Және бұл жүдеген түріңмен емес, жақсы киініп, ер-тоқымыңды жақсылап бар!..
Бұйрығына көндірген шешесі, «ауылға келгенде киесің» деп даярлатып, сандығына салыпқойғанқазақы жақсы киімдерін,

Жалғасы жокпа?
0 дауыс

БАЛУАН ШОЛАҚ

повесть

Босанған Нұрмағамбет, екі себеппен Қайрақтыға оралмай ауылына қайтты, бір себебі — қапымды тауып өлтірмей қоймайды деп Пропадко тұқымынан қорқу; екіншісі — жазықсыз жаза тартып үй - орманымен құрып кеткен Кургановтардың, «Пропадколер бұзып әкетіпті» деген жұртын көргісі келмеу.

Осы себептермен жайлауда отырған еліне қайтқан ол, салысы суға кеткен адамдай, салбыраңқы қабақпен үйінде тұрып жатты. «Алда не істеу керек?» дегенді, ол алғашқы күндері ойлаған да жоқ, ойлауға шамасы келген де жоқ. Оның басын билеген жалғыз ой — Пропадко сияқты күштілердің, Кургановтар сияқты әлсіздерге көрсететін қорлығы.

Ол сондай ауыр ойда жүрген күндердің біреуінде, оның көзі де, жайлаудағы жұрттың көзі де бір атты мініп, бір атты жетектеп, ауыл - ауылдың арасында шоқыта шапқан біреуге түсе кетті.

— Е, қайда барасың? — деген сұрауға:

— Тоқсанбай байға ас11берілетін еді, соған сауын22айтып жүрмін, — деп жауап берді ол.

— Қашан болады, ол ас?

— Енді бір айдан кейін.

— Қанша елді шақырды?

— Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы, Кереку, Қызылжар, Омбы — осы жеті ояздың елін түгел шақырды.

— Ойпырмай, оған не деген ас шақ келеді?!

— Тоқсанбайдың өз малынан мың қой, жүз ту бие, ілік - шатыс, құдандасынан жүз елу ту бие, мың жарым қой, барлығы — екі мың жарым қоймен, екі жүз елу жылқы сойылады, солардың еті жетпей ме? Қымызына жиналған жұрт өзі әкеледі.

Бір ай асқа әзірленген жұрт сабаларын екі доңғалақты қазақ арбаға артып, біреу салт, біреу арба жегіп... дегендей, Тоқсанбай аулына, жан - жақтан ағыла бастады. Ормансыз жазық кең дала, құмырсқаның илеуіндей қыбырлаған адамнан көрінбей кетті.

Бұл топтың ішінде Нұрмағамбет те жүрді. Ойы жүдеген шақта бойы да жүдеген оған, асқа аттанарда шешесі ұрысты. Нұрмағамбеттің еркіне салса, бұл асқа бармас та еді. Өзге жұрт жиналып жатқанда үйінде бейғам отырған оған:

— Сен неге отырсың?—деді Қалампыр.

— Жәй...

— Асқа бармаушы ма ең?

— Не алам, содан?

— Жоқ, барасың!—деді шеше, бұйырған дауыспен,— немене, жүнжіп кеткенің? Осындай жігіт бола ма екен, басына түскен бір іске мұқап қалған?.. Көрсетпе, ол қылығыңды көзіме! Бар, асқа!.. Және бұл жүдеген түріңмен емес, жақсы киініп, ер-тоқымыңды жақсылап бар!..

Бұйрығына көндірген шешесі, «ауылға келгенде киесің» деп даярлатып, сандығына салып қойған қазақы жақсы киімдерін,

...