+1 дауыс
10.5k көрілді
Ми жақсы дамуы үшін қандай көкөніс немесе жеміс-жидек пайдалы?

5 жауап

+2 дауыс
малина
<img src=" id="il_fi" height="400" width="600" style="padding-right: 8px; padding-top: 8px; padding-bottom: 8px;">
свекла
<img src=" id="il_fi" height="454" width="675" style="padding-right: 8px; padding-top: 8px; padding-bottom: 8px;">
алма
<img src=" id="il_fi" height="422" width="676" style="padding-right: 8px; padding-top: 8px; padding-bottom: 8px;">
асқабақтың дәні
<img src=" id="il_fi" height="333" width="377" style="padding-right: 8px; padding-top: 8px; padding-bottom: 8px;">
және басқа да жеміс жидектер.негізі жеміс жидектердің барлығы дерлік пайдалы бананнан басқа
неге бананнан басқасы?
банан зиян ғой көп жеуге болмайды
м түснікті бұрын білмеген едім.
Банан зиян?... ФАКТЫ керек болып тұр, Бананның құрамында С дәрумені мен кальций көп ғой қайта, Ал кальций жетіспесе адам 150 ден астам түрлі ауруға шалдығады.
Бананның қай жері зиян, Адамның ДНҚ - сы бананмен 50% - ы ұқсас, керісінше пайдалы, Маніңше Жеміс - жидектің пайдасы болмаса зияны жоқ
0 дауыс
шоколад!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
НУУУУУУУ шоколад жеуден жарыс болса алдыңғы қатардан көрінемін ғо)) Бірақ өзгелерден асып баратқан миым байқалмайд сондада..
0 дауыс
Миға арналған дәрумендер

Миға қандай дәрумендер пайдалы? Сөзсіз, барлығы. Бірақ, кейбірі  — ерекше пайдалы. Нақты бір дәрумендердің жетіспеушілігі біздің ой-қабілетімізге теріс әсер етеді. Ол қандай дәрумендер?
 
Заманауи медицина бекітеді: ағзада әрдайым кейбір дәрумендер және микроэлементтер қоры болса, егде жас кезінде де ой-қабілеті күшті, ақыл-есі жақсы болады. Бұл, соншалықты таңғаларлық емес.
 
Біріншіден, мидың қалыпты жұмыс жасауы үшін оттегі қажет, бұл дегеніміз, оттегін тасымалдауда және тканьдік тыныс алуға белсенді қатысатын дәрумендер де қажет. Бұл бірінші кезекте цианкобаламин (В12) және фолий қышқылы (В9).
 
Екіншіден,  жүйке тканінің құрылымын зақымдайтын радикалдардың болуына өте сезімтал. Олардан қорғалу үшін, миға антиоксиданттар қажет.
 
Дәрмендердің арасындағы күшті антиоксидант — Е. Пиридоксин (В2) және аскорбин қышқылы  (С дәрумені) антиоксидант қасиетіне ие.
 
Сонымен қатар, ми жасушаларының қалыпты жұмыс істеуі үшін, никотин қышқылы (РР дәрумені) — нейромедиаторларды, сонымен бірге, жүйке трактінің жұмысын қамтамасыз ететін А дәруменін жеткізуші керек.
 
Мидың гиповитаминозы

Бұл дәрмендердің жетіспеушілігі миға қаншалықты қауіпті? Естің және эмоцияның күйіне бірінші кезекте  В6 және В12 гиповитаминоз әсер етеді. Бұл дәрумендер ағзада жиналмайды, сондықтан олардың қорын күнделікті толтыру қажет. В12 кішкене жеткіліксіздігінен — миға оттегі жетпейді. Оттегі жетіспеген жүйке жасушалары есте сақтай алмайды. Пиридоксиннің келіп тұруы азайса,  — миға бос радикалдар шабуыл жасайды. Ол миды өте «шаршатады».
 
Бауыр, бұзау және тауық еті осы дәрумендерге бай. Олар көкөністерде де болады: шпинатта, жасыл бұршақта.
 
Миға арналған супер дәрумен — Е дәрумені. Қуатты антиоксидант. Оның тапшылығы координацияға, ес, үйрену қабілетіне әсерін тигізеді. Бұл дәрумен майда ерігіш, сондықтан ол майлармен бірге жақсы сіңіріледі.Е дәрумені өсімдік майы, көк-шөп, жұмыртқа және бауырда (әсіресе балық бауырында) болады.
 
А  дәруменінің тапшылығы, бірінші кезекте жүйке сезгіштігіне әсерін тигізеді. Көру қабілеті нашарлайды, қоздырғыштарға реакциясы азаяды. Бұл дәруменді үлкен мөлшерде бауырда, сонымен қатар қызыл түсті көкөністер мен жемістерден табуға болады.
 
Миды немен қоректендіру керек
 
Байқап отырғаныңыздай, ми үшін барлық қажетті дәрумендер көзі — жануарлар немесе балықтар бауыры. Екінші кезекте пайдалы өнім жұмыртқа болып табылады. Үшінші орында — көкшөп (ақжелкен, аскөк, қымыздық, саумалдық, балдыркөк). Көкөністердің ішінен назарымызды қырыққабатқа, сәбізге, жасыл бұршақ аудара аламыз. «Бондюэль» компаниясының «Маседуан» көкөніс салатындағы консервіленген жасыл бұршақ миыңызды толық қоректендіреді.
 
Қаражидек ми жұмысын жақсартады. Дәмді және дәрумендерге бай жидектер миға демалып қана қоймай, уыттардан қорғану мүмкіндігін береді, сонымен қатар  оны қарапайым қантпен «қоректендіреді»: жүйке ткані үшін негізгі қуат көзі болатын глюкоза және фруктоза.
 
Ақыл-ойымыздың күші мимыздың күйімен тығыз байланысты. Миыңызды дұрыс қоректендіріңіз, сонда ол сізге ұзақ жылдар бойы қызмет етеді.
В1 В6 В12 витаминдері бар тағамдармен қоса теңіз өнімдерін,балық етін жептұрған дұрыс, олардың құрамында микроэлементтер көп .Мысылы: фосфор, магний, кобальт т.с.с.Мидың қызметіне лецитиннің әсері ерекше.Ол бөдене жұмыртқасында көп. Қазір дүкендерде толып тұр. Күніне төртеуін шикілей ішсеңіз пайдасы зор. Әсіресе жас балаларға жылы ботқаға араластырып беруге болады. Өз тәжрибемнен байқағаным, менің баларым алғыр, интеллекттері үлкен адамдардай ,осының әсері деп ойлап жүрмін. Тағы айтайын дегенім дисбактериозбен күресу Дисбактериоз болған адамдарда В витаминдерінің тапшылығы пайда болады. Негізі пікіріңізге жақсы баға беруге болады
0 дауыс
http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/4063
http://densaulyk7.delo.ws/emdik-өsimdikter/shipaғa-kerek-өsimdikter/shipaly-zhemister-men-өsimdikter/
әділет кішкентай болсада жаз да толығырақ мына сайтта десей ертең админнен ескерту алып қаласың
0 дауыс
Ми жақсы жұмыс жасау үшін жақсы заттарды көбірек ойла)))) (қалжың)
     Ми жақсы жұмыс жасау үшін, яғни есте сақтау қабілетін жақсарту. Ол үшін пайдалы кеңестер-->> Жаңғақты майдалаймыз, оны балмен араластырамыз да 1 аптадай қойып қойамыз,  сұйық болмасын, қою болу керек. Кейін күнде қалаған уақытта қолданасың.
      Мынадай жаттығуларды жасаған да жақсы:  саусақтардың басын қатты-қатты қысу нервке жақсы, алақан мен табанда  оқтаумен немесе жуандау сол сықылды затпен қатты батырмай ұры. Міне осыларды пайдалы деп санаймын.Өзімде қолданамын. Алма да жақсы.
...