+1 дауыс
567 көрілді
Пістенің қандай пайдалы жақтары бар? Қандай жақсы жақтары бар?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Пісте шағудың пайдасы мен құрамы

Жоғарыдағыларды оқып алып, қолыңыздағы пістеден құтылу үшін қоқыс тастайтын шелекке қарай асықпай қоя тұрыңыз! Күнбағыстың азықтық талшығынан келген пістенің дәні ішектің қалыпты жұмыс жасауына көмегін тигізеді. Күнбағыс пістесінің дәндерінде кездесетін қою майлы қышқыл халестериннің төмендеуіне жәрдемші. Бүгіндері біз дәріханаларға жиі бас сұғып «тонналап» алып жүрген дәрумендердің осы пістенің құрамында барынан да хабарсызбыз. Қарапайым пістенің құрамында көздің көруін жақсартатын және теріні жас қалпында сақтайтын А дәруменінің, ми қабатының қалыпты жұмысына жауап беретін Е дәруменінің бар екенін де біліп жүргейсіз. Пісте дәнінде кездесетін В тобындағы дәрумендер қайызғақ пен ұшықтан сақтануға көмектеседі. Сонымен қатар ол ұйқысыздық пен күйзелістен де құтқарады. Ал D дәрумен сүйектеріңіздің құрамындағы кальцийді арттырып, оның беріктігіне жуап береді.

Күнбағыс пістесінің дәні, сонымен қатар, ұмытшақтық ауруы мен жүрек қан тамырына байланысты дерттерге де ем.

Пістенің құрамында 20 % ақуыз және таптырмайтын аминқышқылдар кездеседі. Құрамында магний, мырыш сынды микроэлементтер де бар. Магний жүрек қан тамырлары мен мидың қалыпты жұмыс атқаруын реттеп, ойлау дәрежесінің қызметін арттырады. Күнбағыс пістесінің 100 грамм дәнінде 311 мг магний кездеседі. Ал мырыш – сұлулықтық асқан «мүсіншісі». Ол шаш пен тырнақтың саулығына сақтап, иммунитетті артырады. Мұнымен қоса оның құрамында мыс пен селен де баршылық.

Барлық пісте дәндері «психотерапевтық» әсерге ие. Шылым шегуді тастағалы жүрген адамға пістенің ауыз толтырып айтарлықтай пайдасы бар. Шылымды қажет етіп тұрған уақытында пісте шақса, шылымға деген ықыласы бәсеңдемек.

Әрине, шешім өзіңізде: біріңіз зиян көріп, пістеден бас тартарсыз, ал біріңіз жоғарыдағылардан түйін шығарып ем ретінде де пайдаланарсыз.
Бірақ пісте шағудың пайдасынан гөрі зияны көп сияқты
<img src=" id="il_fi" height="270" width="420" style="padding-right: 8px; padding-top: 8px; padding-bottom: 8px;">

Ұқсас сұрақтар

...