+2 дауыс
3.7k көрілді
Жадыраған жаздың бір маусымында сиыр, бұзауларға бір жау тиеді. Оқалақ деген.Сиырлар тіпті өрістен қашып келетін.Сол шағып алған бұзауымызды әжем екеуміз екі күн іздеп , көрші ауылдан зорға таптық. Шағып алғанда жүгіретіні сондай атқа да жеткізбейді. Ал сол оқалақ адамды шағып алса қандай болады деп ойлап қоямын. Жүгіріп кете ме екен?! Оқалақ шаққан адамға қалай көмектесу керек?
Осы сайтта сіздің қойған сұрақтарыныз ұнайды!Сіз мен естімеген білмейтін сұрақтарды қоясыз!Пайдасы,керегі жоқ сұрақтарды қоймайсыз!Сіз қойған сұрақтардың бәрін + тұрады бұл деген енді....!
Рахмет. Пайдасы тиіп жатса қуаныштымын. (blush)

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сиыр Оқалақ шаққанынан жаны шықпайды. Оқалақ сиырдың тілімен де, мүйізімен де, құйрығымен де, тұяғымен де қасый алмайтын сегізкөзінің айналасынан жон арқадан шағады дағы сол жерге жұмыртқа салып кетеді. Сол жұмыртқалар ет пен терінің арасында құртқа (личинка) айналып өсіп жетіледі.  Міне сол құрттар күн ысығанда  жыбырлайды. Солардың жыбырына жаны шыдамаған сиыр жынданып кете жаздайды. Негізі шаруалар оқалақ құрттарын сиырдың арқасынан өткір қандауырмен (ланцет сияқты арнайы пышақ) тіліп алып тастайды. Оқалақ адамды шақпайды.
 

Бұл сұрақты бекер қойғаным жоқ. Бірде құрбыммен Шымкенттің Медакадемиясы туралы әңгіме қозғап едік.  Оқуға түсер жылы . -Ол медакадемияда білім жоқ. Басқа қаланың медицина мекемелері :" Шымкенттің медакадемиясының дипломы жарамайды" -деп жұмысқа қабылдамай қояды. Басқа қалаға тапсырайық дегенмін. Сонда құрбым бір жақын інісінің қатты ауырғанын, иығына жара шығып. Апасы Астана, Алматыға апарып   емі болмаған соң  Шымкентте дәрігерге көрсеткенін. Ол оқалақ шағып алған деп иығындағы инесін алып тастағанын. Содан жазылып кеткенін айтып берді.  Ал ол емдеген жігіт Шымкенттің Медакадемиясын бітірген екен. Адамды  да шағып алатын кездері болады екен Жако аға!
Көркемтай, кім біледі, өзім ондай жағдайға жолықпадым. Бала кезімде мал арасында көп болдым, тегі ондайды ешкімнен естімеппін. Өмірде не болмайды, дәрігерлермен таласпаймын.Ал енді бірлі жарым келеңсіз жағдайларға бола бүкіл бір медакадемияның түлектерін қаралауға болмас, олардың арасында да небір білікті мамандар бар екеніне дау болмас. Әрі - беріден соң біліктілік тек оқумен емес, тәжірбиемен де келеді емес пе?
Ия дұрыс айтасыз.
+1 дауыс
Көркем қыз! Оқалақ (оқыра) тек ірі қара малдарын омыртқа тұсына шағып, ұрығын тастап кетеді. Кейін ол жері топайып іседі, ұрық құртқа айналады. Осылайша құрт қыс айларын өткізеді. Емдемесе, құрт тесіп шығып, қайтадан оқалақ шыбынына айналады. Оқалақ адамды шақпайды.
Мейлі шақпаса шақпасын. Естігенімді айтам да(call)

Ұқсас сұрақтар

...