0 дауыс
248 көрілді
Астана күніне орай Стинг деген әнші келеді деп еді ғой неге келмейтін болды?

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Стинг Қазақстанда мұнайшылардың құқықтары сақталмайтындықтан келмейтін болыпты. Бұл туралы әншінің ресми сайтында жазылды. “Amnesty International” ұйымы Стингті Қазақстандағы мұнайшыларды, олардың ұйым жетекшісін, құқын қорғаушыларды және олармен жұмысжасайтын құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымдарды қудалау мен оларға қысым көрсетілетіндігі жайлы хабардар етті. Мұнай мен газ саласындағы қызметкерлер мен олардың жақтастарының құқықтарының өрескел бұзылуына байланысты атақты әнші 4-шілдеде Астана қаласында “Астана күні” мерекесіне байланысты өткізуі тиіс көрсетінен бас тартты. Болған жағдайды басқаша түсіндірген ұйымдастырушылар Стингтің концертінің болмайтындығын ресейлік техникалық жабдықтарда пайда болған кемшіліктермен түсіндіріп еді. Енді міне, Стингтің өзі ресми сайтында болған жағдайды баяндап, “Адам құқықтары сақталмай отырған елде өнер көрсетпеймін” дегендей жауап қайтарды.
олай болса, онда дұрыс жасағаны
+3 дауыс

 

Атақты британдық рок-музыкант Стингтің 4-шілде күні Астана қаласында “Астана күні” мерекесіне орай өтуі тиіс концерті өтпейтін болды. Бұл жайлы концертті ұйымдастырушыларға сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр.

Стингтің концертіне қажетті техникалық жабдықтарды әкелуі тиіс ресейлік STSкомпаниясының жақбықтарында кемшіліктер болып, соның салдарынан қалтасы қалың адамдар күткен аты аңызға айналған адамның концерті болмайды. 

Стингтің концертіне кіру үшін ең қымбат билетті 100 мың теңгеге, ал ең арзан билетті 7 мың теңгеге сатып алған адамдарға билеттерінің құны 11-шілдеден бастап толықтай қайтарылады.

+3 дауыс
Британдық белгілі музыкант Стингтің Маңғыстау мұнайшыларын қолдау мақсатында Астана мерейтойына бармайтындығы жайлы ақпарат ереуілшілердің көңілін бір серпілтіп тастады.
фото Жанны БАЙТЕЛОВОЙ, газета "Время"

Азаттық тілшісімен әңгімелескен мұнайшылар бір айдан бергі наразылықтарына әлем назары ауа бастауы көңілдеріне үміт отын ұялатқанын айтады.

"ҚАЗАҚ ӘРТІСТЕРІ СТИНГ ҚҰРЛЫ БОЛМАДЫ"

- Алты қырдың астындағы ағылшын әншісінің "мұнайшылар біздің қолдауымызға мұқтаж, азаматтарыңды аяққа баспаңдар" деуі жүрегімізге жылу ұялатты. "Қанына тартпағанның қары сынсын" деген бар.

Енді міне, масқара болып, жұрттан көмек күтіп отырмыз. Билік басындағылардың қарапайым азаматтарды адам қатарына санамауы - шірік көкіректік, - деді Азаттық тілшісіне "ӨзенМұнайГаз" өндірістік филиалы операторы Арыстан Жарылғасов.

Ал аты-жөнін айтпаған тағы бір мұнайшы "қазақ әртістері Стинг құрлы болмады, олардікі - тарысы бардың тауығы болып күнелту" деді.

"Азат" ЖСДП Атыраудағы филиалы жетекшісі Жұмабай Доспанов әйгілі музыкант бұл әрекетімен президент Назарбаевтың беделіне үлкен нұқсан келтірді деп санайды.

- Шетелдік азаматтың Қазақстан билігіне ашық наразылық танытып, жұмысшылардың құқының бұзылғанына назар аударуы - нағыз прогрессивті қадам.

СТИНГТІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Әйгілі британдық әнші Стинг шілденің 4-і күні Астанада концерт беруі тиіс болатын. Шілденің 3-і күні әншінің вебсайтында арнайы мәлімдеме жарияланды.

Онда әнші Қазақстанның мұнай-газ саласындағы "құқықтары тапталып жатқан" жұмысшылар ереуіліне қолдау көрсету белгісі ретінде Астанада жоспарланған концертінен бас тартатынын айтады. Оның бұл шешімін Amnesty International халықаралық адам құқығын қорғау ұйымы құптап үлгерген.
Мамыр айынан бері еңбекақыға байланысты талаппен ереуілдеп жатқан Маңғыстаудағы "Өзенмұнайгаз" кәсіпорнының 250 жұмысшысын кәсіпорын басшылығы өткен аптада жұмыстан шығарғаны туралы Азаттық радиосы хабарлаған болатын.

Дегенмен Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мен мемлекеттік ақпарат құралдары әнші "ұйымдастыру-техникалық себептерге байланысты" келе алмайды деген ақпарат таратып жатыр.

Стинг 2009 жылғы қараша айында Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнора Каримованың шақыруымен Ташкентте концерт берген еді. Сол сапары үшін ол адам құқын қорғаушылар сынына ұшыраған болатын. The Guardian газеті Өзбекстан президентінің қызы сол жолы Стингтің Ташкентке келуі үшін 2 миллион фунт стерлинг төлегендігін жазады.
...