+2 дауыс
492 көрілді
Құрметті СҰРАҚ-ЖАУАП сайтының қолданушылары. Сіздерді бүгінгі тәуелсіздіктің 21 жылдығымен құттықтаймын! Бабаларымыз осы күнді көру үшін жауына басын беріп, от кешті. Мына біздердің амандығымыз үшін күресті. Ендеше жүздеріңізден күлкі, бастарыңыздан бақ кетпесін. Азаттықтың алауы ешқашанда сөнбесін. Әлемге қазақтың атын шығарар батыр ұл мен қайсар қыз боп өсіңіздер.

7 жауап

0 дауыс
(happy) өзіңеде соны тілеймін (talk)
+3 дауыс
Осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын!Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 21  жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді.
  Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін.Марат өзіңе де соны  тілеймін!*</font>

Желтоқсан
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.</font>

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.</font>

Авторы:Сырым Әуезханов
0 дауыс
рахмет өзіңе де!Жылдан жылға жете берейік
<img src=" id="il_fi" height="455" width="455" style="padding-right: 8px; padding-top: 8px; padding-bottom: 8px;">
0 дауыс
Қалайша биыл мерекелеп жатсыңдар? Өткен жылғы Жаңаөзенде қанша адам қыршыннан қиылғанын қалайша ұмыттыңдар?! Хотя бы, биыл мерекелемей сол адамдарды еске алу керек еді... Жазықсыз өлген, жас балалар, әйелдер, парадқа шыққан адамдар, әжелер, жасөспірімдер...! Қалай болса солай атып тастады! Халықтың мұңын түсінбеді!! Қызылдарды жазықсыз өлгендердің, қарғысы, лағынеті атсын!!! Халықтың бейкүнә адамдарын қырғандар о дүниеде де бұ дүниеде де тозақ отында жанғай! Ххффуй тфуй түкірдім үкіметке! Ондай жатып жер, қарны қампиған, қолынан дым келмейтін, бірақ сөзбен, ақшамен жеңетін биліктегілер,елбасы,депутаттардың керегісі жоқ! Бар болғанша жоқ болсын! Жоқ болмаса бүл болсын! Қарғыс атсын оларды!!!
Қатты кетпе інім. Алаш жұрты аңсаған бұл тәуелсіздік Жаңаөзен қасында түкке тұрмайды. Екеуін салыстыруға келмейді. Тәуелсіздігіміз нық, еліміз тыныш болмаса онда бөлек әңгіме.
Айтып отырғыаның дұрыс. Дегенмен сан ғасырлар бойы қолымыз жетпеген азаттықтың алауы тұтанғанына 21 жыл толды, бүгінде. Ендеше жан алысып, жан беріскен баларымыз армандаған тәуелсіздікті қалайша тойламаймыз?!
Иә солай шығар. Бірақ сіздер дәл сол күні Маңғыстауда болсаңыздар, менің айтқаныма қосылар едіңіздер... Неткен сұмдық !... Тойламайық демейм! Тойлайық!
Жаңаөзеннің жанайқайын елмен бірге естідім, көрдім. Өз жерімнің ерлерінің ерігін дұрыс емес деп жатқаным жоқ. Жаңаөзеннің құрбандарына арналып ас берілді. 16 желтоқсан тәуелсіздік күні және 86 жастарының азаттыққа ұмтылған күні.
0 дауыс
Елу жаста елім бар" деп айта алмай,

Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай,

"Елім бар" деп айтатұғын туды күн,

"Елім бар" деп шырқатайын мен бүгін

Қойсын енді Қорқыт бабам сарнамай.

 

Асан ата, желмаяңа бер тыным,

Сен таппасаң, бізден-таптық жер тыңын.

"Гүлжазира", "Жерұйықтан" кем бе екен,

Мынау дала - біздер өскен кем бе екен.

Қазыналы ел "Қазақстан" дейтұғын.

... Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Қас дұшпанның қиқаңына көнбейміз,

Ел намысын кескілеспей бермейміз,
0 дауыс
Желтоқсан оқиғасы соның ішінде бір жыл бұрын болған Жаңаөзен оқиғасын еске алып отырғанда Тәуелсіздік күнін тойлауда құттықтауда орынсыз. Тәуелсіздік күнін өзгерту керек оданша. Желтоқсан қазақтар үшін қара қамыт киген күн болып тарихта қалып қойды.
0 дауыс
Барша Сұрақ-Жауап сайтының қолданушыларын, бүгінгі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
...