Руыңыз қандай? Байбақты деген естуіңіз бар ма? [жабық]

0 дауыс
14.0k қаралым
Менің руым Байбақты.Көбі білмей жатады.Қазақ болған соң ру біліп жүрген жақсығой.Сіздің руыңыңыз қандай?
Сұрақтың жабылу себебі: Бұл сұрақ өзіне қажетті жапты алды, оны қайталап аша берудің не қажеті бар?
• Санаты: Өмір, Тіршілік | 14.0k қаралым
Ұлы жүз-Дулат.

55 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Жандар,Байбақты — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Байұлынан таратылады. Байжиен, Батақ аталарына бөлінеді. Ертеде Еділ мен Жайық өзендері аралығын қоныстанған. Сондай-ақ, Ресейдің кейбір облыстарында да ұшырасады. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Мәлке, Күшпен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым, т.б. билер мен батырлар шыққан. Ұраны — Дәуқара, таңбасы — бақан. Біздің ойымызша, Байбақты руының тарихы өте қызықты. Айтар болсақ, Кіші жүз руларының көпшілігі сияқты, бұл рудың да шығу тарихы осы уақытқа дейін айқын болмай қалып өтыр. Байбақты руының шежіресін қарастыра келгенде, тоқсаба оның төртінші ұрпағы болып келетінін көреміз. Осыған байлаиысты XV ғасырдағы орыс деректемелерінде және Бейбарыс ( ) пен Ибн-Халдуңда бар ертедегі қыпшаңтардың тоқсаба руы туралы мағлұмат қызықты, онда тоқсаба руы бірініні болып көрсетіледі. Бұл жайт бізге бүкіл байбақты руы болмаса да, оның әлде бір бөлігі ертедегі қыпшақтардан шыққан деп жорамалдауға мүмкіндік береді, оның үстіне неғұрлым кейінгі кездегі қыпшақтарда тоқсаба руы жоқ. Басқа да көптеген қыпшақ тайпалары сияқты, тоқсабаның кейіннен Кіші жүз құрамына, ал бір бөлігі ішінде қыпшақ руы бар қарақалпақ халқына енгені анық; соңғыларының ұраны Тоқсаба болып табылады. Ал рудың жаңа атауы (байбақты) шынында да жиі жорамал болып келгеніндей, кейіннен пайда болуы мүмкін. Ертедегі деректемелерде Байбақты руы туралы айтылмауын, бәлкім, осымен түсіндіруге болар. Байбақты руының таңба белгілері: және . (Тынышбаев бойынша). И. Мейер де бір ғана белгісін келтіреді. Таңбалардың осы әр алуан түрін мұқият қараған кезде олардың бәрі бірдей ұқсас екені және біреулерінде кішкене сызықшалардың негізгі сызыққа тік бүрышпен, ал басқаларында қиғашталып келуімен ғана ерекшелеттеді. Байбақты руының ұраны «Дәуқара», бізге Н. И. Гродеков пен М. Тынышбаевтың деректері бойынша ғана мәлім.[1]
+1 дауыс
Кіші жүз, Әлім шынымды айтсам Бейбақты деген руды естімеппін)
Менде кіші жүз. Байұлы. 12 атаның бірі  Байбақты - Жауғашты деген ру менікі
бауырым сен байбақты руын естіп көрмесен,атырау облысы құлсары қаласына келшиш
+1 дауыс
Кіші жүз-Алтынбаймын аздап еміс еміс естимін ағаларымнан біоақ кімнен естігенімді білмейміе
Алтынбай дегенді естімеппін.Өзімде кіші жүз болсамда
Менінше Алтынбай дегенін  Біздің жақта Алтын Жаппас дейтін сияқты...
+1 дауыс
Кіші жүз - Шеркеш - Жауғашты!
Менің бір класстасымда Шеркеш. Баяғыда "Шеркеш Ё" деп жүретін еді!))
0 дауыс
Кіші жүз - Әлім - Уақпынimage
0 дауыс
Портал колданушыларынын коби Киши жуз сияктыго )))
+1 дауыс
Менде Кіші жүз-Алтынбаймын
атыңыз кім?жақын араласайық мен де Алтынбаймын
+1 дауыс
Менің руым Орта жүз-Керей-Меркіт!!!!!
ооо орта жүзде бар екенғо. а то бәрі кіші жүз деп ойласам
0 дауыс
Кіші жүз Әлім    
Байбақта деген руды естігенмін
+3 дауыс
ОРТА ЖУЗ-КОНЫРАТ-КУЛШЫГАШ
орта жүз негізі көп
0 дауыс
Орта жуз-Қоңыр ат-ЖАНДАР!!!бейбақты деген ру бар болса бар шығар бірақ естімеппінн!!!
Бейбақты емес - БАЙБАҚТЫ
Кіші жүз-торткара-бозасы-ақкиіз
мен байбақты деген руды енди естип отырм
ондай ру бар бірақ саны аздау қоңырат сияқты көп емес
+1 дауыс
Мен Кіші жүз-Бегеймін.Байбақты деген руды бірінші естіп отырмын
енде Бегей дегенді алғаш естуім
менде Бегей, кандай бегей боласын?
Бегейлер де бар екен ғой мұнда) менде Бегеймін))
+2 дауыс
Қазақтар осылай бөліне беріңдер, басқа ұлыттың жемі болып кетесіңдер ғой, өз руыңды ұмытпа ұрпақтарыңада үйрет, . бірақ Қазақ деген бір уранмен ғана өмір сүру керек сияқты! Байқайсыңдарма бауырларым, біздің руға бөлінетін жаман әдетімізден басқа ұлыттар өте жақсы пайдаланып жатқан сияқты!
+1 дауыс
Орта жуз Коңырат Құйысқансыз.Байбақты деген атақты батыр Сырым Датұлының руы.Үнемі пробныйда келетін сұрақ))))))
Құттықтаймын! сіздің жауабыңызды жаксы жауап деп қабылдаймын! Мен сол Сырым өлкесінен байбақты руы боламын.
0 дауыс
Қожа руынан шыққанмын жүзге кірмеймін
Мен жауапқа жазайын деп едім жазылмайды,сондықтан пікірге жазып отырмын.Мен де Кіші жүз Сұлтансұйықтан тараған Алаша.
Менің қайынжұртым Қожа руынан
Қожа деген ру жоқ
0 дауыс
Кіші жүз бәрі білетін АДАЙ!)
+1 дауыс
Мен КИШИ ЖУЗ, он еки ата бай улы, таздын бес сарысымын ким билет?
0 дауыс
Біз, Мансұр екеуміз ҚАЗАҚПЫЗ
0 дауыс
Кіші жүз>Байұлы>АДАЙ>Шегем>Қаржау
0 дауыс
<a href='http://rghost.net/42738014.view'><img src='image /></a>(Кіші жүз Алаша 12 ата Байұлы)
Жаппас Z қандай әдемі көрінеді десеңші!
0 дауыс
Орта жүз-Кереймін))байбақты руын Сырым Датұлы арқылы білем, сегізінші сыныпқа дейін білмегенмін))
+1 дауыс
Кіші жүз--Әлімұлы--Шөмекей--Аспан--Есенәлі--Аю     Негізінен Әлімұлы,Байұлы деп бөлінбей ме? Сол сияқты басқа кереғар пікір бар(бұл шөмекейлерге)Шөмекей Әлімнің ұлы емес дегенде пікір бар ,Шөменнің ұлы деген.менің руым осындаааай тарихыы
+1 дауыс
Кіші жүз-------Байұлы-------Адай
+1 дауыс
Адай — Кіші Жүздегі Байұлы тайпаcының құрамына кіретін ру аты. Адай руына кіретін халық көбіне Маңғыстау облысында тұрады. Басқа облыстарда да адайлар бар. Адайдың Тәзіке атты немересінен тарайтын ұрпақ қазіргі Атырау облысында кеңінен тараған, олар ерте заманда қалмақтармен болған соғыстарға қатысып, Жем, Нарын бойларында қалған Адай руының ұрпақтары
0 дауыс
Байұлы Қызылқұрт руынанмын,бөлімім Ерші.Байбақты руын білем өйткені туған жерімде олардан көп ру жоқ.Кезінде аталарым Маханбет-Исатай көтерлісіне қатысып, жеңіліс тапқанан кейін қудалағанда Байбақты руы Қызылқұртқа пана берген.Жалпақтал даласынын Байбақтыларына көп рахмет.
0 дауыс
мен бай ұлынан шеркештің қойысымын,(қаракемпір шеркеш)
+1 дауыс
Байбақты деген руды естiмедiм (шынымды айтайын) менде АДАЙ руынан шыққан қазақ баласымын! Кiшi жүз => 12ата Байұлы => Адай
0 дауыс
Тарқтымын ! Тарақты орта жүздің ноқта ағасы !
0 дауыс
Кіші жүз ЕсенТемір өз руым! Байбақта естуім бар саяси тұлғалардын бірі Сырым Датұлы сол Байбақты руынан шыққан.
0 дауыс
Кіші жүз-Байұлы - Адай-Қосай (Түрікімен Адай)
0 дауыс
Менің руым -Асан.Байбақты деген руды алғаш сізден естіп отырмын.
Менікі КІШІ ЖҮЗ>>>>БАЙҰЛЫ>>>>АДАЙ>>БЕКТЕМІС>>>ЖАРЫ! ! ! ! АДАЙЛАР ЖАСАСЫН! ! !
ҚАЗАҚ жасасын де карындасым
0 дауыс
Менің руым -Кіші жүз, Байұлынан тараған,ҚЫЗЫЛҚҰРТ руы!
0 дауыс
Мен Кіші Жүзбін, руым - Адай, оның ішінде - Бегей.

Байбақты руын естіп жүрмін, Ақтау, Атырау жақта болуы керек...менімше...

Сырым Датұлы да Байбақты руынан шыққан батырымыз емес пе?! :))))
дұрыс байбақты руы ақтау атырау орал ақтөбе ресейде бар және бағы басқа
0 дауыс
Менің руым божбан оның ішінде қоңырат,оның ішінде қайсарымын.Алпамыс батырдан таралған)))Байбақты деген руды білем,кіші жүзден ғой десеңя)алдыңғы жауаптарды оқып ап)) жоқ естімеппін))
0 дауыс

АДАЙЛАР   барма??????????????       Мен АДАЙмын

EleuOFF, МЕН ДЕ АДАЙМЫН!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
29.01.2023 • Санаты: Жалпы сұрақ Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы