+1 дауыс
6.9k көрілді
Сәлем!Маған Заң- заман зердесі таққырыбынды сұрақтар тауып бересіздер  ме?Рахмет!

1 жауап

+1 дауыс
1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitutio» құрылым, өкілім);
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы? (Халық);
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін);
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж., 1995 ж.);
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламен);
6. ҚР-сы азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (Міндетті емес);
7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан);
8. ҚР-сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік);
9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
10.  ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан);
ІІ топ сұрақтары:
1. «Құқық» дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі);
2. ҚР-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан);
3. ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? (Ешкімнің құқығы жоқ);
4. ҚР-да ресми түрде қолданылатын тіл? (Орыс тілі);
5. ҚР-да «Баланың құқықтары туралы» Заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж., 8 тамыз);
6. ҚР-ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 ж. 15 қараша);
7. ҚР-сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлы мемлекет);
8. ҚР-сы қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның);
9. «Жеті жарғы» бір құнның мөлшері қанша? (Мың қой);
10. Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы);
ІІІ топ сұрақтары:
1. «Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (Халық билігі);
2. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948, 10 желтоқсан);
3. ҚР-ның басқару нысаны қандай? (Президенттік республика);
4. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің иқұқығы бар? (Президент пен Парламенттің);
5. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж., 4 маусым);
6. ҚР-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (10 тарау, 53 бап).
7. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті? (Халық бірлігі мен тарих жылы);
8. 17 желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні);
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан);
10.  Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды? (1989 ж.).
...