0 дауыс
795 көрілді
Біздің қаланың 70 пайызы орыстар. Сол үшін қазақтар да орысша сөйлейді. Егер мен автобуста, көшеде орыстар орысша сұрағанда қазақша жауап берсем қалай??? Олар қазақ тілін білуге міндетті ғой!:D

9 жауап

0 дауыс
ммм ия шыныменде қазақ тілін білуге міндетті !
0 дауыс
иә қазақша жауап бер,түсінбей қиналады сосын сол сөзді аударып орысшаға бұл сөз былай қазақша болады деп түсіндіріңіз кішкентай болса да үйрене берсін
<img src="/userdata/13120/user_photos/scroll_medium/6150/78c337ea89424f4663bfdd274800dadb.jpg" alt="" style="height: 180px;">
0 дауыс
ия олар Қазақстанда тұрып жатыр гой сондықтан оларда қазақ тілің білу керек деп ойлайм
+1 дауыс
Бұл ойыңызды қос қолымды көтеріп қолдаймын, оларды мәжбүрлеп үйрету қажет емес, олар үйренуге мәжбүр болу керек. ал сіз қазақша сөйлесеңіз олар оны түсіну үшін қазақтың тіліне мәжбүр болады.
0 дауыс
Күлкім келіп тұрғаны. Мен оқушымын, кошеде, маршрутта отырғанда көретінім, өзіміздің қазағымыз  баласына орысша сөйлеп, үйретип отыр. Және де кейбір адамдар менің балам орысша сөйлид, қазақша ваше сөйлемид деп мақтанад ( ол кемдик) . Осы 1 жыл бурын қужат барі қазақша болад деп жатыр едиго, сонда мына орыстар қазақша курсқа барып жатыр ед, сол заңды неге шығармад.
үйткені, заң шығарып отырғандардың өзінің қазақшасы жетісіп тұрған жоқ, құжаттың бәрі қазақша болып кетсе, олар қиналып қалады ғой, сондықтан халықты емес, өздерін ойлап, ол заңды кешеуілдетіп жатқан болар.
0 дауыс
Ештеңке етпейді ! Сен қазақсың, өз еліңде өмір сүріп жатсың! Оларға мән бермей, қазақша сөйле,себебі өзге елде тұрып жатқан жоқсың, орыс тілі міндетті емес! Мен сияқты наглый қазақ бола біл! Дүкенде,базарда кез-келген жерде түрік,орыстар қазақша сөйлейді егер қазақша сөйлесең (мен көрген өзге ұлт адамдары) ал біздің қазақтар...... Ааай! Тіпті депуттар қазақша білмейді , бұл масқарағой, сөз сөйлегенде қазақша жерін жаттап, а ,ү, мм деп тұрып қалат, жаттағаны белгілі боп қалады.. Олар білуге тиіс қазақ тілін, өйткені қазақ жерінде туып,өсіп,оқып т.б. Жүр!.....
+2 дауыс
Әйтеуір айтып жатырсыңдар) шынында солай болып жатса, барің де орысша жауап бересіндер ғой... мойындау керек... жалпы қазақшаландыруға көшу үшін кәдімгі қатал ЗАҢ керек! Айыппұл (штраф)  салу керек... тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болды, жүрісіміз мынау... "үш тұғырлы тіл" дейміз ғой тағы, қазақ тілі қатырып алмай жатып... Шаханов сиякты бірлі жарым азаматтарымыз ғана шын жаны ашып жүр...
Міне, мынау дәл қазіргі рухсыздану өрісі:
Биліктегі қазақтардың жарымынан көбісі
Ұлтын, тілін менсінбейтін мәңгүрттерден құралған,
Енді олардан ұлтты қорғау – бәрімізге ұлы арман.
 
«Үш тұғырлы тіл» қоғамға тосын әрі қасаңдау,
Мемлекеттік тілге зорлап екі тілді қосарлау,
Нәрестеге бірден үш тіл үйретпек боп «шошаңдау» –
Оның ана тілге деген махаббатын асарлау
Және педагогтік оғаш қателіктен қаша алмау.
Жапондарда әр жас буын он екіге келгенше
Ана тілде тәлім алар, ана рухы жеңгенше.
Сонан кейін тіпті жүз тіл меңгерсең де өз еркің,
Қашан туар екен бізге ана парқын сезер күн?
 
Кей мәңгүрттер ұлтын жою үшін жанын салуда
Кім кедергі бізге олардың табиғатын тануға?
Ұлтсыздану бағаланып мүлде жаңа табысқа,
Базбіреулер қазақ халқын айналдырмақ орысқа.
«Американдық ұлтты» ендірсе көнбіс қазақ жеріне,
Кей беделді топ оларды шығарады төріне.
Бұрын жалғыз ислам діні шуақ шашса еліңде,
Қазір төрт мың дін бөлшегі ие болды сенімге.
Ұлтты жояр бұл екі істің сәулеленіп астары,
Жұрт ерлік пен сатқындықты шатастыра бастады.
Мәңгүрттіктен бақыт тапты ұлтсыз, рухсыз көп құлдар...
Ұлтын, тілін сүймегеннің барлығы да сатқындар!
Мұхтар аға Шаханов
0 дауыс
Қазақша сөйлесем қалай болады деп қобалжыма. Мен білсем, Қазақстандағы орыстардың барлығы қазақша түсінеді, тек сүйекке қарысып, қазақша сөйлемей жүр. Оған тағы бір көмек біздің иілгіштігіміз. олардан бұрын орысша сайрап, алдырына түсіп, жол бастап береміз. Ол үшін айыппұл, жаза қолданудың да қажеті жоқ. қазақта бір сөз бар: "ит қорыған жерге өш". Орысша сөйлеме деген сайын сөйлейді, Қазақша сөйле деген сайын сөйлемей қасарысады. Сол үшін, сен өзіңе бір міндет қой. Қазірден бастап тек қана қазақша сойле!
0 дауыс
Әрине міндетті ғой өиткені олар қазақ жерінде тұрғандықтан қазақ тілін білуге тиіс.Біз орысша білеміз, орыстарда қазақша білуі керек
...