0 дауыс
440 көрілді
Кинотеатрларымызда неге үнді фильмін көрсетпейді? Үнді киносы.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Шындап келгенде, кино түсіру саны мен тездігі жағынан Үндістан Голливудты шаңында қалдырады. Жылына ол ел 1200-1500 аралығында жаңа картина түсіріп, қаншама жылдан бері әлемде ең бірінші орынды бермей келеді. Үнді фильмдері сонымен қатар әлдеқайда ұзақ, яғни голливудтық фильм 1,5 сағат болса, үндінікі 2,5 сағатты құрайды. Демек, тек саны жағынан ғана емес, мөлшері мен сапасы және көрермен жүрегін жаулау жағынан да Таж Маһал жұрты озық тұр.

 Ал енді сіз сұрағандай, «біздің елге неге келмейді» деген сұрақ пен сұранысқа қол жеткізер күн алыс емес секілді. Үнді фильмдерін өндіру саласының маманы, продюсері Пракаш Шарма қазақстандық басылымға берген сұхбатында өздерінің Қазақстан көрерменіне тиімді бағада жаңа туындылар жіберіп тұруға қуана келі­сетіндерін айтыпты. Тіпті Үнді кинофестивалін өткіземін деген ұсыныс болса, бастапқыда 20-30 фильмді көрерменге тегін ұсына да алатындарын жеткізген.
0 дауыс
Қазіргі кездегі үнді фильмдері келмейді көрсетуге
...