+2 дауыс
Кеше кешке шпор жазып, емтиханға дайындалып отырсам сіңлім жүгіріп келіп ,-Әпке қызық кино басталып жатыр дейді. -Жарайды қазір барамын сен бара бер деп жіберсем , інім келіп ,- Фильм көргің келмейме , "один дома" болып жатыр дейді. Міне қызық, екеуі бір нәрсе емес пе?! Фильм мен киноның айырмашылығы не?
26.12.2013 5.7k қаралым

3 жауап

+4 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Кино - өнердің атауы. 

Фильм - белгілі бір сюжеті бар, көркемдік ерекшелігі бар, белгілі бір өнер туындысы болып есептелетін немесе дерек-мағлұмат беретін кино өнімі. Ол деректі фильм болуы мүмкін, ол мультфильм болуы мүмкін, ол көркем фильм болуы мүмкін. Бұлардың бәрін фильм дейміз. 

Мысалы, әдебиет - ол өнер. Шығарма - өнім. Кино мен фильм де солай.

26.12.2013
0 дауыс

мына жерден қарап көр

http://otvety.google.ru/otvety/thread?tid=6bbe4dfe601ab0af

26.12.2013
0 дауыс

Көркем қыз! "Фильм" деген жалпы халыққа көрсетуге арналған өнер туындысы. Фильмдер әртүрлі жанрларда түсіріледі: Кинофильм, мультфильм, деректі фильм, сериалдар.

26.12.2013
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы