0 дауыс
1.1k көрілді
Нотариалдық растаусыз сенімхатпен көлік жүргізуге болама?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Нотариалдық растаусыз сенімхатпен көлік басқаруға бола ма?
   0 45

Сенімхат бойынша көлік жүргізетін адамдар нотариалдық растауы болмаса да, көлік иесінің қолдан жазған сенімхатымен көлік жүргізе беруіне болады екен деп естідім. Осы рас па?

 Мақсат МЫҚТЫБЕКОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы

 Бұл туралы Астанада өткен брифингіде ІІМ Жол полициясы комитетінің бөлім бастығы Мұратбек Әйтімбетов былай деді:  

 – Осы уақытқа дейін көлік құралын басқаратын адамдар көлік жүргізу құқығына ие болу үшін сенімхат бойынша ақша төлеп, нотариалдық растаудан өтетін. Бірақ «Жол жүру қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес сенімхат бойынша көлік жүргізетін адамдар нотариалдық растауы болмаса да, жол полициясы бөлімшесінде есепке тұруға, тіркелуге құқылы екені жазылған. Осы арадағы түсіндіру жұмыстарының шалалығынан көптеген көлік жүргізуші осы уақытқа дейін нотариустарға тіркеліп, босқа қаржысын шығындап келген. Осыған байланысты ІІМ Жол полициясы комитеті БАҚ арқы­лы көрсетілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ендігі жерде көлік жүргізуші қарапайым жазбаша сенімхатты жол полициясына тегін тіркету арқылы көлік жүргізе алады. Сенімхат негізінде көлік құралын басқаратын адамдарды тіркеу және есепке алу тәртібі ІІМ-нің 2005 жылғы 23 тамыздағы №504 бұйрығымен бекітілген қағидаларды растайды.

 Сенімхатты тіркеуде, есепке алудағы басты міндет – қылмысқа қарсы күресте, ұрланған автокөлікті және қызметкерлерді іздестіруде, жедел іздестіру жұмыстарын іздестіруде өте ыңғайлы, тікелей байланысты болады. ІІМ-нің көптеген жылдағы тәжірбиесінде сенімхат арқылы автокөлікті жүргізетін адамдарды аудандық аумақтардан бастап, бізде соларды есепке алудың нақты сенімхат деген автоматтандырылған жүйесі жүргізілуде.
...