+2 дауыс
32.5k көрілді
1) Есіміңізді кім қойған? Неліктен?

2) Қандай мағына береді?

3) Сирек кездесетін мағыналы қанша кісі есімін білесіз? (атап көрсете кетіңіз)

17 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап

1) Мадина деп әжем Раушан қойған ;))

2) Меккедегі қаланың аты Медине! Соған ұқсастырып қойған!

3) Айбарша, Ісмет, Абыз(жеті атамның бірі), Ағзам, Әдия(әкемнің досының баласы), Айбала, Айганша, Айпара, Айтолды, Ақлима, Ақшора, Альфия, Арынғазы, Асима, Атабай, Атабек секілді есімдер!!!

Толық тізім: http://www.kazakh.ru/about/name/

Осы жерден таба аласыз;)

Рахмет, Мадинажан!

cheeky Назира, сізге де мың алғыс ;) ;))))))))))))))))))))

Шексіз ризамын!

Мен де!!! Осы сұраққа орай, тіпті шабыттанып, өлең шығарып жібердім..

 

"Есіміңді кім қойды?"-десең: "Әжем қойды!",

Есімім жиған бар атақ-абыройды.

Білдіреді есімім киелі қала атын,

Көркейтеді есімім әр әйел затын!

 

Өлең бізден, баға сізден!

Шабытыңыз шалқи берсін!
Атыңызға затыңыз сай тамаша қазақ қызы болуыңызға  тілектеспін!

Мың алғыс!!!

+7 дауыс
1.Есімімді әкем қойған ,Әкемнің тұңғышымын сондықтан мен әкемнің үлкен Сенімімін!

2.Орысшадан аударғанда:Доверие деген мағына береді.

3.Ыбарай,Әбілмәнжүн,Ноғайбай(Менің атам)Келімберді,Жұрын,Қосай,Тазша деген сияқты.(Әрі қарай жалғастыра аламын)
Сенім тамаша есім екен!

Қыз балаға қойылатын қандай әдемі есімдер білесіз?

Сезім,Әлқисса,Ажар,Перизат т.б

 

Әдемі есімдер... енді осылардың мағынасын әдемілеп бір - екі сөйлеммен жазып кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді!
+7 дауыс
1. Арслан деп Әкем қойған! Арман деген ағама ұқсастырып және Арслан БАБ сияқты жоғарыдан көрінсін деп.

2. Түрікше есім, қазақшасы "АРЫСТАН" (Аңдардың патшасы болсын деген сияқты)

3. Арслан, Арнал, Арсен (бұл есімдер менің жанұяамда), Әліби, Исламбек, Жендос,
Тамаша! Әкеңіздің  ақ үмітін ақтауыңызға тілектеспін! Жендос деген есім не мағына береді екен?
Салеметсизбе!!!Есиминиз адддеми екен !!!  Арсен  деген кандай магына береди??? билгим келеди тез арада. Иниме  сол есимди койгым келеди  бирак ол есимди коймастан бурын магынасын билгим келеди!!! жауап кутем мумкин болса жакын арада.................)))
Грекше есим, акылды, батыр деген магыналарга жакын
Рахмет көп-көп!!! тагы ерекше  ешким коп естимеген кандай  есимдерди билесиздер??? Аддеми естилетин жане магынасы адам суйсинип кызыгарлыктай кандай магыналы  ул балалардын есимин билесиздер??? мумкин болса бугин жауап кутемин............
+6 дауыс
Менің перзентім қыз,есімін Каусар деп қойдық ол жаннаттағы бұлақтың аты
Ия, Кәусар деген өте тамаша есім. Сондай мағыналы. Қызыңыз ел үмітін, әке сенімін ақтар азаматша болып өссін!
Амин!Аллаһ разы болсын рахмет!Сізгеде соны тілеймін
+5 дауыс
ал менің есімім ДІНМҰХАМЕД, Мұхаммед деген Пайғамбардын (с.с.а) аты екенін баршамызға белгілі ғой, онын мағынасы жан-жағындағылар мақтап жүретін, үлгі боларлықтай, енді барлығы мақтап жүреді деген мағынаны білдіреді екен. ал қыздарға маған: Зибинсо ("Зиба" тажик тилинде "адеми" деген мағына) Альбина, Сабина деген есімдер ұнайды, айтуға ыңғайлы, және естігенде жағымды ғой))
Дінмұхамед деген есім қазірде көбейіп жатыр. Бұл қуанарлық жайт. Алайда, бұл есімді толық атауға болмайды делінеді ғой. Сізді көбінісе қалай атайды?
+4 дауыс
Менің есімімді Маржан деп әкем қойған.Ол асыл тастың мағынасын білдіреді(жемчуг).Анамның есімі Гауһар,әпкемнің есімі Меруерт.Отбасымызбен есімдеріміз асыл тастардан құралған.)))Сол себептенде болар,Маржан деп қойғаны.Ал,маған ұнайтын есімдер:Жантөре,Жасұлан,Елдос,Ердос,Ерсұлтан,Кәусәр,т.б.
Өте әдемі есімдер екен.
Өте жаксы есімдер. Менің есімімді атам қойған. Біздің әулеттің қыздарының есімдері де осылай. Барін атам койған. Жұлдыз, Жансая, Асем, Меруерт, Маржан, Асыл,Гауһар, Інкар, Аяжан .
+4 дауыс
1) Есімімді папамның досы қойған. Мен туылған күні Абай атамызға 150 жыл толғандықтан мені Абай деп атаған.

2) Абай деген қандай мағына беретінін өзім де онша білмеймін. Мүмкін абайлап жүрсін деген шығар:)

3) Альфия деген бір қызды танимын, болды. Сол, сирек кездесетін есім ғой))
Ұлы Абайдың есімін иеленіп жүргеніңіздің өзі неге тұрады.?!
Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне деген... )))))
+8 дауыс
1. Есімім  -  ҮМІТ; маған дейін отбасымда 3 әпкем дүниеге келген, ал мен туыларда ұл бала болады деп үміттенген соң Үміт деп қойған, осылайша менен кейін отбасымда ұл бала дүниеге келді)))
Әрине. Біздің халық сондай ізгі ниетпен өмір сүретін, жақсы дүниелердің боларына сенгіш халық қой. Осы тұрғыдан келгенде кісі есімдеріне үлкен мән береді, оны аталған адам аттарынанан - ақ көруге болады...
+7 дауыс
1) Есiмiмдi анам қойған-Назерке деп. 2)Мағынасы түсiнiктi шығар деп ойлаймын. Назды қылықты және ерке болсын деген шығар. Әрi тұңғышымын ғой үйдiң. 3)Хамеддин-Мұхамед(с.г.а.) Пайғамбарымыздың атын тiкелей атауға болмайды деп есептегендiктен қойылған деп ойлаймын.(Мұхамеддiң атауының қысқартылған түрi.) Аянат-аян берiлiп қойылған қыздардың аты. Ат адамның мiнез-құлқына ғана емес,тағдырына да әсерiн тигiзедi. Балаларға ат қою-Пайғамбарымыздың сүннетi.Мұсылманда балаға әдемi ат қою,мүбәрак есiм беру-басты шара. Пайғамбарымыз Мухаммед(с.г.а.): "Қиямет күнi өз аттарыңызбен және әкелерiңiздiң аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар" деген екен.Ата-анасының перзентi алдындағы борышы ат қоюдан басталады екен. Сондықтан да әрдайым перзенттерiңiздi әдемi есiмдермен сүйіншілей беріңіздер!
Әрине, діни тұрғыдан алғанда кісі есімдерінің өзі ерекше маңызға ие екендігі жөніндегі жазылады... Есіміңіз өте әдемі! Неліктен сайтта "Позитивная казашка" болып отырсыз? Қазақтардың  "негативная" дегендері бар екен ғой деген ой келіп отыр басыма...
Айтканыныз арине орынды,келiсемiн жане казiр ауыстырамын.
)))))))) Алғысымды білдіремін. Енді тамаша болды! Жарайсыз! +1
+5 дауыс
1. Есімімді Зейнепкүл деп атам қойған
2. Пайғамбарымыздың (С.Ғ.С) қызының есімі және әрдайым күліп жүрсін деп қойған екен.
3. Нұрфаяз, Надира, Күнайым, Асылғаным, Рабат-Бай (айта берсек көп қой)
Жақсы. Рабат-бай есіміне тоқтала кетсеңіз нұр үстіне нұр боларе ді...
+5 дауыс
Менiң есiмiмдi Ертемiс деп атам қойган бiрақ мағынасын өзімде бiлмеймін.Мүмкiн ағаларымнын атына ұқсатып қойган шығар  ағаларымнын есiмдерi:Өтемiс. Алпамыс.Менің өз есімiм Ертемic екенiне куанам.Себебі бұл ат ешкімде жоқ!
)))))))) Ертеміс енді сіз міндетті түрде ана-анаңыздан ныспыңызға байланысты мәліметтерді  сұрасаңыз дұрыс бола еді.  Маған да негізі сирек кездесетін, бастысы, мағыналы есімдер қатты ұнайды.
+1 дауыс
Менің есімім Айдана. Анам қойған. Ол иран, араб тілдерінен аударғанда ай-сұлу, әдемі, дана-ақылды деген мағына береді. Ақылды болсын деп қойған шығар.
+1 дауыс
Гүлзия  деп туысымыздың  Гүлназ атты қызы  өз атына ұқсатып қойған. Гүл түсінікті ғой,ал "зия" араб тілінен енген,жарық деген мағына береді. бұл жеке тұрып та қолданыла береді екен,бірақ күн+зия болса жарқырау,гүл+зия болса жайнау деген мәні бар(жайнау деген мағынасының барына кітаптан оқығаннан кейін ғана сендім). Бірақ арнайы мағынасына қарап қоймаған.
Мен білетін сирек кездесетін есімдер:Алмажай,Гүлденсін,Нұрия,Махамбетәлі, Ариназ,Гүлшахра,Сұңғат,Нұриддин
0 дауыс
1. Есімімді Назира деп атам қойған))
 2. Мағынасын өзім де таба алмай жүрмін ((көмектесіңіздерші
 3. Айназым, Асылтас,Әлемнұр, Ғибрат, Аллажар, Шарлен, Сауран,т.б
0 дауыс
Менiң есiмiм Жанар.
Маған бұл есiмдi он саусағынан өнер тамған тiгiншi болған Карлығаш деген бiр апа қойыпты.Жанар деген сөз - көздiң жарқылы (блеск глаз),оттай жану (горение) деген мағыналарды бiлдiредi.
Ата-анамның көзiнiң жарқылы болсын деп койылған.
3) Хамит,Калияш,Калка,Айғаным,Сәкен бiлетiндерiм осы

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
Белгісіз 8.11.2011 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...