Психологиялық кеңес | 5.4k қаралды
5.4k қаралды
Ер балаға қазақи, заманауи  ат барма?
Заманбек)) ((Заманауй))

3 жауап

Белгісіз
Нұрислам,Аңсар,Кемел,Ерсін,Ерсайын

Латиф......Лұқпан

ЛАТИФ - араб тілінен  — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.

ЛАУЛА - лаулап жанған оттай қызуы күшті өткір бол деген мағыналы есім.

ЛӘШКЕР - иран тілінен  — әскер, жауынгер, қол.

ЛӘШКЕРБЕК - иран тілінен  — жауынгер, әскер. Әскербек деген мағынаны білдіреді.

ЛЕКЕР - дәнекер, байланыс, демеу.

ЛҰҚПАН - араб тілінен алынған Лукман — даналықтын символы. Ертедегі данышпан, мысал жазған адамның есімі.

Мағаз......Мышырбай

МАҒАЗ - араб тілінен алынған ма’азза — махаббат, сүйіспеншілік. Яғни қымбатты, сүйікті.

МАҒАУИЯ - араб тілінен  -  сау-саламат;    құтылған.

МАҒЗҰМ – араб тілінен алынған  ма’сум — талған;  шақырылған;   қонақ, мейман.

МАҒРУФ - араб тілінен алынған магруф —  жалпыға мәлім;   қолдау тапқан, жені түзу;   жәрдем беру,  қайырым жасау.

МАЙДАН - араб тілінен алынған мейдан —  ашық алаң, соғыс алаңы;  майдан. Бұл есім Ұлы Отан соғысы кезінде туған балаларға қойылған.

МАЙЛЫ - күйлі, қуатты, әлді.

МАҚАБЫЛ - араб тілінен  —  қабылданған, қолдайтын;   қолдануға толық болатын.

МАҚСАТ - араб тілінен  —  арман, тілек;  тілеп, күтіп алған.  түрлері — Мақсұт, Мақсұтбай.

МАҚСҰМ - араб тілінен алынған Махдум — мырза, қожайын.

МАЛБАЙ -  малға, дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған. Түрлері — Малбек, Малдыбай.

МАЛЖАН - малды, жалпы байлықты жақсы көретін жан.

МАМАН -  қолынан іс келетін, өнерлі, шебер; маман адам.

МАМАСАДЫҚ - араб тілінен  — әділдік.

МАМАТ -  МАМЫТ - араб тілінен - мақтауға, алғысқа лайық.

МАМЫР - ескіше көктемдегі ай аты.

МАНАН - араб тілінен алынған мәннан —  қайырымды, марқабатты;   жомарт.

МАНАП - араб тілінен —  орынбасар орнын басу;   феодалдық-рулық қоғам кезіндегі атақ;   төре ақсүйек.

МАНАР - араб тілінен алынған мәнар жарық шығатын жер (белгі, қараушы); маяк. Біріккен тұлғалы есім — Манарбек. Синонимдері — Шырақбек, Жарықбек.

МАНАСБАЙ  - қырғыз тілінен манас - ер- жүрек + қазақ сөзі бай. Бұл қырғыздың эпостық батырының есімі.

МАНСҰР – араб тілінен  —  жеңімпаз, жеңіске жетуші;   құдіретті.

МАРАБАЙ - иран тілінен алынған мара - белгі үшін қойылған көмбе, сөре + қазақтың сөзі бай; яғни бала әркашанда өз қатарының алды бол, озып жүрсін деген тілекпен қойылғаны байқалады.

МАРАЛБАЙ - маралға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

МАРАТ – француз халқынан келген есім. Француз буржуазиялық революциясы қолбасшыларының бірі Жан-Поль Марат (1747—1793) құрметіне Қазақ отбасына 1930 жылдан бері кеңінен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Маратбек.

МАРДАН – тәжік тілінен -  мард — ер, еркек, батыл, ер жүрек.

МАРҚАЙ - есей, ержет, үлкен боп өс.

МАРЛЕН  -  жаңа есім -   Маркс және Ленин фамилияларының бірінші буындарынан жасалған біріккен тұлғалы есім.

МАРХАБАТ - араб тілінен алынған марқамат — жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік.

МАСҚҰТ  - араб тілінен алынған масһуд — бақытты, ырысты.

МАУСЫМБАЙ - араб тілінен алынған маусум —  уақыт, шақ, жиын-терін айы.

МАХАМБЕТ,  МУХАМБЕТ - Мохаммед — мақталған, мадақталған, мақтауға лайық, сүйікті. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Мақан, Мақанжан.

МАХМЕТ - араб тілінен алынған маһмеде — мақтауға лайық іс, мақтарлық қасиет, қылық.

МАХМУТ - араб тілінен алынған мақмод — мақталған, мақтауға лайық, мақтаулы.

МАХУ, МАХЫ - иран тілінен алынған мах - ай, айлы, ай жүзді, ай жарығы.

МАШАБАЙ - көне түркі тілінен мәшә — емен. Демек, бала өмірлі, мықты болсын деген тілекпен қойылған.

МАШРАП - араб тілінен алынған мәшраб — мінез-құлық, іс-әрекет.

МӘДЕЛ – моңғол тілінен  — сана, ой, ақыл.

МӘДИ - араб тілінен алынған мадди —  заттық, материалдық;   материалистік, материалист.

МӘДИТ - араб тілінен алынған мәдидь — ұзақ, ұзын, кең.

МӘДХАН - араб тілінен алынған мадһ — мадақтау, дәріптеу + хан.

МӘДХАТ - араб тілінен алынған мадһэд — мадақтауға, дәріптеуге лайық. Біріккен тұлғалы есімдер — Мәтжан, Мәтқасым, Мәтхалық.

МӘЖҒҰЛ – тәжік тіліннен алынған – Мәвджигул,Мавджи — жайнаған, құлпырған, жарқыраған гүл.

МӘЖЕН - араб тілінен алынған — маджин — ұялмайтын, жасқанбайтын.

МӘЖИТ - араб тілінен алынған мажид —  атақты;   даңкты;   мақтаулы.

МӘЛІК - араб тілінен алынған малик —  патша;  билеуші.

МӘЛІКАЙДАР - араб тілінен  - арыстай күшті, мықты патша.

МӘЛІМ - араб тілінен  - белгілі, атақты.

МӘМБЕТ - иран тілінен - Моммед - жәрдем етуші;   жәрдемші, көмекші.  Түрі — Мәмет.

МӘСІМБАЙ - араб тілінен алынған ма’сум -  сақталған;   шақырылған;  қонак, мейман + қазақ сөзі бай. Синонимі - Қонақбай. 

МӘТЖАН - араб тілінен  - мақтау, дәріптеу  + иран тілінен алынған жан (джон). Мақтаулы адам.

МӘТКӘРІМ - араб тілінен  - мақтауға тұратын адам, қолы ашық жомарт.

МӘТҚАСЫМ - араб тілінен  - мақтауға тұратын көркем, сұлу.

МӘТХАЛЫҚ - араб тілінен  - халық мақтаған, халық колдаған.

МӘТІБӘЛІ - араб тілінен алынған мадһ — уәли. Мақтауға лайық Уәли.

МӘТІБИ - араб тілінен  - би, қожа; беделді, күшті, үстем.

МӘУЛЕН - араб тілінен алынған мевлан -  мырза, әкім;    жарылқағыш, есіркегіш.

МӘШҺҮР - араб тілінен  — көпке белгілі,  атақты, даңқы шыққан.

МЕДЕТ - араб тілінен алынған медәд - жәрдем, көмек. Біріккен тұлғалы есімдер - Медетбай, Медетбек.

МЕДЕТНАР - араб тілінен алынған медед + қазақ сөзі нар — бір өркешті үлек түйе, яғни нар тәрізді демеуші, күшті, сенімді.

МЕДЕТХАН - медет + қазақ сөзі хан, яғни ханның жәрдемшісі, демеушісі.

МЕДЕУ - араб тілінен алынған мәдәд — үміт, тірек.

МЕДХАТ - араб тілінен алынған — медхад — мақтау, мадақтау.

МЕЙМАН - араб тілінен алынған мәһман — қонақ.

МЕЙРАМ - мереке. Бала өмірі шат-шадыман, мерекеге толы болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.

МЕЙІР - иран тілінен алынған меһр — мейірім, ынта, ықылас, қайырым.

МЕЙІРБЕК - аса мейірлі, мейірбанды.

МЕЙІРМАН - мейірімді, шафағатты, қайырымды адам.

МЕКЕМТАС - араб тілінен алынған мехкәм — берік, мықты, нық + қазақ сөзі тас. Бала өмірі тастай қатты, мықты, өмірі ұзақ болсын деп қойылған есім.

МЕҢ - адам денесіндегі қал. Біріккен тұлғалы ер (әйел) есімдері құрамында жиі қолданылатын сөз. Бұрынғы кезде бала бақытты болады деген сеніммен мең сөзін бала есіміне қосып отырған. Негізінде Мең, Меңлі сөздері сұлу, әдемі, көркем деген мағыналарда жұмсалған. Біріккен тұлғалы есімдер — Меңлібай, Меңгерей, Меңсұяу.

МЕҢДІБАЙ - денесінде меңі көп, яғни бақытты адам. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Меңдеш.

МЕҢДАХМЕТ, МЕҢЛІАХМЕТ - бақытты Ахмет.

МЕРГЕН – қазақтың сөзінен нысанаға дәл тигізетін атқыш. Біріккен тұлғалы есім — Мергенбай.

МЕРЕЙ - бақыт, қуаныш. Біріккен тұлғалы есім — Мерейбек.

МЕРЕКЕ - мейрам, салтанат.

МИЗАМ - араб тілінен алынған - қыркүйек айына сәйкес келетін ай аты. Осы айда туған балаға қойылған есім.

МИРАС - араб тілінен алынған - мұра, артта қалатын кез, тұяқ.

МИРҒАЛИ - иран тілінен алынған мир - араб тіліндегі әмір сөзінің өзгерген тұрі. Бұл сөз «әкім, билеуші, бастық» деген мағынаны білдіреді.

МИРОН - грек тілінен - бейбітшілік, тыныштық сүйгіш.

МЫРХАЙДАР - арыстандай айбатты әмір, әкім, бастық.

МИЯТ - корғаныш, тірек, қуат. Біріккен тұлғалы есім — Миятжан.

МОЛБАЙ - араб тілінен алынған - өте бай. Синонимі — Көпбай.

МОЛДАБАЙ - араб тіліндегі мавло - мырза, хожа, сөзінің өзгерген түрі. Тәжік тілінде білімді, сауатты деген мағынағада ие. Сауатты, білімді болсын деген мақсатта қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Молдажан, Молдахан, Молдабек.

МОЛДАН – қазақтың сөзі мол — көп + дан қосымша. Яғни бала көпшіл, қауымшыл, өмірі ұзақ болсын деген тілекпен қойылған есім. Молдабай, Молдахмет сияқты біріккен есімдердің еркелете айту түрі.

МОМБЕК – иран тілінен алынған мом — балауыз + қазақ сөзі бек. Синонимдері — Жарық, Жарықбек.

МОМЫНӘЛІ - қазақ тілінен алынған жуас  + араб тілінен алынған әли. Өте жуас, жұмсақ, биязы адам. Еркелете айту түрі — Момыш.

МОЯЗ - араб тілінен алынған муяссар — өте бай, әлді.

МӨҢКЕ -  алтай тілінен алынған  моньку — мәңгі,  моңғол тілінен алынған мөңгө — күміс, ақша. Ақшалы болсын деген мағынада.

МҰЗАФАР - араб тілінен алынған музаффар жеңімпаз.  Түрі — Мұзапар.

МҰҚА - көне түркі тілінен келген зор, күшті, үлкен, батыр.

МҰҚАҒАЛИ - көне түркі тілінен муқа  + араб тілінен алынған ғали ; аса күшті, зор батыр.

МҰҚАДІЛ - араб тілінен  — тең, бірдей; тең бағалы.

МҰҚАЛИ – араб тілінен алынған мохали — жоғары, көтеріңкі.

МҰҚАМӘДИ,  МҰХАМӘДИ - араб тілінен алынған —  Мұхамбеттің жолын қуушы;    мақтауға лайық. 

МҰҚАМБЕТ,  МҰҚАМЕТ -  араб тілінен алынған Мохаммад — даңқы шыкқан, атақты, мақталған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұқамбетбай, Мұқамбетбек, Мұқамбетғали, Мұқамбеткәрім, Мұқамбетназар, Мұқамбетқожа, қысқарта еркелетіп айту түрлері — Мұқатай, Мұқан, Мұқай, Мұқаш, Мұқыш, Мәмет, Мамай және т. б.

МҰХАМБЕТӘЗІЗ - араб тілінен алынған - құрметті, құдіретті.

МҰХАМЕДИЯР - араб тілінен  - Мұқамбеттің досы. Қысқартылған түрі - Мадияр.

МҰХАМБЕТЖАН - араб тілінен - Мұқамбеттің жаны.

МҰҚЫМ - араб тілінен алынған - муким - тұрақты, табанды, тиянақты, берік, ұзақ жасайтын.

МҰРАБАЙ - мұраға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

МҰРАТ - араб тілінен алынған — мурад - мақсат, тілек, ықылас. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұратбай, Мұратбек, Мұратәлі, Мұратберді, Мұратғали, Мұратқожа, Мұратқан, Мұратжан және т. б.

МҰРАТБАЙ  - (қараңыз: Баймұрат).

МҰСА - араб тілінен алынған Муса — көне еврей тілінен — Моисей — судан шығарып алынған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұсабай, Мұсабек, Мұсағали, Мұсажан, Мұсахан, Мұсатай. 

МҰСТАФА - араб тілінен алынған Мустафа — таңдалғай, сайлап алынған. 

МҰСТАХИБ - араб тілінен алынған мүстахиф —  сүйікті;   қалаулы;   мақтаулы;   қымбатты.

МҰХИТ - араб тілінен алынған моһит —  қоршаған;   төңірек, айнала;  Мұхит.

МҰХИТАН – тәжік тілінен алынған мохитобон — жарық ай.

МҰХТАР - араб тілінен алынған мухтар — тандаулы, іріктеулі.

МҮБӘРАК - араб тілінен алынған — мубарак —  гүлденген, бақытты;  қасиетті.

МҮРСЕЙІТ - араб тілінен алынған мүр, иран тілінен алынған мир, амир  + араб тілінен алынған сейидь — мырза, әкім, құрметті, яғни құрметті мырза, әкім.

МҮСІРӘЛІ - араб тілінен алынған - дәулетті, бай.

МҮСІРЕП - араб тілінен алынған мусриф - ысырапқор, жомарт.

МҮТӘЛІП - араб тілінен - талап ету, сұрау.

МЫҒЫМ - мықты, берік. Біріккен тұлғалы есім — Мығымбай. Синонимі — Берікбай.

МЫҢБАЙ - баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.

МЫРЗАХМЕТ - иран тілінен алынған мырза  + араб тілінен алынған Ахмед. Қолы ашық жомарт, яғни Мырзахмет — жомарт Ахмет. Біріккен тұлғалы есімдер — Мырзабай, Мырзахан, Мырзамұрат, Мырзаболат, Мырзагелді, Мырзаберген, Мырзағұл, Мырзакәрім. Қыскарта еркелете айту түрлері — Мырзатай, Мырзаш.

МЫРЗАБАЙ  - (қараңыз: Байызбай).

МЫРҚАСЫМ - иран тілінен алынған мыр  + араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі; яғни өте сұлу, әдемі, көркем мырза, әмір, әкім.

МЫШБАЙ - көне түркі тілінен миши — бұғы + бай. Яғни бала бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

МЫШЫРБАЙ - араб тілінен алынған муширь — ақылшы, кеңесші (ертеде Оттоман империясында мушир — генералдық атақ болған. Ол кезде бұл атақ армия қолбасшыларына және генерал-губернаторларға да берілген). Түрі – Мысыр.

Нағи......Нысанбай

НАҒИ - араб тілінен алынған нәки — таза, қоспасыз. 

НАҒЫМ - араб тілінен алынған нәгим — амансаулық, есендік, бақытты өмір, рақат, ләззат.

НАҒЫМБЕК - араб тілінен алынған нагым + қазақ сөзі бек. Мықты саулық, бақытты өмір.

НАЗАР - араб тілінен алынған нәзәр - қарау, көзқарас, көз салу; ықылас, ілтипат. Метафоралық мағынасы — жәрдем, көмек, игі ниет, сүйеушілік, жақтаушылық.

НАЗАРБАЙ - жұрттын ықыласына, ілтипатына бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрі — Назарбек.

НАҚЫП - араб тілінен алынған нәкиб — бастык, басшы.

НАҚЫСБЕК - араб тілінен алынған нәкш -  сурет, әшекей, өрнек;   түрлі жазба, яғни көрікті, әрлі адам.

НАРБАЙ - нар -  жалғыз өркешті ірі түйе;   ауыспалы мағынасы — үлкен, мықты, ерекше, зор + бай. Бала үлкен, зор, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Нарбек, Нарбол.

НАРИМАН - иран тілінен алынған нари - батыл, ержүрек + ман, яғни батыл, ер адам.

НАРКЕС - өткір, батыл.

НАРМАҒАМБЕТ,  НАРМҰҚАМБЕТ – қазақтың сөзі нар  + араб тілінен алынған Мағамбет — зор, мықты Мұқамбет. Қысқартып еркелету түлғалары - Нарымбет, Нармат, Нарыш, Наркен, Наржан, Нартай. 

НАРТАУ - бала тау сияқты зор, үлкен болсын деген тілекпен қойылған есім.

НАРТУ - дүниеге ірі, зор боп кел деген мәндегі есім.

НАРЫМЖАН - нарым — менің нарым, менің сүйіктім, менің жаным.

НАСЫР - араб тілінен алынған наср — жәрдем беруші, көмек етуші;  жеңімпаз. Біріккен тұлғалы есімдер Насыролла, Насырбай.

НАУРЫЗ - иран тілінен алынған нов — жаңа + руз - күн. Новруз ирандықтардың календары бойынша жаңа жылдың басы — 21 март. Бұл мейрам күні туған балаларға Наурыз, Наурызбай, Наурызғали, Наурызбек деген есімдер берілген. Қысқаша айтылу түрі — Науан.

НӘБИ - араб тілінен алынған нааби — әулие, құдірет, жаратушы, елші;  яғни жаратушының елшісі. 

НӘБИБОЛЛА - араб тілінен  — жаратушының, құдіреттің, әулиенің елшісі. 

НӘДІР - араб тілінен алынған надыр — сирек, таңдаулы.

НӘДІРБАЙ – араб тілінен алынған - қазақ сөзі бай— сирек, тандаулы бай.

НӘДІРБЕК - сирек, таңдаулы бек, әкім.

НӘЖІП - араб тілінен алынған нәджибь — мейірбан, қайырымды, ақ көңіл, кең пейілді, құдіретті.

НӘЗІР - араб тілінен  — салтанатты уәде, серт;  ант.

НӘЗІРБЕК - уәдеде, сертте тұратын, берік адам.

НӘРІК - араб тілінен алынған нари — отты, жалынды.

НЕСІП - араб тілінен  —  үлес, сыбаға;  бақыт, тағдыр.

НЕСІПБАЙ - өз бақыты, өз тағдыры бар, байлыкқа кенелген.

НЕТӘЛІ - (қараңыз: Ниетқали).

НИЕТҚАЛИ - араб тілінен алынған нийат — пиғыл, ой, талап. Яғни жоғары пікірлі, ақылды, парасатты адам. Фонетикалық түрі — Нетәлі.

НИЗАМ - араб тілінен алынған тәртіп, орнығушы.

НИЯЗ – тәжік тілінен алынған ниязъ —  өтініш, тілек, жалбарыну;   үміт;   сый, тарту. Біріккен тұлғалы есімдер — Ниязбай, Ниязғали. 

НИЯЗМҰХАМБЕТ – тәжік тілінен алынған  - Мұхамбет пайғамбар сыйға тартқан.

НОҒАЙБАЙ - ноғай — халық аты + бай.

НОИЛЬ,  НОЭЛЬ - араб тілінен  - мақсатқа жетуші, жетістік.

НОЯН - моңғол тілінен алынған ноен 1/10000 адамның яғни түменнің бастығы, әкімі;   ханзада, патша баласы;  мырза, төре, әмір, үстемдік етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ноянбай, Ноянбек. Фонетикалық түрі — Доян.

НӨКЕРБЕК – моңғол тілінен алынған нохэр — жолдас, дос.

НҰҒМАН - көне еврей тілінен келген -  амандық, есендік, жақсылық.

НҰР - араб тілінен  - жарық, сәуле.

НҰРАБАЙ - Нұра өзенінің бойында туған балаға қойылған есім.

НҰРАЙДАР - араб тілінен алынған нұр + айдар. Айдары жарқыраған бақытты бала. Қысқарған түрі — Нұрақ.

НҰРАҚЫН -  нұрлы, сәулетті ақын.

НҰРАЛЫ - араб тілінен алынған нұр - жарык, сәуле. Әлидің нұры яки Әлидің жарығы. Фонетикалық түрлері — Нұрәли, Нұрғали. Қысқарған түрі — Нұран. Еркелете айтылатын түрі — Нұраш.

НҰРБАЙ - араб тілінен  — нұрлы, көрікті ер бала.

НҰРБАҚ - араб тілінен алынған бағы жанған, бақытты, нұрлы.

НҰРБАПА - араб тілінен алынған нур + қазақ сөзі бапа — баба — үлкен ата, арғы ата.

НҰРБЕК - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі бек — берік, мықты; өте нұрлы, әдемі, көркем.

НҰРБОЛ - нұрлы, көркем, көрікті болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрлері — Нұрболат, Нұрболсын.

НҰРГЕДІ - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі келді, яғни өмірге әдемі, көркем, бақытты бала келді деген мәнді есім.

НҰРҒАЗЫ - араб тілінен алынған нұр + ғазы — әскер, қосын; яғни нұры тасыған, керемет әскери адам. 

НҮРҒАЛЫМ - араб тілінен алынған нұр + ғалым - тамаша, нұры тасыған, бақытты ғалым.

НҰРҒИСА - араб тілінен алынған нұр + ғиса - Иса, яғни келбетті, сұлу, көркем тұлғалы Иса, Ғайса.

НҰРДАН - нұрдан туған, жаратылған деген мағынаны білдіреді.

НҰРДӘУЛЕТ - араб тілінен алынған нұр + дәулет; яғни байлығы, дәулеті, сәулеті жарасқан.

НҰРЖАҚАН - араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап; яғни дүниедегі, әлемдегі адамзаттың нұрлысы, сұлуы. 

НҰРЖАН - араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған жан; яғни жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі.

НҰРЖАУ – араб және қазақ тілдерінен  - нұр жаусын, бақытты болсын деген мағыналы есім.

НҰРЗАДА - араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған зада — перзент, бала; әдемі, ажарлы, сұлу бала.

НҰРЗЕРЕК - араб және қазақ тілдерінен  - көрікті, нұрлы, зерек бала.

НҰРЖІГІТ  - араб және қазақ тілдерінен  - нұрлы, әдемі, көрікті жігіт.

НҰРИ - араб тілінен алынған — нұрлы, көрікті.

НҰРҚАСЫМ - араб тілінен алынған нұр + қасым; аса әдемі, сұлу, шырайлы.

НҰРЛАЙ - нұрлы және ай сөздерінен жасалған есім, яғни жарық ай.

НҰРЛАН - араб тілінен  - ажарлану, өрлену, нұрлы, бақытты болу.

НҰРЛАТ - араб тілінен - нұрландыру, көріктендіру;  бақытты ету.

НҰРЛЫ - араб тілінен алынған — өте әдемі, көркем, сұлу. Біріккен тұлғалы есімдер — Нұрлыбай, Нұрлыбек.

НҰРМҰҚАМБЕТ - араб тілінен алынған нұр + мохаммед — Мұхамбеттің нұры, сәулесі. Қысқарта, еркелетіп айту тұлғалары — Нұрмат, Нұрым, Нұртай, Нұрқан, Нұркен, Нұрыш, Нұржан. 

НҰРНИЯЗ - араб тілінен алынған нұр  + тәжік тілінен алынған  нияз - өтініш, сый. Тілеп алған көркем, сұлу бала.

НҰРПЕЙІС - араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған пейиш - ұжмақ; ұжмақтың, пейіштің сәулесі, нұры.

НҰРСАПА - араб тілінен алынған нұр + сафа. Ең көркем, өте сұлу деген мағынаны білдіреді.

НҰРСЕЙІТ - араб тілінен  — ажарлы, нұрлы мырза.

НҰРСҮЛТАН - араб тілінен — әрлі, нұрлы сұлтан.

НҰРТАЛАП - талабына нұр жаусын, талабы зор, талантты болғай деген тілекпен қойылған есім. Қысқартылған тұрі — Нұртай.

НҰРТАС - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі тас. Бұл есім, негізінде, баланын нұры тасысын, сәулесі, шапағаты басқаларды да шарпысын деген тілекпен қойылған.

НҰРХАН - араб тілінен - нұрлы, көрікті хан.

НҰРЫМ - араб тілінен алынған — менің сәулем, жарығым, нұрлым.

НҰСҚАБАЙ - араб тілінен алынған носхе —  көшірме, бейне;  тұлға, келбет, сырт көрініс. Мұндай есімдер бала келбетті, тұлғалы болсын деген тілекпен қойылса керек. 

НҰСҚАР -  ақыл-кенес берер ақылды бала болсын деп қойылған есім.

НҮСІП,  НҮСҮП  - (қараңыз: Жүсіп).

НЫҒМЕТ - араб тілінен алынған нигмәт —  береке, дәулет, байлық;  бақытты, бақытты өмір.

НЫҒМЕТЖАН - араб тілінен  - дәулетті, бай адам.

НЫҒМЕТҚАЛИ - араб тілінен алынған нигмәт + қали - ғали; аса дәулетті, байлығы артық.

НЫҒМЕТОЛЛА - араб тілінен алынған — берекелі.

НЫСАНБАЙ  - (қараңыз: Белгібай).

Обай......Ошақбай

ОБАЙ -  моңғол  тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы.

ОЖАРБАЙ – қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.

ОЗАРБЕК – озар, озу — алға тусу, озып кету + бек.

ОЗАТ - ол қатарынан озып кетеді, алға жетеді, алдыңғы қатарлы деген мәнде қойылған есім.

ОЙЛЫ - ақылды, парасатты, дана.

ОЙРАТ – моңғол тілінен алынған ой - орман, тоғай + рат — орат — халық; яғни орман халқы.

ОЛЖАБАЙ - олжадан түскен, бере салған бала.

ОЛЖАС - ол жас қайрат, жас жігер деген мәндегі есім.

ОМАР - араб тілінен алынған гумәр — өмірлі, ғұмырлы. Біріккен тұлғалы есімдер — Омарбай, Омарбек, Омарғали. Фонетикалық түрлері - Ғұмар, Құмар.

ОМАРБАЙ - өмірлі, ғұмырлы адам.

ОМАРБЕК - өмір-жасы, ғұмыры ұзақ, мықты, берік.

ОМАРҒАЛИ - ұзак өмір сүруші, көп жасаушы.

ОМАРХАН - өмірі ұзақ, ғұмырлы хан.

ОНБАЙ - бала өз теңінен он есе артық бай болсын деген тілекпен ертеде қойылған есім.

ОҢАЛБАЙ,  ОҢАЛБЕК - шаруасы, халжайы жақсы, оңды бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ОҢҒАР - оңда, түзе.

ОҢҒАРБАЙ - ісі алға басқан, ісі оңған бай болсын деген мәнді есім.

ОҢДАСЫН - құдай оңдасын, тәңір жарылқасын. Синонимі — Оңласын.

ОПАБЕК - араб тілінен алынған вафа — орындау, айқан сөзде тұру, адалдык, тазалык + бек. Сөзінде тұратын адам деген мағына береді.

ОРАЗ - көне түркі тілінен келген - ырыс, құт, бақыт.

ОРАЗАҚ - араб тілінен алынған разақ — өмірге, тіршілікке алғыс сезімін білдіру.

ОРАЗАҚЫН - араб тілінен - бақытты, ырысты ақын.

ОРАЗАЛЫ, ОРАЗҒАЛИ -  көне түркі тілінен келген  ораз  + араб тілінен алынған алы - ғали; яғни өте бақытты. Синонимдері — Құтқали, Бақытқали.

ОРАЗБАЙ - араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бай, Бақытты, ырысты бай. Синонимдері — Оразбек, Бақтыбай, Құттыбай.

ОРАЗБЕК - араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бек. Өте бақытты, ырысты. Синонимдері — Бақытбек, Рысбек, Құттыбек.

ОРАЗГЕЛДІ - араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі келді, бақытты, ырысты боп келді деген мағынада. Синонимдері — Бақыткелді, Рыскелді.

ОРАЗҒҰЛ - бақытты қызметші.

ОРАЗМҰХАМБЕТ - бақытты Мухамбет.

ОРАҚ - көне түркі тілінен егін оратын орақ, қолшалғы. Ауыспалы мағынада орып түсетін, өткір. Эпостағы батырдың есімі.

ОРАҚБАЙ - астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.

ОРАЛ - өзен атынан қойылған кісі аты. Біріккен тұлғалы есімдері — Оралбай, Оралбек, Оралхан, Оралтай, т. б.

ОРАСАН - ерекше, ерен.

ОРДАБАЙ - көне түркі тілінен орда -  ерте кезде үлкен мәселе шешерде немесе жауға аттанарда бас қосатын жиынды атаған;    кейін ол «хан тұрағы, мекені, хан сарайы» дегенді білдіретін болған. Ал бұдан да кейінірек жаңа мағынаға ие болып, «орталық», «астана» деген ұғымды да танытқан. Бұл сөз арқылы жасалған кісі есімдері — Ордәлі, Ордабек, Ордағали, т. б.

ОРМАНБАЙ,  ОРМАНБЕК - орман-тоғай, баланы орманға ие болсын, соның байлығына бас болсын деген тілекпен осындай есім берген.

ОРМАНШЫ - бала орман байлығын қорғайтын адам болсын деген тілекпен қойылған есім.

ОРЫНБАЙ - өмірде өз орнын таба алатын адам болсын деп қойылған есім.

ОРЫНБЕК - өмірде орны берік, мықты.

ОРЫНҒАЛИ - өмірде алатын орны жоғары, биік.

ОСПАН - араб тілінен алынған — кеңінен тараған есім. Мағынасы - ерлік, батырлық, батылдық. Фонетикалық түрлері — Ғұсман, Құспан, Осман. Біріккен тұлғалы есімдер — Оспанәлі, Оспанғали (аса жоғары, аса үлкен батырлық), Оспанбай, Оспанбек, Оспанбет, Оспанхан.

ОТАН – жаңа  есім, туған ел, өскен жер, сүйікті мемлекет.

ОТАР - отарда туған балаға берілген есім.

ОТАРБАЙ - отарға, отарлы қойға бай болсын деген ниетпен қойылған есім.

ОШАҚБАЙ - жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.

Өжет......Өтетілеу

ӨЖЕТ - -ткір, батыл, табанды.

ӨЗБЕК - өзбек халқы атынан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Өзбекбай, Өзбекәлі.

ӨЗЕНБАЙ - өзенге, суға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ӨКТЕМ - өктем, үстем, басым, өмірлі.

ӨКІМ - араб тілінен алынған окм —  үстемдік;  өкімет, билік;  шешім, үкім;  пікір, түсінік.

ӨЛКЕБАЙ - қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрак, мекен болсын, соларға үстем болсын деген тілекпен қойылған есім.

ӨМІР - араб тілінен алынған ғомр -  ғұмыр;    тіршілік.

ӨМІРБАЙ - бала өмірлі болсын, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойған есім. Фонетикалық түрі - Өмірбек.

ӨМІРҒАЗЫ - араб тілінен алынған - өмір + ғазы — жауынгер.

ӨМІРҒАЛИ - өмірі Ғалидын өміріндей болсын деп қойылған.

ӨМІРЗАҚ - араб тілінен алынған өмір + қазақ сөзі зақ - ұзақ, көп жасайтын, ғұмыры ұзақ, өлмейтін. Синонимдері — Өмірбай, Өмірбек, Өміржан, Өміртай және т. б. Еркелете- қысқартып айту түрі — Өмекен, Өміш, Өмен.

ӨНДІРІС –жаңа есім, өндіріс орны, кәсіпорын.

ӨНЕРБЕК - өнері мықты, өнерлі адам.

ӨРЕКЕН - көне түркі  шор, хақас тілінде қарт, қария.

ӨРЕН —  жұрттан асқан ерекше, ерен;   жасөспірім ұрпақ.

ӨРІМ - жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.

ӨСЕР - ер жетіп азамат болар деген мәнде. Біріккен тұлғалы есім - Өсербай.

ӨСКЕНБАЙ - байлығы өсіп, көбейсін деген мағыналы есім.

ӨТЕБАЙ - байлығы асқан, тасыған бай.

ӨТЕГЕН - орнын толтыру, төлеу.

ӨТЕГАЛИ – қазақ тілінен өте  + араб тілінен алынған ғали - жоғары, биік. Аса биік, өте жоғары, аса батыр.

ӨТЕМАҒАМБЕТ, ӨТЕМҰХАМБЕТ – қазақ сөзі өте  + араб тілінен алынған Мохаммед. Мұхамбеттей атағы асқан, даңқты деген мағынада қойылған есім. Қысқаша тұлғасы — Өтембай. Еркелету түрі — Өтеш.

ӨТЕТІЛЕУ - ұл балаға зар болып, көп сұранып, тіленіп жүрген кезде туған сәбиге қойылған есім.

Пазыл......Пірәлі

ПАЗЫЛ  - (қараңыз: Фазыл). 

ПАЛУАН - араб тілінен алынған пахлаван — күшті күрескер.

ПАЛУАНҒАЛИ - аса күшті палуан.

ПАНАБЕК - иран тілінен алынған панаһ — қорғаныш, тірек + бек. Мықты қорғаныш, тірек.

ПАРАСАТ - араб тілінен алынған ақыл-ой.

ПЕРДЕБЕК - араб тілінен алынған парда — күш; яғни күшті, мықты.

ПІРӘЛІ - араб тілінен алынған пир —  ауыспалы мағынасы мықты, күшті. Біріккен тұлғалы есім – Пірімғұл.

Рабат......Рүстем

РАБАТ - араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже.

РАЗАҚ - араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік етуге ризық беруші.

РАЙ – араб тілінен  - жағдай, көзқарас, пікір; адамның көңіл-күйі, сезімі.

РАЙБАЙ - дүниеге өз көзқарасы, пікірі бар, саналы адам.

РАЙБЕК - араб тілінен - райы қатты, бір бет бала.

РАЙНҰР - араб тілінен  - жарық өмір.

РАЙЫМБЕК - араб тілінен алынған раим - рақымды, мейірімді + бек — мықты, мығым; берік, яғни мейірімді, қайырымды; бет алысынан қайтпайтын қайсар батыл, берік адам.

РАЙЫС - араб тілінен алынған рэиса — бастық, басшы, әкім.

РАЙЛ - араб тілінен  — негізін салушы. 

РАҚАП - араб тілінен -  кең, ұлан-ғайыр;  мырза, жомарт, жарқын жүзді.

РАҚАТ - араб тілінен - тыныштық, тыным, тыныс.

РАҚЫМ - араб тілінен алынған рәхим — қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті. Басқа сөздердің қөсылуы арқылы да күрделі есімдер жасалады. Мәселен, Рақымбай, Рақымберді, Рақымбек, Рақымжан. Қысқартылып-еркелете айтылатын түрі — Рақыш.

РАМАЗАН - араб тілінен алынған — рамадан — күйдіруші, жандырушы. Араб жерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер койылған.

РАМИЗ - араб тілінен - белгі, таңба.

РАСУЛ - араб тілінен -  хабаршы;  елші, уәкіл. Біріккен тұлғалы есім — Расулбек.

РАУАН - иран тілінен алынған рэван — жан өмір.

РАФИК,  РАФИХ - араб тілінен -қайырымды, жомарт, мәрт; айқын, таза, мөлдір, көрікті.

РАХМАН - араб тілінен — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Қысқаша айтылу түрі — Раман.

РАХМЕТ - араб тілінен — алғыс.

РАХМЕТОЛЛА - араб тілінен — мейірімділік, рақымшылық.

РАШИТ - араб тілінен —  саналы, ақылды, парасатты;   батыл, ер.

РЕНАТ  -  жаңа есім -   орыс тіліндегі революция, наука, труд сөздерінен қысқартылып жазылған есім.

РИШАТ - араб тілінен —  ақылды;   саналы, әділдік.

РЫСБЕК  - (қараңыз: Оразбек). 

РЫСКЕЛДІ - (қараңыз: Оразгелді).

РУСЛАН - көне түркі тіліндегі Арыслан есімінің орыс тілінде өзгерген түрі.

РҮСТЕМ - иран тілінен алынған  раода — жүз, келбету бейне;   тама — күшті. Сонда бұл есімнің жалпы мағынасы — батыл, күшті, мықты, зор денелі. Біріккен тұлғалы есімдер - Рүстембек, Рүстембай, Рүстемғали.

Сабаз......Сырмұхамбет

САБАЗ - иран тілінен алынған шаһбаз —  ер, азамат, батыл;   сұңқар.  Біріккен тұлғалы есім — Сабазбек. 

САБАНШЫ - көне түркі соқашы, егінші, дихан, көктемде егін айдау кезінде туған балаға қойылған есім.

САБАТАЙ – қазақ сөзі саба —  қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс;   ауыспалы мағынасы бір нәрсенің мөлшері, шегі яғни баланың ой-өрісі, білім дәрежесі кең, болсын деп қойылған есім.

САБИҒАТ - араб тілінен  —  жаңа, жас;   сұлулық, әдемілік. Фонетикалық түрі. — Сәбиғат.

САБЫР - араб тілінен  — шыдамды, төзімді.

САБЫРЖАН - сабырлы, шыдамды, төзімді кісі. Синонимі — Сабырқан.

САҒАДАТ - араб тілінен  - бақыт, құт.

САҒАТ - араб тілінен алынған саад - бақытты сәт, уақыт.

САҒИ - араб тілінен  —  бақытты, ырысты, құтты;   мырза.

САҒИТ - араб тілінен  —  бақытты; ырысты;    аман-есендік, саулық.

САҒЫМ - көне түркі тілінен саг — ақыл + тәуелдік жалғауы ым, яғни менің ақылдым, ойшылым деген мәнде қойылған ескі есім. Біріккен тұлғалы есім — Сағымбай. 

САҒЫН - қатты аңсау, құмарту, көруге ынтық болу, яғни ата-ана ұлға зар болып жүргенде көрген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сағынбай, Сағынғали, Сағынтай.

САҒЫНДЫҚ - ұзақ уақыт сағынып, сарғайып жүріп көрген ер бала.

САҒЫР - араб тілінен  — кішкене, кенже бала.

САДАН -  моңғол  тілінен— туыс, туған-туысқан.

САДЫБАЙ - (қараңыз: Жақсыбай).

САДЫҚ, СЫДЫҚ - араб тілінен  - шын, адал, таза, ашық;  сенімді адал дос.

САДЫР - араб тілінен алынған —  кеуде, көкірек;   басшы, бірінші;  ұлы мәртебелі. Біріккен тұлғалы есімдер — Садырбай, Садырбек, Садырқан, Садыралы.

САЙБАҚ - араб, моңғол тіліндегі жақсы, оңды деген мағынаны білдіретін сайын сөзіне араб тіліндегі бақ - бақыт сөзін қосу арқылы жасалған есім. Яғни, аса бақытты, жақсы ғұмыр деген мағынаны білдіреді.

САЙДАР - моңғол тілінде - сай (сайын),  иран тілінде ие болуды білдіретін  + дар қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Мағынасы «жаксылық, қайрымдылық иесі» дегенді білдіреді.

САЙЛАУ - жаңа есім, халық депутаттарын сайлау кезінде дүниеге келген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Сайлаубай.

САЙМАСАЙ - бала әкесінен не анасынан аумайды, қатты ұксайды, дәл өзі сияқты деген мәнді есім.

САЙРАН - бала өмірде бақытты өмір сүрсін, сайрандап жүрсін деген тілекпен қойылған есім. 

САЙРАМБАЙ - Сайрам қаласында туылған адам.

САЙЫН - моңғол тілінен— жақсы, онды. Біріккен тұлғалы есім — Сайынбек.

САҚТАР - бале-жаладан сақтасын деген мәнді есім.

САДЫБАЙ  - (қараңыз  Жақсыбай).

САҚЫП - араб тілінен алынған — сахиб — серік, жолдас, дос, таныс.

САЛАМАТ - араб тілінен  -  бейбітшілік, тыныштық, саулық;  сәлем.

САЛАУАТ - араб тілінен - қаттылық, беріктік, табандылық, тұрақтылық; қажырлылық, жігерлілік.

САЛЫҚ – араб тілінен салиг —  жақсы, ізгілікті, рақымды, тауфикты;  адал.

САМАТ,  СӘМЕТ - араб тілінен  - мәңгі, тұрақты. Қысқарған түрі — Саматай.

САМҒА - аспанға ұшу, шарықтау.

САМҰРАТ - иран тілінен алынған шах  + араб тілінен алынған мурад, Мақсатына жеткен шах. Синонимдері — Шахмұрат, Шаймұрат, Шамұрат.

САНА - бала ынталы, ақылды, парасатты болсын деген тілекпен қойылған есім.

САНАТ - араб тілінен алынған -  өнер, сәулет, жарасым;   ұлылық, дәреже.

САНДЫБАЙ - қазақ тілінен алынған санды — әдеттен тыс, сирек кездесетін + бай.

САНЖАР - араб тілінен  - патша, император. Түркі тілдерінде — тесіп, түйреп өтуші деген мағынаны білдіреді.

САНСЫЗБАЙ  - (қараңыз: Байсан).

САПА, САФА - араб тілінен  -  тазалық, ашықтық;  адалдық;    тыныштық.

САПАБЕК - адал.

САПАР - араб тілінен алынған сафар - саяхат, алыс жол.

САПАРБАЙ - араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бай. Өмір жолы ұзақ, мол болсын деген тілекпен қойылған есім.

САПАРБЕК - араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бек. Өмір жолы берік, мықты болсын деп қойылған есім.

САПАРҒАЛИ - араб тілінен  — сапары, алған беті әркашан биік, жоғары болсын деп қойылған есім.

САПИ ,  САФИ -  араб тілінен  сафа — таңдаулы, адал дос.

САРДАР - иран тілінен алынған сар —  сардар, генерал, бастық, қолбасшы;  туркі тілінде — батыр. Біріккен тұлғалы есім — Сардарбек.

САРИ - араб тілінен  — атақты, мейрімді, асыл.

САРМАН -  моңғол  тілінен сар — ай + ман - кісі аттарындағы қосымша, яғни «ай туды» деген мағынаны білдіреді. Синонимдері – Айтуды, Айтуған.

САРЫ -  ауыспалы мағынасы — кең-байтақ; көп нәрсені білетін, қоғам өмірінен хабардар, білгір.

САРЫБАЙ - баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.

САРЫБАС -  бала өңі сары немесе шашы сары болғандықтан қойылған;  бала алғыр, білімді болсын деген тілекпен қойылған есім.

САРЫН -  қатты дыбыс, үн;   қатты ағын үні, екпін.

САСАН - иран тілінен  — мүсәпір, тілекші. Ирандағы сасанидтер династиясы басшысының есімі.

САТАЙ - моңғол тілінен садан — туыс, туған, туысқан, жақын.

САТТАР - араб тілінен алынған —  кешірім етуші, жасырушы;   қорғаушы.

САУРАН -  сый, тарту;  ескіше екінші ай аты, сол айда туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сауранбай, Сауранбек.

САУРЫҚ - үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.

САУЫҚ  - араб тілінен  —  тамаша, ойын-күлкі, сауық-сайран;  даңк, құрмет.

САУЫТ - батырлар киетін кіреуке. Бала мықты, берік болсын деп қойған есім. Біріккен тұлғалы есім – Сауытбай.
 

САФИ - араб тілінен  — тандаулы, адал дос.

САФУАН - араб тілінен  -  тазалық, пәктік;  қатты гранит тас.

САХИ - араб тілінен  — жомарт, мырза.

САЯ - иран тілінен  - қорғаныш, пана.

САЯТҚАН - араб тілінен алынған — саят — аңшылық, аң аулаушылық + хан.

САЯН - Саян тауы атынан қойылған есім.

СӘБИҒАТ - араб тілінен алынған - сұлулық, әдемілік.

СӘБИТ - араб тілінен алынған - мықты, тұрақты, табанды, адал.

СӘДУАҚАС - араб тілінен алынған сәйд - бақытты, ырысты, құтты + уа қосымша + хас — нағыз; яғни нағыз бақытты, ырысты адам. Қысқартып айту түрлері — Сәду, Сәкен, Оқас.

СӘЛМЕН - иран тілінен  — есейген, ер жеткен, үлкен.

СӘЛІМ - араб тілінен алынған сәлим —  сау, бүтін, толық, аман-есен;   нағыз, шын, табиғи, аман-сау;   қарапайым, адал. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәлімбай, Сәлімбек, Сәлімгерей.

СӘМЕН - иран тілінен  — байлық, молшылық; күш, қуат, тәртіп, тыныштық.

СӘМЕТ – араб тілінен  —  мәңгілік, өмірлік, берік;  бас ие, қожайын.

СӘМИ - араб тілінен  — жоғары, биік, көтеріңкі, зор, асқар.

СӘРСЕНБІ - иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері - Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.

СӘТ - араб тілінен - сад — бақыт, құт, ырыс.

СӘТБАЙ - араб тілінен — құтты бала (бай).

СӘТЖАН – араб тілінен алынған сәт,  иран тілінен алынған жан — бақытты, ырысты адам.

СӘТІМ – араб және қазақ сөздері қосылған — менің бақытым, құтым, ырысым.

СӘУІР - араб тілінен алынған — жыл мерзіміндегі екінші ай аты, сол айда туған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәуірбек, Сәуірқұл.

СЕЗІМ – жаңа есім - достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.

СЕЙДАХМЕТ - араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + Ахмет, яғни әмір, бастық Ахмет.

СЕЙДӘЛІ - араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + ғали — жөғары, биік. Демек, жоғары, үлкен бастық, әмір. Синонимдері — Сейдәлі, Сейітқали.

СЕЙДУӘЛИ - араб тілінен алынған — мырзаның, бастықтың орынбасары, орындаушысы.

СЕЙДІЛДА, СЕЙДОЛЛА – араб тілінен алынған - мырза, орындаушы. Қысқартып айту түрлері — Сейдін, Сейділ, Сейдім.

СЕЙСЕНБАЙ - иран тілінен алынған се - үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.

СЕЙІЛ - араб тілінен алынған -  көктем мерекесі;    халық серуені.

СЕЙІТМЕТ,  СЕЙІТМӘМЕТ – араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық адам.

СЕЙІТ - араб тілінен алынған сейидь —  мырза, бастық, әкім;   құрметті. Құрделі тұлғалы есімдер — Сейітәлі, Сейітбаттал, Сейітбек, Сейітжан, Сейітмұрат, Сейітқожа, Сейіткерей, Сейітмұкамбет.

СЕЙФОЛЛА - араб тілінен алынған саифи — қылыштан өткір, кесіп түскіш + олла, алла - яғни қылыштай өткір перзент.

СЕКСЕНБАЙ - мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.

СЕМБАЙ - иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сембі күні туған бала.

СЕМБІ - иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.

СЕНІМ - үміт, сенім.

СЕҢГІРБАЙ - көне түркі тілінен келген сеңгір - таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.

СЕРӘЛІ - иран тілінен алынған сер, шер + әлі, ғали, яғни арыстан сияқты батыл. Еркелетіп айту түрі — Сертай.

СЕРҒАЗЫ - араб тілінен алынған - сер - басшы, бастық  + араб тілінен алынған ғази — жауынгер; жауынгер, әскер, басшы.

СЕРҒАЛИ - иран тілінен алынған сер  + араб тілінен алынған ғали; Басшы Ғали.

СЕРКЕ -  қой бастайтын серке;   ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.

СЕРКЕБАЙ  - (қараңыз: Байсерке).

СЕРІК - араб тілінен алынған шәрік — жолдас, серіктес. Біріккен тұлғалы есімдер — Серікбай, Серікбек, Серікқали, Серіктұр.

СЕРІКБОЛ - көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.

СИРАЖ - араб тілінен алынған - шырақ;  жарық.

СОЛТЫБАЙ - араб тілінен алынған солдо —  күш, өкім, билік;  күшті, мықты;   + бай. Демек, күшті, мықты адам.

СОМБЕЛ - белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.

СҰЛТАН - араб тілінен  — өкімет, билеуші, әкім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанғали.

СҰЛТАНГЕЛДІ - дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.

СҰЛТАНМҰРАТ - бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.

СҰҢҚАР - бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.

СҮГІР - көне түркі тілінен келген сукур — хабар.

СҮГІРБАЙ - көне түркі тілінен - бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.

СҮЙЕУ - ата-ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.

СҮЙІН - ырза болу, сүйіну, көңіл толу.

СҮЙІНБАЙ - көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.

СҮЛЕЙМЕН - көне еврей тілінде Шэломох — соломон — бейбіт, тыныш, қорғалған. Қысқартылып айтылу түрлері — Сүлей, Сүлейке.

СҮМБЕБАЙ - иран тілінен алынған сунба - мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.

СҮНДЕТ - араб тілінен алынған суннэт — рәсім, әдет, дәстүр.

СҮТТІБАЙ - сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.

СЫБАНҚҰЛ - бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан —  тоқ, тойған;  Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.

СЫДЫҚ - араб тілінен алынған седдик —  шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы;  шыншыл, әділ.

СЫЛАН - көне түркі тілінен силан — тік, биік, сымбатты.

СЫМАҚ - иран тілінен алынған самеһ — жомарт, мырза.

СЫНДЫБАЙ - сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.

СЫРБАЙ -  араб тілінен алынған сиер — өмірбаян, табиғи жаратылыс, өмірдегі жағымды ісәрекет.

СЫРҒАБАЙ - араб тілінен алынған сыр + ға қосымша + бай; яғни бала өнер-білім, ғылым құпиясын жете білсін, соны меңгерсін деген тілекпен қойылған есім.

СЫРҒАБЕК - сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.

СЫРЫМ - көне түркі тілінен - шыдам, шыдамды, төзімді.

СЫРМҰХАМБЕТ - көне түркі тілінен сыр - шыдам, төзім, ұстамды  + араб тілінен алынған Мухаммет, яғни төзімді, шыдамды, ұстамды Мұхамбет. Дыбыстың өзгеру түрі — Сырымбет.

Айфон бала деген заманауи ат бар екен
118,548 сұрақ
305,730 жауап
153,301 пікір
68,166 қолданушы