9-шы сыныпта оқып жүргенде менің бір сыныптасым: "ертен 9 бітіп кететіндер бар, 11-ге қалатындар бар. оданда бір естен кетпейтін бірдеңе жасайық"-деді. Бәріміз бір ауыздан келістік. Сөйтіп суббота күні бәріміз сабаққа келмейтін болдық. Жаңағы бала бір күн бұрын апайдан сұранып алды. Сөйтіп суббота күні сабаққа бардым тағы айқай-шу боп қалар деп есікті ашып сабақта бәрі отыр. Мысалы 30 оқушының 29-ы отыр го! Сабаққа өмірі келмейтіндерге дейін келіпті сол күні. Осыны ұйымдастырған бала жоқ, қалғанының бәрі бар. Есіктен кіргендер сығырайып қарайды кім бар кім жоқ деп! Бәріміз сөзден қорыққан екенбіз!
Физикадан жуас апай сабақ беретін. Вторник күні 6-шы сабақ физика болатын. Біздің оқитын аудитория далаға шығатын есікке жақын. Есіктің алдында тұратын кезекші орнында болмай класс болып 6-шы сабақтан қашып кеттік. Үйге келгеннен кейін бір сағаттан соң сынып жетекшісі звандап, қашқындардың бәрін жинап алды. Сөйтіп, 45 минуттық сабақты 3 сағат оқығанымыз бар!!!