+2 дауыс
554 көрілді
Мысалы мектеп 9 сынып бізде 15 қыз сыныпта,олардың 7-8 і мысалы тәкаппар яғни әңгіме көп айтады,көп күледі,сабақта шуылдап отырады,боянады,ерке,бұзық,сабақ бірақ жақсы оқиды пысық деп мұғалімдер мақтайды,ал қалғаны орташа,ал одан қалғаны мүлде тыныш.Ал тәкаппар болып алып, алдыңғы өмірде қандай пайдасы бар,бәрібір мамандық оқу,жұмыс дегендер болады ғой,сонда да адам өзгереді, ойларыңызды айта кетсеңіз?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізінде адамды тәкаппарлыққа итермелейтін себептер көп. Білімді болу, текті әулеттен шығуы ,сұлу болу,бай болу т.б. Бірақ осы тәкаппарлықтың ешқандай пайдасы жоқ. Хадис шарифтерде "Абырой қарапайымдылықта" ,'Алла тағала қарапайым мұсылманды биіктетеді"," Адам қарапайымдылык көрсеткенде , Алла тағала оны 7қабат көкке көтереді" -делінген. Такаппар мінезіңмен алысқа бармайсың. Өмірдің өзі ақ өр кеудеңді басып, сабаңа түсіріп қояды...
+2 дауыс
Тәкаппарлықтың зияны болмаса, пайдасы жоқ. Алла тағала Құран Кәрімде: «Жер бетінде тәкаппарланып жүрме! Өйткені, сен ешқашан жерді тесіп кете алмайсың және таулардан биік бола алмайсың. Бұлардың барлығы Раббыңның құзырында жек көрінішті жаман қылықтар саналады», – деген аят түсіріп, бұл мінезді жақсы көрмейтіндігін білдірген.
...