0 дауыс
Берекелі болса ел –

Жағасы жайлау ол бір көл.

Жапырағы жайқалып,

Бұлғақтайды соқса жел.

Жан-жағынан күркіреп,

Құйып жатса аққан сел,

Оның малы өзгеден

Өзгеше боп өсер тел.

Берекесі кеткен ел –

Суы ашыған батпақ көл.

Құс қаңқылдап, жағалап,

Сулай алмас жазғы төл.

Оның суын ішкен мал

Тышқақ тиіп, аспас бел.

Көл деп оны кім жайлар,

Суы құрсын, ол – бір шөл,
25.11.2012 896 қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы