+1 дауыс
79.0k көрілді
Зат есім мен сан есімнің түрленуі мен емлесінің ережесін (анықтамасын)тауып берсеңіздер

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Зат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз  табы.
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
*
Тұлғасына қарай: Негізгі з. е. және Туынды з. е.
Негізгі зат есім - бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім. Мысалы: у, ат, ант, бата, құдық.
Туынды зат есім - Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім. Мысалы: біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл.
*
Құрамына қарай: Дара және Күрделі.
Дара зат есім - бір ғана түбірден тұрады. от, ара, қант, оқушы, баспалдақ.
Күрделі зат есім - Кемінде 2 сөзден тұрады. кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ
*
Жалпылай немесе жекелей атауына қарай

Жалпы есім- Біртектес заттардың жалпы атауы: кісі, өзен, тау.
Жалқы есім- Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы: Асан, Ертіс, Алатау.
*
Сан есім - заттың санын, ретін білдіреді.
Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?
Құрамына қарай 2-е бөлінеді: Дара және Күрделі сан есім.
Дара сан есім бір ғанатүбірден тұрады: бес, жүз, мың, отыз, ондаған, жетеу, сегізінші.
Күрделі сан есім Кемінде 2 сөзден тұрады: он бес, үш-үштен, бес-алты, мың тоғыз жүз тоқсан бес, отыз жеті.
*
Мағынасына қарай 6-ға бөлінеді:
1. Есептік сан есім.... Сұрағы: қанша? неше? бір, екі, үш, төрт, жиырма, қырық бес, тоқсан тоғыз, жүз.
2. Реттік сан есім.... Сұрағы: Нешінші? -ыншы, -інші, -нші, -ншы. бірінші, екінші.
3. Жинақтық сан есім.... Сұрағы: нешеу? 1ден 7-ге дейін. бір-еу, ек-еу, үш-еу, төрт-еу, бес-еу, алт-ау, жет-еу. Жұрнақ: -ау, -еу.
4. Болжалдық сан есім.... Сұрағы: нешеден? он шақты, жүзге жуық, он-он бес.
5. Топтау сан есім.... Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? он-оннан, екеуден, үштен.
6.Бөлшектік сан есім.... Сұрағы: қанша? неше? 1/2, 2,5(2 жарым), бір бүтін бестен алты.
Зат есім нешеге  бөлінеді?
0 дауыс
Зат есімнің емлесі керек еді тез арада
0 дауыс
тауелди зат есим дегенимиз не
0 дауыс
Таутекелер,түсіп,бұталар деген сөзге морфологиялық талдау жасап бересіздерме.
...