0 дауыс
4.6k көрілді
Әлемдегі ең білімді адам кім екен ! Білесіздер ме ?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
<img src=" border="0" />
Әлемдегі ең ақылды адам біздің замандасымыз, Миссури штатының тұрғыны - Мэрилин Вос Савант. Оның парасаттылық коэффициенті (IQ) 228 бірлікті құрапты. Мэрилиннің асқан қабілеті бала кезінде-ақ белгілі болған екен. 10 жасында алғырлығымен көзге түскен ол сол кездің өзінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

IQ – парасаттылық коэффициенті – адамның ойлау, алға қойған мақсатына жете білу, дұрыс шешім қабылдай білу қабілетін көрсететін бірлік.

Ғалымдардың есептеуі бойынша өткен ғасырдағы ғалымдардың парасаттылық коэффициенті мынадай болыпты: Гетеде - 200 бірлік, Ньютонда 190 бірлік, Галилейде 185  бірлік, Коперникте 130 бірлік.

Мэрилин 1946 жылы 11 тамызда дүниеге келген ару. Тегі француз тілінен аударылғанда «ақылды» дегенді білдіреді. Мерилин қазіргі таңда «Парад» журналында «Мерилиннен сұра» деген айдарды жүргізуде. Интернеттегі жеке парақшасы арқылы да халықпен байланысқа түсіп жүр. Зерек жан кітап жазумен де айналысуда.

1987 жылы Мэрилин атақты биолог Роберт Джарвикаға тұрмысқа шықты. Роберттің жасанды жүректі ойлап тауып, жұртшылыққа алғаш ұсынған атақты ғалым екендігін айтып өтелік. Оның парасаттылық коэффициенті (IQ) -180 болса, жұбайлардың үлкен ұлының көрсеткіші (IQ) - 164  бірлік екен.
+1 дауыс
Қайдағыны айтпаңдар!!! Әлемдегі ең ақылды адам ол АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ !!!
+1 дауыс
Сонымен, әлем кімдерді ең ақылды санайды? Қазір «коэффициент интел­лекта» (ағылшынша IQ - intelligence quotient) яғни «өре өлшемі» деген ұғым бар. Адам өресінің өлшемін арнайы сұрақтар (тест) арқылы бағамдайды. Бұл ұғымды 1912 жылы неміс ғалымы В.Штерн енгізген. Аталған тест бойын­ша адамдардың қаншалықты ақылды екендігіанықталады. Мүмкін болған сұрақтың қаншасына дұрыс жауап бере алса, сол дұрыс жауаптар арқылы ақылдың көрсеткіші шығады. Осы бір қисынды ойлау жүйесін дамыту, сол бойынша жоғары көрсеткішке ие болу жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас бір ұлттардың ақыл-ой жүйесінің жетістігі болып отыр. 0 ден 19-ға дейінгі бірлік көрсеткіші бар адамдар - ақыл-ойы дамымаған болып саналады. Сон­дай-ақ 20-36 бірлік - мидың кеш да­муы, 69-85 бірлік орта деңгейге жақын­дау, 86-144 бірлік - орта деңгей, 115-124 бірлік - орта деңгейден биік, 125-134 бірлік - ақылы толысқан, ал 135-тен жоғары көрсеткіш - данышпан деп танылады. Мамандар өткенғаcыр да­нышпандарының өре өлшемін анықтай келе мынадай қорытынды жасады: Не­міс халқының ұлы ақыны Гетенің өре көрсеткіші - 200 бірлік, Ньютонмен Вольтер - 190 бірлік, Галилей - 185 бірлік, до Винчи 150 бірлік, Бах пен Дарвин - 140 бірлік, Коперник - 130 бірлік. Сонда бұлардың арасындағы ең данышпаны Гете екен. Ал халықтар, яғни елдер бойынша «өре өлшемі» көр­сеткіші мынадай: ең жоғары көрсеткіш Гонконг - 107 бірлік, Корей елі - 106 бірлік, Жапондар - 105, Қытайлар - 104, ал орта деңгейде: Франция - 98 бірлік, Моңғолия - 98, Құрама Штат­тар - 97, Ресей - 96 бірлік, төменгі көр­сеткіштер: Кения - 72 бірлік, Гвинея - 69 бірлік, Эфиопия - 66 бірлік. Ендіосыған қарап әлем халық­тарының қайсысы қайсысына қара­ғанда ақылды екенін өлшеуге бола ма? Ондай тұжырым жасауға келмейтін секілді. «Өре өлшемі» көрсеткішіне қатысты қазір сын көп. Тіпті сынау­шылар бұл жерде логика емес, жай ға­на тапқырлық бірінші орынға шығып ке­тетінін айтады. Ал осы ұйғарым бо­йынша бүгін әлемдегі ең ақылды адам деп Америка жазушысы, драматург, жур­налист Мэрилин вос Савант таны­лып отыр. Оның «өре өлшемі» көрсет­кі­ші - 228-230 бірлікті құрайды. Бұл Гетеден де жоғары көрсеткіш. Сонда әлемдегі ең ұлы данышпан Мэрилин болып шыққаны ма? Иә, Гиннестің Рекордтар кітабы солай санайды. Ол бұл көрсеткішке небары 10 жасында ғана жеткен екен. Яғни мидың өсіп біткен шағы. Оның тегі - «Савант» француз тілінен аударғанда «білу» немесе «кемеңгер» деген ұғымды береді. Міне, «Әлемдегі ең ақылды адам» атану үшін осы «Өре өлшемі» көрсеткіші бойынша жоғары бірлік жинай алсаңыз болғаны. Еврей хал­қының «Ақылды болсаң, неге ке­дей­сің?» деген мәтелі бар еді. Расында, ақылды болсақ, неге, неге, не­ге..........???
0 дауыс
OZАлемдеги ен акылды Адам Ол мен

Ұқсас сұрақтар

...