шынтуайтын айтсақ, алдымен мұқтаждық керек... яғни, қазақ тілін білуге мұқтаж ету керек. Мәселен, қызмет көрсету салаларын түбегейлі қазақшалау керек еді.. Шаштаразға кеп тұрып, түсіндіруге тілі жетпей, жәй ғана шашын қысқарта салудың орнына шаштараз орта белінен ойсыратып алып тастаса... көрер ем сосын.... немесе Балтық жағалауы елдеріндегідей ана тілінде кеп сұрамаса, нан сатпай қойсын... Сайып келгенде, бұл биліктің бір -ақ күннің ішінде шешіп тастайтын шаруасы. Өзімізді алдамай-ақ қояйық, бұған уақыт керек деп... әбден сиыр құйымшақтанып кеткен тіл мәселесіне үлкен бір НҮКТЕ қоятын кез келді ғой... Әрине, бәрі бір ақ күнде сайрай жөнелмес, оның нәтижесін бір-екі жылда анық аңғаруға болады кейін. Бір Жарлық жетпей тұр, қысқасы...