+4 дауыс
3.7k көрілді

9 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап
Қарапайым күнделікті тұрмыста қазақша сөйлеу керек. Басқалардан да қазақша сөйлеуді талап ету керек. Мысалы, дүкенге барғанда дүкенші орысша сөйлесе,  одан қазақша сөйлеуін талап ету керек. Кез-келген іске қатысты қағаз толтырғанда да қазақша нұсқасын талап ету керек. Қазақтың өзі қазақ тілінде сөйлеп тұрса, негізі оған қазақ тілінде қызмет көрсетілуі керек. Осының өзі қазақ тілінің дамуына көп әсер етеді.
+11 дауыс
Біріншіден (ең маңыздысы): Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі тиіс. (Әсіресе Алматы қаласы қазақтарына тиісті).

Екінші: Теледидардан тек қазақ тілінде болатын бағдарламаларды көру керек. (Бұл қазақ тілі арнасының рейтингіне үлес қосады деп ойлаймын.)

Үшіншіден: Әр қазақ өзінің саласында қазақша мәлімет енгізуі керек. Мысалы математик математика, физик физика саласында деген сияқты. Өйткені қазақ тілінде (ғылыми салаларда) мәліметтер өте аз. Қазақстанға оқуға келген оралман бауырларымыздың талай қиналғандарын өз көзіммен көргем.
Өте дұрыс айтылды....
Сіздің сөзіңізді қолдаймын.
Мысалы, телекоммуникация саласында қазақ тілінің терминдері аз. кітаптар аз.
+9 дауыс
ЕҢ БІРІНШІ ТІЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ ПАРЫЗЫ ЕКЕНІН СЕЗІНЕ БІЛУІ ҚАЖЕТ. ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ МАҢЫЗДЫ ДЕП БІЛСЕ КІММЕН БОЛСА ДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСІП, ҚАЗАҚША ЖАУАП БЕРІП, ҚАЗАҚ ТІЛІН ДӘРІПТЕЙ ЖҮРУІ КЕРЕК.
+9 дауыс
Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

(Қ.Мырзалиев)
Қадір Мырза-Әли ағамыз
Белгісіз
менен қате кетті кешірім сұраймын
+8 дауыс
Қазақша ойлауды қалыптастыру керек.
+7 дауыс

Қазақтардың көбі орысша ойлайды. Оларды қазақша ойлайтындай ету қажет. Ол үшін көше аттарын, дүкен, әр түрлі ғимараттардың аттарын қазақша қою қажет деген заң шығару қажет.

Бұлай айта бергенмен еш пайда жоқ, одан да әр адамның санасы біліп, жаңа туылған нәрестеге қазақ тілін үйретсе болғаны.

+3 дауыс

Қазақша сөйлесу керек,қазақша оттасу керек, қазақша боқтасу керек.devil

+1 дауыс
Тек қарапайым жерде емес,әрқашан әр кезде ,тіпті теледидарда барлығы қазақша болу керек ! Ешқандай орысша , ағылшынша т,б тілдер болмау керек ! орыстын жерінде қазақша ештеңе жоққой ,, болған күнде де !  ӨТЕ-ӨТЕ  АЗ!!!!(hi)
0 дауыс
Қазақша ертегілерге  жақсы сценарийлермен түсірілген сапалы, анимациялық   қазақ тілді мульфильмдер, қазақша, жақсы кино, қазақша біздің менталитетімізге ортақ, жақсы әсер  беретін жақсы (актерлері робот сияқты сөйлейтін емес,шынайы, рөлге берілген(!), сценарийі күЧті күЧті және декорациялық безендірілуі тамаша-тамаша) кинолар шығуын талап ету(..іміз) керек ... деп ойлап қоям.
Және қазақ тілінің техникалық тұрғыдан дамуына үлес қосуымыз керек деп қоям.
Қысқасы, солай ғой.
...