+2 дауыс
4.4k көрілді
Менің әке-шешем жұмысқа кеткенде,үйдің жұмысы маған қалады.Мен сол  жұмыстарды істеуге қатты ерінемін. Мысалы: Үйде ыдыс жуу,су әкелу,су төгу,(душқа) су кұю,үй жинау т.б әке-шешем жұмыстан келгенде,менің жұмыстарды істемегенімді көріп, ренжиді маған. Бір қарасам, әкем су әкеліп.т.б жұмыстарды істеп жатады.Шешемде сол.т.б үй жұмыстары.Оны мен көріп қатты қынжыламын.Өзіме өзім уәде берем.Ертесі күні тағы да сол, істемей ерініп қалам. Осы еріншектіктен құтылсам деймін.Мені құрытатын сол еріншектік пен ұйқы:осылардан құтылғым келеді. Араларыңда  ақылды адамдар  жауап берсе екен.жақсы етіп жауап айтсаңыздар екен.? Бұл маған  жауаптары маған қатты керек.Мен өмірім үшін...ріншект

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

мен ақылды емеспін сонда да айтып өтейін...

мен де сондай еріншектік болған қазір олай емес. одан құтылу үшін  сергек болып жүру керек! ең бастысы адам күніне 8 сағат көп дегенде 9 сағат ұйықтау керек! ұйықтар алдында ағарған ішіп, жуынып, тазарынып жаткан дұрыс, бұл ертеңгі күніңдегі еріншектіктен құтқарады! сосын ұйқыдан ерте  тұру керек. "қазір 5 минут жата тұрсааам" деген болмайды. содан  ұйқыдан "бісміллә" деп тұрып сол күннің уақытын тиімді  өтуі  үшін әрекеттенген жөн.

оказывается акылды екенсін ғой өзін)) так держать!
+4 дауыс
Егер солай болса онда сағат 7-де тұрып жаттығу жасаңыз. Өзінізге тән жаттығу. 20 рет отырып тұрып, қолды иыққа айналдыру дегендей. Сосын 8-ге дейін ерінбей жаттығу жасасан. Еріншектіктен құтыласын. Болмаса үйдегі жұыстарды ерінбей істей бер.

Абай атамызда:

Еңбек етсен ерінбей,

Тояды қарнын тіленбей - деген сөз қалған ғой. Ерінбей жұысқа кірісіп кет!
+5 дауыс
Егерде осы проблеманы ойлап, қынжылатын болсаңыз, онда сіздің алдыға бір қадам басқаныңыз

Ақырыңдап, жайлап түзелуге, дұрыс жолға түсуге болады.

үстіндегі айтқандардың кеңестері дұрыс екен...

менің кеңесім: күнделік жазудан бастаңыз  Кез келген ұлы адамдар күнделік толтырып отырған анық... /мақсат - сол ұлылардан кішкене болсада мысал алу/
+4 дауыс
Үйдегі жұмыстарды ерінбей істей бер.!Әке-шешеңе қиындық түсірме!
+4 дауыс
мен ақылды, жоқ, өте ақылды адаммын ғой, жауап беріп көрейін)) білмедім жауабын....

десем иа, серьезно айтсам сол азанда жаттығу жасай бер, пайдасы бар ғой, лучше ертенгі күніне жоспар жаз да, жалкаубайка болмай соны орында! мен күнде тексеріп жүрем))) мысленно әрине
0 дауыс
1. Жақсылықпен көндіру. Орындалатын іс әлбетте біздің пайдамызға жарап, өмірімізді аздап болса да жақсы жаққа өзгертеді. Сондықтан ойша іс істелгеннен кейін келетін жақсылықтар мен жайлылықты миыңызда айналдырып, ойланыңыз. "Бұл істі жасап тастасам, Ерланнан алғыс алам, маған рахмет айтады, жұмысымды қазір істеп тастатам мына адамға пайда келтірем, өзім де дамимын, жетістікке жетемін" деген секілді позитивке толы ойларды ойлап, өзіңізге мотивация беруге талпынып көріңіз. Және келетін жақсылықтың әрбір деталіне назар аударып ойланыңыз.

 

2. Жай сөзге түсінбейтін, "қыңыр" адам болсаңыз, онда сізбен басқаша сөйлесуге тура келеді. Еріншектігіңіз иығыңызға әбден мініп, басынып, "кетем" демесе, негатив арқылы мотивациялануға тырысу керек. Ол істі істемесеңіз, Ерланның сізден көңілі қалып, "лақтырбай" деген ат тағатынын, өміріңіздің күңгірт күйге енетіндігін, өмір бойы пәтер жалдап өтетіндігіңізді ойлап өзіңізді қорқытып көріңіз. Көмектесуі керек.

 

3. Бұл көмектпесе... Онда сізбен тіптен басқаша сөйлесу керек. Ондай жағдайда көмектесетін ең жақсы әдіс - тұрып істеп тастау. Иә, бір секунд та іркілмей, ойланбай, "бес минут жата тұрайыншыны" ысырып, тұрып, істеп тастау! Тұр, бар, істе! Болды! Ойланба! Сөйлеме! Алдыңғы екі тәсіл көмектеспесе ең дұрысы осы. 100 пайызға жұмыс жасайды.

 

1. Бес-ақ минут!

 

Өзіңізге бес минут арнаңыз! Ойыңызды жинақтап, өзіңізге күш беріп, жұмысқа құлшына кірісуге бес минут қана жеткілікті.

 

2. Үлкен істерді бөліп-бөліп тастаңыз

 

Көп жұмысты бірден орындау мүмкін емес. Сондықтан бөліп-бөліп орындағаныңыз абзал. Дұрысы – жоспар құрып алыңыз. Жоспарды ойша құрып үйренгеніңіз жөн.

 

3. Басты жұмыстан қашпаңыз!

 

Басты жұмысты істеуге жалқаулығымыз жар бермейді. Ертеңге дейін реферат жазу керек. Рефератты жазудың орнына ұсақ-түйек үй тірліктерін жасаймыз, дүкенге барып, интернетте отырамыз. Бәрібір реферат жазудан қашып құтылмайсыз. Сондықтан, рефератты жазып тастауды бірінші орынға қойыңыз.

 

4. Ерте тұрыңыз

 

“Ерте тұрған еркектің бір ісі артық, ерте тұрған әйелдің ырысы артық”. Миыңыз шаршамай тұрғанда жұмысыңызды бітіріп тастағаныңыз абзал.

 

5. Өз-өзіңізге сый жасаңыз

 

Қандай еңбек болмасын, марапатқа лайық. Сондықтан, бір істі тындырып тастағаннан кейін, өз-өзіңізге сый жасаңыз! Сүйікті печьенеңізбен шәй ішіп, миыңызды демалтыңыз. Бұл кейін әдет боп қалыптасып кетеді. Ал қиындау тапсырманы орындау керек болса, өзіңізге лайықты сый ойлағаныңыз жөн. “Осы жұмысты бітіріп тастағаным үшін өзіме жаңа сағат сатып аламын”деп өз-өзіңізге уәде беріңз.

 

6. Ертеңге қалдырмаңыз

 

“Еріншектің ертеңі бітпес”. Қай істі болса да, орындауға қиынсынып, ертеңге ысырып тастаймыз. Мақсатқа жеткіңіз келсе, берілген жұмысты дәл қазір орындап тастаңыз. Бұл да бара-бара бойыңызға сіңіп, ең жақсы әдет болып қалыптасады.

 

Ерініп қалғанымыз үшін өзімізді талай жазғырып, жазаласақ та, ерінеміз. Бірақ, жалқаулықтың жақсы жолға апармайтынын түйсінетін кез жетті!
...