0 дауыс
13.3k көрілді
Еріншектіктен қалай арылуға болады?

5 жауап

+12 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіз жалқау емессіз бе?

Шай ішетін үстел үсті жиналмаған, киіміңіздің әрқайсысы әр жақта, теледидардан бастап сүйікті кітабыңызға дейін шаң басқан. Бұл не? Иесіз қалған үй ме? Жоқ! Бұл үйге «жалқаулық» қоныстанып алған. Жалқаулық дегеніміз – адам бойындағы жағымсыз сипат. Бұдан қалай арылуға болады? Мұны қалай жеңуге болады? Деген сұрақтар туындайды. Жалқаулықтан арылу үшін адам күнделікті тіршілікте өз алдына мақсат-міндет қойып, оны қалай да әрекет жасап жүзеге асыруым керек деген талап қойып отыруы қажет. Және жалқаулықтан құтылудың бірнеше тәсілдері де бар:
1.Өзіңізге аяушылық танытпаңыз. Мұнымен жалқаулықты ешуақытта жеңе алмайсыз.
2.Атқаратын жұмыстардың тізімін жазыңыз. Жалқаулық дендеп бара жатса, тізімдегі бірінші жұмыстан бастаңыз. Әрине, бірінші кезде қиынырақ болады. Бірақ, жұмысқа алданып кетесіз.
3.«Ертең» деген сөзді ұмытыңыз. Бүгін бітетін істі ешуақытта ертеңге қалдырмаңыз. Еріншектің – ертеңі бітпес.
4.Көңіл сергітіңіз. Көшеге шығып таза ауада жүріңіз. Үйдің ауасын желдетіңіз.
5.Мұңаймай, ашық-жарқын жүріңіз. Таңертең жүгіріңіз, фитнес-клубқа барыңыз. Дұрыс тамақтанып, уақытылы демалыңыз.
6.Әрбір жаңа күніңізді жоспарлаңыз. Сізде ешқандай бос уақыт болмау керек. Жалқаулық – сіз жалқауланғанды қандай жақсы көреді.
7.Үй шаруасымен айналысыңыз. Үй шаруасы ешуақытта бітпейді. Әлбетте, бір жұмыс табылар.
8.Кешке қонақ шақырыңыз. Бұл да жалқаулықтан құтылудың бір тәсілі. Үйіңізді жинамай, тағам дайындамай, қалай болса солай қонақ күтпейтін шығарсыз?!
9.Өмірді сүйіңіз. Әрбір сағат, әрбір минут, әрбір секундын бағалаңыз.
10.Атқарылған жұмыстың нәтижесінен рақаттаныңыз. Нәтижелі жұмыс бар жерде, жалқаулық жүрмейді.
11.Сылтауратуды қойыңыз – бәрі өз қолыңызда!

Жалқауланба, жаттап ал:
Жалқаудың жауы – жұмыс.
Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.
Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.
Ер тынысы – еңбек, ез тынысы – ермек.
Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Еріншек түске дейін ұйықтайды,
Кешке дейін есінейді.
Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
Еріншектің ісі – екі
Еңбексіз – елге сыймас
жаксы жауап! (y)
Еріншектікті жеңу үшін өзіңе мақсат қою керек!
Маған дауыс беріңдер!
500000000000000000000000000000000000000000000000000000 дауыс беріңдер
+3 дауыс
Еріншектік бұл сөз жалқаулық сөзімен мағыналас. Менін ойымша, одан құтұлу үшін белгілі бір жұмысты атқарар алдында оны соңына дейін орындауға тырысу және алдына мақсат
қоя білу.
+2 дауыс
"Еріншектің ертеңі бітпес" - керемет айтылған мақал. Сондықтан да ертең, кейін, демей істі дер кезінде атқарған дұрыс деп ойлайм
0 дауыс
еріншектіктен арылуға болады, ол үшін күн режимін жасау керек. ол көмектеседі
+1 дауыс
1. Жақсылықпен көндіру. Орындалатын іс әлбетте біздің пайдамызға жарап, өмірімізді аздап болса да жақсы жаққа өзгертеді. Сондықтан ойша іс істелгеннен кейін келетін жақсылықтар мен жайлылықты миыңызда айналдырып, ойланыңыз. "Бұл істі жасап тастасам, Ерланнан алғыс алам, маған рахмет айтады, жұмысымды қазір істеп тастатам мына адамға пайда келтірем, өзім де дамимын, жетістікке жетемін" деген секілді позитивке толы ойларды ойлап, өзіңізге мотивация беруге талпынып көріңіз. Және келетін жақсылықтың әрбір деталіне назар аударып ойланыңыз.

2. Жай сөзге түсінбейтін, "қыңыр" адам болсаңыз, онда сізбен басқаша сөйлесуге тура келеді. Еріншектігіңіз иығыңызға әбден мініп, басынып, "кетем" демесе, негатив арқылы мотивациялануға тырысу керек. Ол істі істемесеңіз, Ерланның сізден көңілі қалып, "лақтырбай" деген ат тағатынын, өміріңіздің күңгірт күйге енетіндігін, өмір бойы пәтер жалдап өтетіндігіңізді ойлап өзіңізді қорқытып көріңіз. Көмектесуі керек.

3. Бұл көмектпесе... Онда сізбен тіптен басқаша сөйлесу керек. Ондай жағдайда көмектесетін ең жақсы әдіс - тұрып істеп тастау. Иә, бір секунд та іркілмей, ойланбай, "бес минут жата тұрайыншыны" ысырып, тұрып, істеп тастау! Тұр, бар, істе! Болды! Ойланба! Сөйлеме! Алдыңғы екі тәсіл көмектеспесе ең дұрысы осы. 100 пайызға жұмыс жасайды.

1. Бес-ақ минут!
Өзіңізге бес минут арнаңыз! Ойыңызды жинақтап, өзіңізге күш беріп, жұмысқа құлшына кірісуге бес минут қана жеткілікті.

2. Үлкен істерді бөліп-бөліп тастаңыз
Көп жұмысты бірден орындау мүмкін емес. Сондықтан бөліп-бөліп орындағаныңыз абзал. Дұрысы – жоспар құрып алыңыз. Жоспарды ойша құрып үйренгеніңіз жөн.

3. Басты жұмыстан қашпаңыз!
Басты жұмысты істеуге жалқаулығымыз жар бермейді. Ертеңге дейін реферат жазу керек. Рефератты жазудың орнына ұсақ-түйек үй тірліктерін жасаймыз, дүкенге барып, интернетте отырамыз. Бәрібір реферат жазудан қашып құтылмайсыз. Сондықтан, рефератты жазып тастауды бірінші орынға қойыңыз.

4. Ерте тұрыңыз
“Ерте тұрған еркектің бір ісі артық, ерте тұрған әйелдің ырысы артық”. Миыңыз шаршамай тұрғанда жұмысыңызды бітіріп тастағаныңыз абзал.

5. Өз-өзіңізге сый жасаңыз
Қандай еңбек болмасын, марапатқа лайық. Сондықтан, бір істі тындырып тастағаннан кейін, өз-өзіңізге сый жасаңыз! Сүйікті печьенеңізбен шәй ішіп, миыңызды демалтыңыз. Бұл кейін әдет боп қалыптасып кетеді. Ал қиындау тапсырманы орындау керек болса, өзіңізге лайықты сый ойлағаныңыз жөн. “Осы жұмысты бітіріп тастағаным үшін өзіме жаңа сағат сатып аламын”деп өз-өзіңізге уәде беріңз.

6. Ертеңге қалдырмаңыз
“Еріншектің ертеңі бітпес”. Қай істі болса да, орындауға қиынсынып, ертеңге ысырып тастаймыз. Мақсатқа жеткіңіз келсе, берілген жұмысты дәл қазір орындап тастаңыз. Бұл да бара-бара бойыңызға сіңіп, ең жақсы әдет болып қалыптасады.
Ерініп қалғанымыз үшін өзімізді талай жазғырып, жазаласақ та, ерінеміз. Бірақ, жалқаулықтың жақсы жолға апармайтынын түйсінетін кез жетті!
...