0 дауыс
5.0k көрілді
Достар, өтініш Adobe Photoshop туралы реферат немесе мәлімет тауып беріңіздерші?! Курстық жұмысыма керек еді.  Алдын ала рахмет:*

1 жауап

0 дауыс
Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен біргеImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.
 Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

 Adobe Photoshop программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады.

Толық осы жерлерден алуға болады
http://1referat.kz/informatika/adobe-photoshop-programmasy.html
http://aitaber.kz/blog/photoshop/624.html#
...