0 дауыс
17.5k көрілді
Амангелді Иманов жайлы материял қажет, яғни рефератқа...алдын ала рахмет!!!!!

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919 жж.) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі, Иман батыр Дулатұлының немересі.
Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді.
Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдар аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды.
Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті.
1916 ж. тамыз-қыркүйек айларының аралығында А.Иманов басқарған партизан отрядтары жазалаушы отрядтарға қарсы бірнеше сәтті ұрыстар жүргізді. 1916 ж 21 қазанда 4 мыңға жуық көтерілісшілер Татыр көлінің маңында казак жүздігімен және Торғай уезінің бастығының полиция отрядымен ұрыс жүргізді. Бұл көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында ең ірі шайқастың бірі болатын.
Көтерілісшілердің арасында қалыптасқан үздіксіз байланыс болатын. Көтерілісшілерді қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін бірнеше ауылдарда , ұстаханалар құрылды. Ұстаханаларда қару-жарақтар, оқ-дәрілер дайындалып, қылыш, найза, айбалталар соғылды.
1916 ж. 25 қазанда А. Иманов басқарған 15 мыңға жуық көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды. Торғай және Ырғыз уезіндегі жағдай күрт төмендеді. Торғаймен байланыс үзілді. Торғай тегіс қоршалды.
Қарашаның алғашқы жартысында Торғай уезіндегі көтеріліс бүкілхалықтық сипат алды. 6 қараша күні көтерілісшілер шабуылды бастап, қаланың жартысын басып алды. Бірақ та зеңбірекпен атқылаған соң, шегінуге мәжбүр болды.  Қарашаның аяғына қарай көтерілістің негізгі тобы Торғайдан шегініп, Батпаққарада шоғырлануға мәжбүр болды. Патша әскери бас штабының бұйрығы бойынша  Казан әскери аймақтық майдан шегінен алынған. Бірнеше әскери бөлімдерден генерал Лаврентьевтің экспедициялық корпусын жасақтап, көтеріліс ауданына жіберілді. Ұлт-азаттық көтеріліске қатысқаны үшін 3 мың адам жауапқа тартылып, оның 201 өлім жазасына, 162 каторгаға айдалды.  Соған қарамастан айбалтамен, құсмылтық пен және басқа қарулармен қаруланған көтерілісшілер жазалаушылардың негізгі күшін қыспаққа алып, Торғайды айналасына 100 шақырым радиуспен қоршап алды.
22-23 ақпанда Доғал-Үрпек жазығында көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы соңғы рет ұрыс салды. 27 ақпанда жазалаушы отряд Торғай қаласына қарай шегініп, Доғал-Үрпек Батпаққара мекенін көтерілісшілер қолына тастап шықты.
1917 ж 8 наурызынан бастап Уақытша Үкіметтің А Имановпен оның сарбаздары жөніндегі істі тоқтату қаулысына қарамастан жергілікті үкімет өкілдері Аманкелдіні тұтқындауды талап етті.
1917 ж шілдесінде билер соты А Имановты 10 жылға Сібірге айдауға кесті.

Сурет керек пе
0 дауыс
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B3%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D1%96_%D0%98%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2
0 дауыс
Қай жылы туылған??????????
...