0 дауыс
1.9k көрілді
Тарих пәнінен керек еді ! 2001 жылы қандай тарихи оқиға немесе жаңалық болды?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
2011 жылы АҚШ-та 11-ші  қыркүйек оқиғасы болды.
"Әл-Каида" ұйымы АҚШ-та 2001 жыл 11-ші қыкүйектің он жылдығына орайластырып жаңа террорлық шабуылдар жасамақ болған

 “Әл-Каида” террорлық ұйымы АҚШ-тың темір жолында бірнеше жарылыс жасамақшы болған және оны 2001 жылы қыркүйектің 11-інде жасалған террорлық шабуылдың он жылдығына орайластыруды жоспарлаған. Бұл туралы “Әл-Каида” жетекшісі Усама бин Ладеннің Пәкістанда тұрған үйінен табылған деректерден мәлім болды деп хабарлады АҚШ арнайы қызметі өкілдері.

 Хабарламада “Әл-Каида” ұйымы мұндай шабуылдарды былтыр ақпан айында әзірлегені айтылған, алайда ондай дайындықтар жалғасып жатқаны туралы әзір деректер жоқ.

 Мамырдың 1-і күні АҚШ-тың арнайы әскери тобы Пәкістанда “Әл-Каида” жетекшісі Усама бин Ладенді өлтіргені туралы АҚШ президенті Барак Обама хабарлаған еді. Американың батыстағы одақтастары бин Ладеннің қазасы туралы жаңалықты оң қабылдап, бірақ оның өлімімен бірге “Әл-Қаида” жоғалып кетпеуі мүмкін деп ескертті.

 Бейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Нью-Йорктегі бұрын Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасы тұрған жердегі “Граунд зиро” ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, 2001 жылы 11-қыркүйектегі шабуыл құрбандарының туған-туыстарымен кездесті.

 АҚШ-та 2001 жылы қыркүйектің 11-і күні «Әл-Қаида» ұйымы тарапынан басып алынған екі жолаушылар ұшағы Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына келіп соғылып, егіз мұнараны қиратқан болатын. Әл-Қаида сондай-ақ Пентагон мен Пенсильвания жеріне шабуыл жасады. Бұл террорлық шабуылдардан 3 мыңдай адамның өмірі қиылды.

http://trinixy.ru/60982-ssha-do-i-posle-11-sentyabrya-20-foto.html
+1 дауыс
2001 жыл — Грегориан күнтізбесі бойынша аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбіде басталады. Кібісе жыл емес.
Бұл біздің заманымыздың 2001 жылы, III мыңжылдықтың 1 жылы, 21 ғасырдың 1 жылы, 21 ғасырдың 1-ші онжылдығының 1 жылы, 2000-ші жылдардың 2 жылы болып табылады.
...