Былайша айтқанда өз энергияңызды үнемдемейсіз, соның жетіспеушілігінен денсаулыққа әсерін тигізеді. 1) Алдымен өз күніңіздің жоспарын құруыңыз керек, соның ең басты жұмыстарыңызды белгілеп, сол жұмыстарды таңертең орындауға тырысыңыз. Өйткені таңертең ми ақпаратты жақсы және тез қорытады. Кешке көп демалыңыз, ұнайтын кітап оқып, фильм көріп (мотивациялық, комедия фильмдері) 2) Спортпен шұғылданып немесе жаттығулар жасауға тырысыңыз. 3) Менің ойымша ең бастысы бұл - позитивті ойлау, яғни қандай да жұмыс жасау кезінде, позитивті ойлауда болыңыз бұл жұмысты тез және сапалы орындауға мүмкіндік береді. Егер де уайымдап, маған әлі анау мынау істеу керек, наразылық білдірсеңіз одан да тез шаршайсыз, өйткені біздің әрбір сөзіміз өзімізге әсерін тигізеді, былайша айтқанда "не ойлаймыз, соны аламыз". Сізге жақсылық тілеймін! Барлығы өзіңіздің қолыңызда!