0 дауыс
473 көрілді
Жақында Samsung C3300 телефонын сатып алғанмын. Сенсорный экрна, флешка 4 гегабайт. Сол телефонды сатып алып жатқанда үстіне "подарок" есебінде бір Neo нөмірін қосып берді. Бірақ ол нөмір тек қалада ғана ұстайды дейді. Мен тұратын жер Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы ғой. Сонымен, үйге келе сала бірден компьютеріме отыра кетіп Neo-ның сайтын қарай бастадым. Ол нөмір жайлы жұрттардан естігенім бар болатын. "Почти тегін сияқты, сөйлескенге ақша аз жейді" деп кей біреулер айтушы еді осы Neo жайлы. Соны тастауға қимай сайтын қарап шықтым. Сосын сол сайттан "кері байланыс" жағын қарап админына электроны хат жолдадым өзімнің электронды почтамнан. Өзімнің тұратын ауданымды бәрін толығырақ жазып, нөмір маған қандай жолмен келгенін, ары қарай не істесем болады деп барлығын толықтырып орысшалап жазып жібердім. Дәл сол күні ауылға кетіп қалғанмын кешке қарай. Ертеңіне ауылда жатып сеть ұстайтын жер тауып алдым да соткаммен электронды почтамды тексере салып едім жауабы келіп тұр екен. Жауабы бойынша қазіргі уақытта Neo нөмірі қазақстанда енді дамып жатыр екен. Әлі біраз қалалар мен райондарға станциялары қойылмапты. Қазіргі бар станцияларын дамытумен қатар әлі станция қойылмаған қалаларға да станция қойып жатыр екен. Менің Шиеліме дейін осы 2011 жылдың соңына дейін станция қойылады дейді. Сол үшін нөмірді тастамай сақтап қоя салғаным дұрыс дейді:) Бұндай жауабына ырза болып қалдым да үйіме барған соң Neo нөмірін өзімнің дисктарым мен кітаптарым сақталып тұратын шкафқа нөмірді қорабымен бірге салып қойдым. Енді сұрақ: Neo нөмірі жайлы бар білетініңізді айтсаңыз. Және де сіздің тұратын қалаңыз қандай? Сіздің тұратын қалаңызда сол Neo нөмірі ұстай ма?

3 жауап

+2 дауыс
Менің тұратын жерім Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. Шалқарда Neo нөмірі ұстайды.

Ссылканы қоймағаның жөн еді. Ол сұраққа менің сұрағымның қатысы жоқ. Ол сұрақта қандай тариф жақсы делінген, ал менің сұрағымда Neo нөмірі қандай қаларда ұстайды делінген.

А, жарайды. Қазір аламын. Жай артық етпес деп қойғанмын.
+2 дауыс
Менде Нео номері 2008 жылдан бастап колданылып келдім! Ол Нео операторында Салем тарифі 1 минуттан сон тегін, 1 минуты 15 тенге,Ал мен Нео номерін қазір қолданбаймын,  қазір ол Нео операторы Теле-2 ауысыпты, , білетінім Алматы қаласында бар ,  Маған  туысым Теле 2 жане Дос деген номер акеліп берді, екеуін салыстыра келе Дос пайдалы болып шыкты, Дос операторында бір біріне тегін! Ал баска операторларга 15 тенге 2 минуттан сон 5 тенге, Тек 25 кун ішінде 300 тенге салып турсан болды, 300 олар жеп коймайды сенін номерінде калады , ол бірлікпен баска операторларымен сойлесу ушін, бірлік бітіп қалсада Дос ішінде сойлесуге болады! Дос Ауыл Қала барлық жерде устайды,,,, Ал теле -2, 11 тенге барлық операторларга, Теле 2 қазіргі жагдайда Қалада ғана устайды,,, Мен Тараз қаласында тұрамын, Мен тұратын қалада НЕО номері устайды, нео номері агентке кірсен активтенде аз бірлік алады, ал теле-2 билайн сиякты коп алады,,,,
0 дауыс
Осы нео нөмір болған еді менде бірер жыл бұрын, тегін тарифқа кіремін деп (неоның желісі ішінде тегін) басқа қалада тұратын апаммен байланысу үшін, сөйтсем әлгі тарифке кіргенім бар болсын, жаңа ғана салған 500 бірлігімді тұтасымен жұтып жіберіпті. Содан басқа абонентке де соға алмай, бірлік жетпейді деп апама да соға алмай бір жаман жағдайда қалып ем, актив секілді сұраным тегін я ақылы деп жазып қоймай ма екен деп қалдым...ішім удай ашып, 500 бірлігімнің бостан-босқа кеткеніне, қазір күлкім келеді(rofl)
...