Қазақтың байырғы қара есептері
Ерте, ерте, ертеде
Ерте, ерте, ертеде
Ешкі құйрығы келтеде
Қырғауыл деген қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен
Бір шал мен оның қара кемпірінің үш баласы болыпты. Ағайындылар жұмыртқа теріп ну қамысты Шалқар көліне барыпты. Жұмыртқа қызығына түсіп, оны тере беріпті, тере беріпті. Ақыры олар адасып кетіпті. Үлкені басқаларын күте-күте қарны ашқан соң , алып шыққан жез шәйнекке су құйып, жұмыртқаны толтыра салып , астына от жағып, бойы жылыған соң қисайса ұйықтап кетіпті. Әлден уақытта ортаншы келіп , шәйнектегі піскен жұмыртқаның үштен бірін жеді де ұйықтап қалды. Мұны білмеген кенже інісі де қалған жұмыртқаның үштен бірін жеп, қисая кетті. бір кезде үлкені оянса, екі інісінің ұйқтап жатқанын көрді. Оларды оятқысы келмей, өз сыбағасы – жұмыртқаның үштен бірін жеді. Сонда қалған жұмыртқа кімнің сыбағасы?
Шекпен киген қара мен мен қарқаралы хан
- Мейірімді алдияр! Өз бағыңыздан бір алма алуға рұқсат етіңіз, - деді. Хан алуға рұқсат етті. Қара баққа келсе, бақ үш рет қоршауға алыңған екен. Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұр.
Қара бірінші жасауылға келіп:
- Хан маған бір алма алуға мейірімділік жасады, - деді.
- Ал, бірақ шығарда алған алмаңның тең жартысын және бір алма бересің, - деді жасауыл.
Қақпадағы екінші және үшінші жасауыл да оған осылай деді. Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін, Қара бақтан неше алма алу керек?
Ақтоғай ауданы Қошқар селосының жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы
Серік Манас