+1 дауыс
9.6k көрілді
Биология пәнінен мектептен практикадан өткен студентке толық педагогикалық-психологиялық мінездеме керек?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Шиелі аудандық  білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Бауыржан Әлтайұлы  Әбішевке

Мінездеме

Әбішев Бауыржан Әлтайұлы  Қызылорда  қаласындағы Қорқыт-Ата атындағы мемлекеттік педагогикалық институттың жаратылыстану факультетінің химия – биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша 1994 жылы бітіріп      алғашқы еңбек жолын 1994 жылы аудандық Жас натуралистер   станциясында ұйымдастырушы-педагог болып бастады. 1995 жылы аудандық Тәрбие орталығының әдіскері болып қызмет атқарды. 1999-2005 жыл аралығында аудандық оқушылар үйі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері қызметін атқарып келеді.

Б.Әбішев әдістемелік жұмыстарында елеулі жұмыстар атқарып келеді. Ауданымыздағы мектептен тыс жұмыстардың белсенді ұйымдастырушысы. Қосымша білім беру саласында өз педагогикалық шеберлігімен нәтижелі жұмыс атқарып халақаралық, республикалық жарыстарда оқушылары жүлделі орындардан көрінген. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетіп, кәсіби дамуына жол аша алады. Ауданымызда ең алғашкылардың бірі болып оқушылармен зерттеу жұмысын жүргізді. Ауданымызда Оқушылар ғылыми қоғамдарының ашылуына ұйытқы болып жұмыстарын жандандыру үстінде. Осы жұмыстың жемісі, мектеп  оқушылары Алматы, Тараз, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда  қалаларында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға көптеп тартып облыстық, республикалық, халықаралық іс-шараларда жүлделі орындардан көрінуде.
Білім қызметкерлерінің  арасында кәсіби байқаулар, кәсіби іс шараларды  өз деңгейінде ұйымдастырып өткізуде. Мұғалімдердің шығармашылық өсуіне әдістемелік көмектер көрсетіп келеді. 
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын дәстүрлі облыстық Тәжірибе алаңына  2006-2010 жылдар аралығында топ жетекшілік жасап жалпы  ауданымыздың  жоғары деңгейде көрінуіне  үлкен үлесін косуда. Топ жетекшілікпен қатар өзі де әдсітемелік бағытында жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып 2010 жылы қазан айында өткен Тәжірибе алаңы қорытындысы бойынша «Алаң жұлдызы» номинациясымен марапатталған.  Облыс Әкімінің дәстүрлі грант  жүлдегерлерін соңғы төрт жылда дайындап  нәтижесінде 11 білім қызметкері марапатталған.
Бауыржан «Баршаға білім беру» жаһандық қозғалысының аудандық үйлестірушісі болып жұмыстар атқаруда. Үйлестірушілік жұмыстары үшін Қызылорда облыстық білім қызметкерлерінің біліқтілігін арттыру институтының Алғыс хатымен марапатталған. «Дарын» РҒПО-ның зияткерлік марафондарының, халықаралық  PISA, TIMSS  салыстырмалы  зерттеу жұмыстарының  аудандық үйлестірушісі қызметтерін  жауапкершілікпен атқаруда.

Кәсіби байқауларға белсене қатысып, аудандық, облыстық, республикалық конкурстардың жүлдегері атанды. Б.Әбішев - көпшілікпен тез тіл табысып, өзінің кәсіби білімі мен біліктілігін шығармашылықпен ізденістер жолында таныта білген заман талабына сай әдіскер.

Табиғатқа шын жанашыр бола жүріп, оқушылардың экологиялық мәдениетінің  қалыптасуы  бағытында жұмыстар атқарып республикалық, халықаралық конференция, форумдарға оқушыларды дайындауға мұғалімдерге көмек көрсетуде. Әдіскер еңбегінің нәтижесі  2010 жылы аудандық білім бөлімі   Рессей федерациясының  Президентінің жұбайы Халықаралық ғылым академиасының академигі М.В.Медведеваның Алғыс хатымен марапатталды.

Зерттеу жұмысымның аясында авторлық бағдарлама, экодидактикалық ойындар, әдістемелік баяндамалар әзірлеп облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі кәсіби іс-шараларға қатысып ғылыми жинақтарға енумен қатар БАҚ-да еңбектері жарияланды. Осымен қатар облыстық, республикалық  кәсіби бауқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленді. 

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мекеменің өрлеуіне елеулі үлесін қосып келеді.
Өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, тиісті тапсырмаларды дер кезінде ұқыпты орындай алады.
Білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстары мен тәуелсіз еліміздің болашақ иелерін тәрбиелеуде Бауыржанның алдағы уақытта әлі де жемісті еңбек етіп, берері көп деуге сенім мол.

Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы                                         Қ.К.Оңғаров
 
3.05.2011 жыл

+1 дауыс
Сенің кім екеніңді білмесек саған қандай мінездеме таңдамақпыз, мақтайық па?
ия мактап жазылган керек 4 курс студентине биология мамандыгы бойынша
...