0 дауыс
11.7k көрілді
63 жасқа құттықтауды қайдан тапсам болады?

2 жауап

0 дауыс
"Алпыс-талтүс" деп жатамыз кәдімгі,
Жылжыр жылдар өзгерпесе де бәріңді.
Үш жыл қоссақ Пайғамбар жасы шықпай ма?
Мойындатар шын ақиқат бәріңді !
0 дауыс
Ұл-қызының сезінумен арманын,

Ойлайтұғын әке-асқар тау жан-жағын.

Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз

Әкеміздің 63-ке толғанын.

Әрбір белес,әрбір асу,ол-бір із,

Қашанда да жақсылыққа сендіңіз.

Өмір-жолда бізге өнеге,үлгі боп,

Міне,Сіз де 63-ке келдіңіз.

Жүрді ме өмір перзенттерге алаң ғып,

Бір біз үшін әр кезде,Әке,бағаң нық.

Сан жолдарды көрсетті ме сізге ыстық-

Темір тұлпар тізгіндеткен мамандық.

Ақтара алсақ ақ тілектің сандығын,

Шаттық ойнап атсыншы аппақ таң бүгін.

Құтты болсын,Әке,туған күніңіз,

Тілейміз біз жан мен тәннің саулығын!

Өткен шақтан қалды сізге бүгін із,

Сәтті күндер болсын әрбір күніңіз.

Балалардың қызықтарын қызықтап,

Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Ұға алғанбыз әке-асқар тау еңбегін,

Болмасыншы отбасында,елде мұң.

Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз

Әкеміздің 63-ке келгенін.

Биік,Әке,сіздің бізге бағаңыз,

Әр белестен,әр асудан қалады із.

Құттықтайды бүгін Сізді ұлыңыз,

Қос қызыңыз және күйеу балаңыз.
...